Пайдаланушының авторизациясы

ҚҰРМЕТ ТАҚТАСЫ

Prev Next

«Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» облыс…

11-12-2020

І орын иегерлері:Тамира ЖанатБаянауыл ауданының Ш. Айманов атындағыжалпы орта білім беру мектеп интернаты Андрей РусскихДиана КорольковаПавлодар қаласының №16 лицей-мектебі Ерəли ЖұмабекПавлодар қаласының №19 ЖББОМ Диана АлькееваДарынды балаларға арналған мамандандырылған№1 мектеп-лицейі Томирис СапароваДарынды балаларға арналған...

«Біз ұмытпаймыз...» облыстық бейнероликт…

12-05-2020

I орын Аққулы ауданының Потанин ЖОББМ 9 сынып оқушысы Жексен Әнел Ақтоғай ауданының Қ.Ыдырысов атындағы ЖББМ 9 сынып оқушысы Камалиден Алибек ІІ орын Павлодар қаласының № 21 ЖОББМ 9 сынып оқушылары Картунов Богдан,...

«Болашаққа бағдар» облыстық бейнероликте…

24-12-2019

Гран-приҚазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжі 1 курс студенті Орманбай АрайлымЖелезин ауданының Славянов ЖББНМ 9 сынып оқушысы Лисс Рита I орын Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ 11 сынып оқушысы Садвокасова Айдана Железин...

«Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық…

24-05-2019

«Жаратылыстану–математикалық пәндер»  бағыты1 орынПавлодар қаласының Мұхтар Әуезов ат. №42 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Замира Шамуритовна ЭргашоваЕртіс ауданының Қосағаш ЖОББМ физика пәні мұғалімі Айгерим Назымбековна Идрисова2 орынПавлодар қаласының Б.Момышұлы ат. №22...

6-9 сынып оқушылары арасында программала…

29-03-2019

I орынПавлодар қ. №39 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Ксения Гусак Дарынды ер балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Анай ҚасымханПавлодар қ. №34 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Максим КолодинДарынды балаларға...

«The Best Mobile App – 2018» облыстық мо…

21-12-2018

I орын Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің оқушысы Давид Полищук II орын Павлодар қаласының №19 ЖОББМ оқушысы Мейірхат Тұрсынхан III орын Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Мирас Мнайдаров «Үздік дизайн» номинациясы «Зерде»...

«Болашаққа бағдар» облыстық бейнероликте…

10-12-2018

  I орынДарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Адина ЗариповаДарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Аяла Қайырбек   ІІ орынПавлодар қаласының №34 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Салават Хисматулин Павлодар...

«Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық…

26-11-2018

«Жаратылыстану–математикалық пәндер»  бағыты 1 орын«Жас Дарын» мамандандырылған мектебінің химия пәнінің мұғалімі Айдар Аблаевич ШайхимовДарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі Мадина Николаевна Карагаева 2 орынЫ.Алтынсарин ат. гимназия-интернатының информатика пәнінің мұғалімі...

«Ақпараттық коммуникациялық технологиял…

02-11-2018

І орын иегерлері: Екібастұз қаласының №13 ЖОББМ мұғалімі Светлана Николаевна Николаенко  Май ауданының Малайсары ЖОББМ мұғалімі Гульден Сансызбаевна Жумабекова Облыстық көп салалы лицей-интернатының мұғалімі Гульнар Багимовна Нургазина  Ақсу қаласының Үштерек ОМ мұғалімі Серикжан Байкен  Павлодар қаласының №16лицей-мектебінің мұғаліміНаталья...

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК БІЛІМ …

15-06-2018

  I орынМай ауданының білім бөліміhttp://r.educ.kz   Жас дарын мамандандырылған мектебіhttps://zhasdaryn.kz   Май ауданының А.Иманов ат.ЖОББЛМhttp://imanov.educ.kz/   Павлодар технологиялық колледжіhttp://www.gpptk.kz   II орынЛебяжі ауданының білім бөліміhttp://lebroo.gov.kz   Дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебіhttps://pvlabai10.edu.kz   «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубыhttps://goo.kz/index/fromorg/123   Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледжіhttp://college.ineu.edu.kz/kz/   III...

САЙТ АНАЛИТИКАСЫ

Бүгін1
Кеше62
Апта551
Ай908
Барлық күндері375820

КҮНТІЗБЕ

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

 

2016

Сейсенбі, 27 Желтоқсан 2016

«Жасай бер, Қазақстаным!» атты облыстық бейнероликтер конкурсы

І орын

Океш Маржан, Балғай Азамат Маратұлы – Май ауданының

Малайсары ЖОББМ мұғалімдері
Козлова Юлия Александровна- Павлодар қаласының

№ 9 гимназия-мектебінің оқушысы

ІІ орын

Жунусова Гульден Муратовна – Екібастұз қаласының

№ 17 ЖОББМ мұғалімі

Сарымова Снежана Талгатовна – Железин ауданының № 2 ЖОББМ оқушысы

ІІІ орын

Анзельм  Наталья Валентиновна – Железин ауданының

МихайловкаЖОББМ мұғалімі 

Туленова Гульдана, ЖүнісбековаАяулым – Павлодар қаласының

Б.Ахметова ат. педагогикалық колледжінің оқушылары

Read more

Дүйсенбі, 26 Желтоқсан 2016

«Жасай бер, Қазақстаным» атты облыстық бейнероликтер конкурсы

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында  Павлодар облысы білім беру басқармасы, ақпараттық технологиялар орталығы «Жасай бер, Қазақстаным» атты облыстық бейнероликтер  конкурсын  өткізді.
Конкурстың мақсаты – жастардың әлеуметтік белсенділігі мен қазақстандық патриотизмды қалыптастыру, Қазақстанның тарихын білуді, еліміздің даму және жетілдіру жолдарын іздеуді ынталандыру.
       Облыстық конкурс  2016 жылғы  1 - 15  желтоқсан аралығында сырттай екі бағыт бойынша өтті:
- жалпы білім беру мектептері мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқушыларының бейнероликтері;
- жалпы білім беру мектептері мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мұғалімдерінің бейнероликтері.
Облыстық конкурсқа 73 жұмыс ұсынылды. Соның ішінде:
оқушылар арасында 47 жұмыс (№10 мектеп-лицей-2, Павлодар қаласы – 15, Екібастұз  қаласы-1, Баянауыл ауданы-1,  Железин-17, Ертіс-1, Май-4,  Павлодар  ауданы-1, педколледж - 5);
мұғалімдер арасында 26 жұмыс (Павлодар қаласы– 1, Екібастұз қаласы-2, Успен -1,  Шарбақты-2, Май-6, Железин-6, Ертіс-2, Качир-2, Лебяжі-1, Павлодар бизнес-колледжі-1, Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі-1, Павлодар  педколледжі-1).
            Қазылар алқасы бейнероликтердің мазмұнына қойылған талаптарға сәйкес сараптау жүргізіп, бағалады. Конкурстың қорытындысы бойынша  
    І  дәрежелі Диплом иегерлері: Май ауданы  Малайсары орта мектебінің мұғалімдері Океш Маржан, Балғай  Азамат Маратұлы мен Павлодар қаласы № 9 мектеп-гимназияның оқушысы Юлия Александровна  Козлова;
    ІІ  дәрежелі Диплом иегерлері: Екібастұз қаласы № 17 ЖОББМ  мұғалімі Гүлден Мұратқызы Жүнісова мен  Железин ауданы № 2 Железин ОББМ оқушысы  Снежана Талғатқызы Сарымова;  
    ІІІ  дәрежелі Диплом иегерлері: Железин ауданы Михайловка ЖОББМ  мұғалімі Наталья Валентиновна Анзельм және Б. Ахметов атындағы Павлодар педколледжінің оқушылары  Гүлдана Туленова мен  Аяулым Жүнісбекова.

Read more

Жұма, 09 Желтоқсан 2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Тарих жолдарымен» облыстық мобильді қосымшалар конкурсының жеңімпаздары

І орын

Азамат Маратұлы Балғай

Май ауданының Малайсары ОББМ

Айдар Абдрахманов, Дарья Ерохина, Дарья Демиденко

Павлодар қаласының №17 ЖОББМ

 

ІІ орын

Гүлдана Қазболатқызы Теміржанова, Сания Манатқызы Жақсымбетова, Салтанат Жұмабекқызы Байбакирова, Дидар Темірғалиев

Май ауданының Қазан орта мектебі

Бектемір Тұрсынов

Павлодар бизнес-колледжі

 

ІІІ орын

Талғат Теміржанұлы Жалпаков

Павлодар бизнес-колледжі

Арман Искаиров

Екібастұз қаласының № 9 мектебі

Read more

Сейсенбі, 06 Желтоқсан 2016

«Тарих жолдарымен» облыстық мобильді қосымшалар конкурсы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында облыстық ақпараттық технологиялар орталығы «Тарих жолдарымен» атты облыстық мобильді қосымшалар конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты – патриоттық тәрбие жүйесін дамытуға ықпал ететін іздестіру-зерттеу қызметтерін насихаттау, бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу аясында инновациялық технологиялардың рөлін көтеру, мобильді платформалардың қосымшаларын бағдарламалау және дизайндеу аясында оқушылардың білімі мен қабілеттілік деңгейін көтеру.
Облыстық конкурс 2016 жылғы 1 қазан мен 2 желтоқсан аралығында білім беру мекемелерінің оқушылары мен мұғалімдері арасында өтті.
Әдістемелік және техникалық талаптарына сай толтырылған өтінімдер мен жұмыстар 2016 жылғы 1-25 қараша аралығында ұйымдастыру комитетінің konkurscit@bk.ru электрондық мекенжайы бойынша қабылданды.
Облыстық конкурсқа 19 жұмыс ұсынылды. Қазылар алқасы 2016 жылғы 28-30 қараша аралығында қатысушылар жұмыстарының мазмұнына қойылатын критерийлеріне сәйкес сараптау жүргізіп, бағалады.
Облыстық конкурстың ең үздік жұмыстарын анықтайтын критерийлері:
жобаның идеясы, функционалдығын өтей алатындығы;
әлеуметтік маңыздылығы;
идеяның ерекшелігі;
жұмыс қабілеттілігі, техникалық жүзеге асуы;
қолданысқа тиімділігі және дизайны.
«Тарих жолдарымен» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған облыстық мобильді қосымшалар конкурсының қорытындысы бойынша 6 жұмыс авторлары жеңімпаз атанды.
І дәрежелі Диплом иегерлері: Май ауданының Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Азамат Маратұлы Балғай мен Павлодар қаласының №17 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Айдар Абдрахманов, Дарья Ерохина, Дарья Демиденко.
ІІ дәрежелі Диплом иегерлері: Май ауданының Қазан орта мектебінің мұғалімдері: Гульдана КазболатовнаТемиржанова, Сания Манатовна Жаксымбетова, Салтанат Жумабековна Байбакирова, Дидар Тулеуович Темиргалиев және Павлодар бизнес-колледжінің о қушысы Бектемир Турсынов.
ІІІ дәрежелі Диплом иегерлері: Павлодар бизнес-колледжінің мұғалімі Талгат Темиржанович Жалпаков пен Екібастұз қаласының №9 мектебінің оқушысы Арман Искаиров.

Read more

Жұма, 02 Желтоқсан 2016

АКТ-құзыреттілікті арттыру

    2016 жылғы қараша айының 28-29 аралығында мұғалімдердің АКТ-құзыреттілігін арттыру мақсатымен облыс білім беру басқармасы ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен «AutoPlay Media Studio 8 бағдарламасы арқылы электрондық оқулық құрастыру» атты тақырыбы бойынша оқыту семинары өткізілді.
    Семинар тыңдаушыларына бағдарламаның белсенді мультимедиалық қосымшалары мен электрондық құрал құрастыру сияқты негізгі мүмкіндіктері көрсетілді.  Интерактивті тапсырмалар орындау барысында тыңдаушылар негізгі скриптерді құрастыру әдісін меңгерді. Мұғалімдер семинар барысында жиі орындалатын әрекеттерді автоматтандыруға мүмкіндік туғызатын, қосымша модульдер-плагиндермен танысты.
    Тәжірибе жүзінде тыңдаушылар AutoPlay Media Studio 8 бағдарламасы ортасында өз пәндері бойынша электрондық құрал құрастыруды меңгерді.

Read more

Интербелсенді тәсілдер арқылы сабақтарды көрнекілендіру

    Мұғалімдер алдында  қарқынды дамумен және  жоғары бәсекелестікпен ерекшеленетін жаһандық қоғамдастық барысында   оқушыларды дайындайтын  маңызды міндеттер  қойылуда. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін 2016 жылдың 28-30 қараша аралығында  Павлодар  облыстық ақпараттық технологиялар орталығы  «ActivInspire бағдарламалық қамтамассыз етудің интерактивті құралдарының мүмкіндіктерін оқыту үдерісінде пайдалану» тақырыбы бойынша тұрақты өткізілетін оқыту семинарын өткізді.
    Семинарда  мұғалімдер  оқытудың шығармашылық ортасына  монолог түрінде түсіндіру арқылы интербелсенді құралдардың көмегімен оқушылардың назарын аударып және  өздігінен табысқа жетуге  еркіндік беріп,  қалыпты сабақтарды  түрлендіретін  дағдыларымен танысты.

Read more

Сейсенбі, 22 Қараша 2016

Қазақстанда алғашқы рет "Дрондар жарысы"өтеді

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 - жылдығы шеңбернде 2016 жылғы 16 желтоқсанда "Барыс Арена" астаналық мұз сарайында Drone Racing Kazakhstan дрондар жарысы бойынша алғашқы республикалық чемпионат өтеді. Жарыстардың негізгі мақсаттары - робототехника мен пилотсыз ұшатын аппараттарды дәріптеу, балалар мен жасөспірімдердің ғылыми - зерттеу жұмыстарын қолдау.
Ең үздік пилот атағы мен бас бәйгесі - 1 миллион теңгеге - республикамыздың барлық аймағының жарысушылары күш салысады. "Дрондар жарысын" аңызға айналған "Формула-1"-мен салыстыруға болады, бірақ дрондар жарыс трассасын үш өлшемді өлшеуішпен өтеді, бұл жерде жарысушылар трасса аумағы бойынша жылдамдыққа ұшу керек. Біздің елімізде осындай деңгейдегі жарыстар алғашқы рет өтуде. Сөзсіз, сол сияқты техникалар әлеуетті әзірлеушілердің қызығушылығын оятады.
Чемпионаттың өту барысында пилотсыз ұшатын аппараттардың және Drone Expo Kazakhstan 2016 робототехниканың көрмесі өтеді. Келушілер дрондардың алуан түрлі үлгілерін көре алады, әуесәнгерлер мен роботоөнімдер көрмесін тамашалап, пилотсыз ұшатын аппараттардың алуан түрлі үлгілерінің ерекшелігі мен құрылысы туралы біле алады, мастер- кластарда қатысып, жас робототехника клубының ұсынысына баға бере алады. Чемпионатты "Роботтар жарысы" мен қазақстандық эстраданың жұлдыздары аяқтайды.
Дрон-рейсинг көпшілікті қызықтырып, әлем чемпионатының деңгейіне жетті. Сондықтан Drone Racing Kazakhstan жеңіске жету - келешекте біздің елімізді халықаралық жарыстарда таныстыратын Қазақстан жарысушылардың Ұлттық құрама командасына кіру мүмкіндігі болып табылады.

 

Толығырақ: https://tengrinews.kz/progress/v-kazahstane-vpervyie-proydut-gonki-dronov-306536/

 

e8510c6192c81292199ad167500fdcf4

 

Read more

Сәрсенбі, 16 Қараша 2016

Жұма, 11 Қараша 2016

«BilimLand», «iTest» және «iMektep» білім беру платформалары

    2016 жылғы 10-11қараша аралығында Павлодар қаласының № 7  орта білім беру мектебінде облыстық  ақпараттық технологиялар орталығы мен «Bilim Media Group» ЖШС «BilimLand» білім беру платформасы, «iTest» ҰБТ-ға дайындық жүргізу бағдарламасы бойынша виртуалды  оқыту кешені  және  «iMektep» - аудиовизуалды шығарма - анимациялық  фильм оқыту порталдар арқылы әдістемелік қамтамасыздандыру туралы Қазақстан Республикасы

Read more

Бейсенбі, 10 Қараша 2016

«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсының жүлдегерлері

«Оқыту-тәрбиелеу процесінде интербелсенді тақтаның бағдарламаларын және аппараттық құралдарын қолдану» бағыты

1 орын - Елизавета Георгиевна Ифандопуло (Облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернаты)
2 орын - Гульжанат Темирбековна Арынова (Лебяжі ауданының Жаңатаң мектебі)
3 орын - Айнагүл Жанболатқызы Даирова (Лебяжі ауданының Малыбай жалпы орта білім беру мектебі)

 

«Жалпы білім беру ұйымдарын басқарудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты
1 орын - Ерлан Туктагулович Марзатаев (Павлодар қаласының №20 лицей-мектебі)
2 орын - Ардак Женисовна Кабасова (Павлодар бизнес-колледжі)
3 орын - Бибигуль Коныровна Мухтизарова (Павлодар қаласының №9 жалпы орта білім беру гимназия-мектебі)

 

«Оқыту процесін мультимедиалық қамтамасыздандыру» (мұғалімдер арасында) бағыты
1 орын – Бибигуль Сапаровна Жумашева, Елиавета Васильевна Бузунова, Марица Викторовна Зорилэ, Татьяна Васильевна Щегляева (Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп- интернат кешені)
1 орын – Айнур Алтынсариновна Сыздыкова (Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты)
2 орын – Айгуль Корганбековна Магазова, Дастан Аманбаевич Магазов (Ақсу қаласының Қ. Камзин ат. жалпы білім беру мектебі)
2 орын – Оспанова Гульмира Шамуритовна (Павлодар қаласының №1жалпы орта білім беру мектебі)
3 орын – Зауреш Алтынбековна Аймолдина, Дамегуль Уахитовна Жунусова (Железин ауданының Жаңа жұлдыз жалпы білім беру орта мектебі)

 

«Оқыту процесін мультимедиалық қамтамасыздандыру» (оқушылар арасында) бағыты
1 орын – Дильназ Кабдолла (Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы)
2 орын - Айша-биби Зейнуллинова, Султан Нуркенов (Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты)
3 орын – Ғабдылғазиз Жағыпар (Май ауданының Көктөбежалпы орта білім беретін мектебі)

 

«Оқу үдерісін бағдарламалық қамтамасыз ету» (мұғалімдер арасында) бағыты
1 орын Айдар Абылаевич Шайхимов, Зура Доланбековна Кенжебаева (Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі)
2 орын Гулчехра Асановна Токсанбаева (Павлодар қаласының №9 жалпы білім беру гимназия-мектебі)
3 орын - Анастасия Петровна Прудникова (Железин ауданының Буденовка жалпы негізгі білім беру мектебі)

 

«Оқу үдерісін бағдарламалық қамтамасыз ету» (оқушылар арасында) бағыты
1 орын – Умиджон Турдикулов (Павлодар техникалық сервис колледжі)
3 орын – Нұрбек Дулат, ДаниярХасенов (Павлодар қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебі)
3 орын – Әділ Қайрден (Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі)

 

 

«Жаңа ақпараттық технологияларды қолданатын оқу-әдістемелік кешендер» бағыты
1 орын - Айбек Камиль (Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебі)
2 орын - Қ.М.Байдарбесова, Ж.Е. Жангабулова (Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия – интернаты)
3 орын - Арайлым Қонақбайқызы Бексейітова, Айгүл Сәбитқызы Қабдрақышева, Әсем Геннадийқызы Қайырбаева Әлия Сәбитқызы Жумабаева (Павлодар қаласының №16 лицей мектебі, №13 ЖОМ, №11 ЖОМ)

 

«Web-сайт – білім беру ұйымдарында оқыту әрекеттерін ақпараттық және интернет желісі арқылы оқу үдерісі мен тәрбие жұмыстарын жүргізу қорларын қолдау құралы» бағыты
1 орын - Ирина Михайловна Жукова, Артур Олегович Давыденко (Качир ауданының Песчан№1 жалпы орта білім беру мектебі)
2 орын - Серикгул Мурат (Май ауданының Жалтыр жалпы орта білім беру мектебі)
3 орын - Кунсулу СеитқызыЧужаева( Железин ауданының Железин №3 жалпы орта білім беру мектебі)

 

«Педагогикалық қызметкерлердің тақырыптық сайттары» бағыты
2 орын - Илья Олегович Поляков, Татьяна Алексеевна Савченко (Павлодар қаласының №34 жалпы білім беру мектебі)

 

«Үздік ақпараттық сайт» номинациясы
Ольга Евгеньевна Рыжнева (Железин ауданының №2 жалпы білім беру мектебі)

 

«Әдіскер мұғалім» номинациясы
Берик Кабиболлаевич Жаканов (Железин ауданының Еңбекші жалпы орта білім беру мектебі)
Майра Бағдатовна Қасыбаева, Айсана Қайратқызы Қайрат, Даметкен Камариденовна Кенжебаева (Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия – интернаты)
Альбина Сансызбаевна Сулейменова, Анар Ерболатовна Кумарова (Павлодар қаласының №16 лицей-мектебі)
Лариса Владимировна Скакова (Успен ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті)

 

«Жаңашыл мұғалім» номинациясы
Дулат Боранбаевич Омаров (Павлодар қаласының №17 жалпы орта білім беру мектебі)
Нұргүл Шалабайқызы Азанбаева, Гүлбану Қаирбекқызы Капбасова, Әсемгүл Жиксимбайқызы Уныйбаева (Павлодар қаласының №33 жалпы орта білім беру мектебі)
Александр Иванович Милащук, Дмитрий Олегович Степанов (Шарбақты ауданының Красиловка жалпы білім беру мектебі, Качир ауданының Песчан №2 жалпы білім беру мектебі)
Райса Мендешевна Бураханова, Елена Александровна Серикова, Алевтина Михайловна Гурина, Лилия Юрьевна Дементьева (Павлодар қаласының №39 жалпы орта білім беру мектебі)
Карлыгаш Садвакасовна Шарипова, Жанат Галымжановна Орынтаева, Балжан Руслановна Байкежанова (Железин ауданының Жаңа жұлдыз жалпы білім беру орта мектебі)
Зарина Талаповна Айдарханова (Железин ауданының Жаңа жұлдызжалпыбілім беру орта мектебі)

 

«Зерттеуші мұғалім» номинациясы
Лариса Геннадьевна Язенко, ГульжиханЕрмековнаЖакупова (Павлодар басқару колледжі)
Анна Владимировна Проскокова, Екатерина Александровна Ковина (Павлодар қаласының № 39 жалпы негізгі білім беру мектебі)
Мария Николаевна Лизунова (Железин ауданының Т.П. Праслов ат. Прииртышск жалпы орта білім беру мектебі)
Айгерим Еркеновна Абенова, Салтанат Бахитовна Тулебаева (Павлодар қаласының М. Әуезов ат.№ 42 жалпы білім беру мектебі)

 

«Бағдарламашы мұғалім» номинациясы

Гульнар Багимовна Нургазина (Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты)
Алмас Сансызбаевич Серикбаев, Сандугаш Сагитовна Оспанова (Павлодар қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебі)

 

«Үздік интерактивті құрал» номинациясы
Шолпан Калямовна Алыкпашова (Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты)
Светлана Александровна Олейник (Павлодар бизнес-колледжі)
Марина Валерьевна Матвеева (Павлодар қаласының №26 жалпы орта білім беру мектебі)

 

«Бағдарламашы оқушы» номинациясы
Мансур Каримов (Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты)
Нурсултан Лайыков (Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандырылған гимназиясы)

 

«Жаңашыл оқушы» номинациясы
София Клочкова, Сергей Федоринин (Павлодар қаласының №16 лицей-мектебі)

 

«Зерттеуші оқушы» номинациясы
Маргарита Мигачева (Павлодар қаласының №16 лицей-мектебі)
Марлен Оразбаев (Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты)

 

«Талапты оқушы» номинациясы
ЖанельАмангельдинова (Май ауданының Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебі)

Read more

Дүйсенбі, 07 Қараша 2016

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсының қорытындысы

 

   2016 жылғы 4 қарашада  Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінде  білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы дәстүрлі «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсының ақтық кезеңін өткізді.

    Конкурс білім беру үдерісінде қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда инновациялық тәсілдерді анықтап таратуға, облыс білім беру мекемелерін инновациялық іс-әрекетке ынталандыруға бағытталған.
     Облыстық конкурсқа  ұсынылған 150 жобаның  (Павлодар  қ.–46, Аксу қ. -5, Екібастуз қ. -1, Баянауыл ауданынан -1, Железин -33, Ертіс -1, Качир -11,  Лебяжі -3, Май -11,  Павлодар-2, Успен- 3, Щербакты -4, мамандандырылған  мектептерден -19, ТжКБ-10)  132 жұмысы ақтық кезеңіне өтті.   
    Конкурс комиссиясы Павлодар қаласының жоғарғы оқу орындарының  өкілдерінен құрылған: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының  ақпараттық білім беру орталығының директоры Сержан Еғламбекұлы Каппаров, техникалық ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының информатика кафедрасының меңгерушісі Асен Жетпісбайұлы Асамбаев, «Өрлеу» Ұлттық біліктілігін арттыру орталығы» АҚ филиалы ақпараттық технологиялар орталығының жетекшісі, «Информатика» мамандығы бойынша  жаратылыстану ғылымының  магистры Ардақ Болатқанқызы Закарьянова, Торайғыров атындағы  ПМУ математика мен ақпараттық технология кафедрасының аға оқытушысы Галина Михайловна Ткач.
        Конкурс  9  бағыт бойынша өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша  39 жоба авторлары жеңімпаз атанды.
    І  дәрежелі Диплом иегерлері: облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатының  мұғалімі  Елизавета Георгиевна  Ифандопуло, Павлодар қаласының №20 лицей-мектебінің мұғалімі Ерлан Туктагулович  Марзатаев, музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп- интернат кешенінің мұғалімдері: Бибигуль Сапаровна Жумашева, Елизавета Васильевна Бузунова, Марица Викторовна Зорилэ, Татьяна Васильевна Щегляева және облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының мұғалімі Айнур Алтынсариновна Сыздыкова, Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің мұғалімдері Айдар Абылаевич Шайхимов, Зура Доланбековна Кенжебаева, Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы оқушысы Дильназ Кабдолла, Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімдері Айбек Камиль  және де  Качир ауданы  Песчан №1 жалпы орта білім беру мектебінің web-сайты.
    ІІ  дәрежелі  Диплом иегерлері: Лебяжі ауданының Жаңатаң мектебінің мұғалімі Гульжанат Темирбековна  Арынова, Павлодар бизнес-колледжінің оқытушысы Ардақ Женисовна Кабасова, Ақсу қаласының Қ. Камзин атындағы жалпы білім беру мектебінің мұғалімдері Айгуль Корганбековна Магазова, Дастан Аманбаевич Магазов және Павлодар қаласының  №1 ЖОМ мұғалімі Гульмира Шамуритовна Оспанова, Павлодар техникалық сервис  колледжінің оқушысы Умиджон Турдикулов, Павлодар қаласының №9 жалпы білім беру гимназия-мектебінің  мұғалімі Гулчехра Асановна Токсанбаева, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушылары Айша-биби Зейнуллинова, Султан Нуркенов,  Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия – интернатының мұғалімдері Қымбат Маратқызы Байдарбесова, Жазира Ералиевна  Жангабулова, Павлодар қаласының №34 жалпы білім беру мектебінің мұғалімдері Илья Олегович Поляков, Татьяна Алексеевна Савченко және де Май ауданының Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің web-сайты.
    ІІІ дәрежелі  Диплом иегерлері: Лебяжі ауданының Малыбай  жалпы орта білім беру мектебінің  мұғалімі Айнагүл Жанболатқызы Даирова,  Павлодар қаласының №9 жалпы орта білім беру гимназия-мектебінің мұғалімі Бибигуль Коныровна Мухтизарова, Железин ауданының Жаңа Жұлдыз жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімдері Зауреш Алтынбековна Аймолдина, Дамегуль Уахитовна Жунусова, Павлодар қаласының №19 жалпы орта  білім беру мектебінің оқушылары Нұрбек Дулат, Данияр Хасенов және  Павлодар қаласының мамандандырылған мектебінің оқушысы Әділ Қайрден, Железин ауданының Буденовка жалпы негізгі білім беру мектебінің мұғалімі Анастасия Петровна Прудникова, Май ауданының  Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Ғабдылғазиз Жағыпар, Павлодар қаласының  №16, №13 и №11 ЖОМ   мұғалімдері Арайлым Қонақбайқызы Бексейітова, Айгүл Сәбитқызы Қабдрақышева, Әсем Геннадийқызы Қайырбаева, Әлия Сәбитқызы Жумабаева және де Железин ауданының Железин №3 жалпы орта білім беру мектебінің web-сайты.
      Конкурс жеңімпаздары білім беру басқармасының Дипломдарымен және  құнды сыйлықтарымен марапатталды.

Read more

Жұма, 04 Қараша 2016

Дүйсенбі, 31 Қазан 2016

«Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсы іріктеу кезеңінің қорытындысы

          Білім беру басқармасы мен ақпараттық технологиялар орталығы білім беру үдерісінде қазіргі  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда инновациялық тәсілдерді  анықтау және тарату мақсатында  2016 жылғы  5 мен 28 қазан аралығында  «Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар білім  беруде» облыстық конкурсының іріктеу кезеңін өткізді.
        Облыстық конкурсқа  150 жоба ұсынылды.  Соның ішінде:  Павлодар  қ.  – 46 жоба , Аксу қ. - 5, Екібастуз қ. - 1, Баянауыл ауданынан - 1, Железин ауданынан - 33, Ертіс ауданынан - 1,  Качир ауданынан - 11,  Лебяжі ауданынан - 3, Май ауданынан - 11,  Павлодар ауданынан - 2, Успен ауданынан - 3, Щербакты ауданынан - 4,  мамандандырылған мектептерден -19, ТжКБ - 10.  132 жоба ақтық кезеңіне өтті (Хаттама №1).  
         Іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар 2016 жылғы 4 қараша күні ақтық кезеңде Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінің базасында өз  жобаларын қорғайды.
Тіркелу: сағат 9.00-ден 10.00-ге дейін
Жүлделі орынға иеленгендер білім беру басқармасының  дипломдары  мен  бағалы  сыйлықтарымен  марапатталады.
Конкурстың қорытындысы  2016 жылғы  4 қарашада білім беру басқармасының (http://edupvl.kz)  және ОАТО (http://pvlcit.kz) сайттарында  жарияланады.

Read more

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы `Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол` атты Қазақстан халқына Жолдауы

НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
 
Құрметті қазақстандықтар! 
 
Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда. 
Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді. Нәтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және, тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда.
Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан 2014 және одан кейінгі екі жылда әлемдік экономиканың дамуында болжам төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі. Сондықтан кейбір позицияларды жедел түрде қайта қарап, сондай-ақ, алдағы кезеңдердің жоспарларына түзетулер енгізу қажет. Бізде ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ. Бүгін айтылатын шараларды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыру керек. Біз теріс үрдістердің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды жедел қабылдауға тиіспіз.
Бүгін менің тапсырмам бойынша Үкімет белсенді жұмысқа кірісіп кетті. Біз 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін қайта қарадық. Бұл дұрыс, өйткені, біздің экспорттық шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы бюджеттің кіріс бөлігіне қаржы түсуін төмендетуге алып келуде. Бірақ, соған қарамастан, Үкімет алдына оңай емес, алайда, нақты міндет – барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.
Дағдарыс жағдайларында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, экономикалық саясатты қайта бағдарлаулар жүріп жатыр. Қолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиіс. Мұндай тәжірибе бізде бұған дейін болған. Біздің 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы табысты шараларымызды еске алсақ та жеткілікті. Көріп отырғандарыңыздай, өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізуде. Және біз партияның тұғырнамасын бүгінгі күн шындығы тұрғысынан қарай отырып жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз.
Менің тапсырмам бойынша Үкімет дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасауды аяқтады. Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын. Мен 2015 жылға арналған халыққа жаңа Жолдауымды осыған арнаймын. Ол контрциклды сипатқа ие болады және біздің экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады. Бұл нені білдіреді?
Сыртқы нарықтардағы жағдай оңтайлылығымен ерекшеленіп, мұнай мен біздің экспорттық өнімдерімізге баға айтарлықтай жоғары деңгейде болған жылдары біз шикізат экспортынан түскен табыстарды Ұлттық қорға бағыттап келдік. Ұлттық қордың негізгі міндеттерінің бірі біздің экономикамыздың сыртқы естен тандырулар алдындағы орнықтылығын, оның ішінде, табиғи ресурстарға баға төмендеген жағдайда да, жоғарылату болып табылады.
Осы жылдардың бәрінде шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды біз осы Қорға салып келдік. 10 миллиард долларды біз 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске бағыттадық. Қалған ақшаны ішіп-жеп және жұмсап қойған жоқпыз, сақтадық және көбейттік. Қазір біз осы резервтерді пайдалануға тиіс болатын кезең туындап келеді. Бұл қаржы қиын уақыттарды еңсеріп, экономикамыздың өсімін ынталандыруға көмектесетін болады. Бұл ресурстар қысқа мерзімдік шараларға арналмаған. Олар экономиканы әрі қарай қайта құрылымдауға бағытталатын болады. Нақты айтқанда, көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады.
Ақпан айында Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жылдарға 500 миллиард теңгеден екі транш бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын мына мақсаттарға бағыттауды тапсырамын.
Бірінші. Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Екінші. Банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алу үшін 2015 жылы Проблемалы несиелер қорын қосымша 250 миллиард теңге көлемінде капиталдандыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.
Үшінші. Жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту қажет. Осы мақсатта 2015 жылы «құрғақ порттың» бірінші кешені құрылысын аяқтауға, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және Атырау мен Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 81 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын.
Төртінші. Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.   
Бесінші. ЭКСПО-2017 қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет. Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті – 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
 
Құрметті қазақстандықтар! 
 
Экономиканы дамытуда жаңа сыртқы тәуекелдерді есепке ала отырып, бізге іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін жаңа бастамалар қажет. Жаңа Экономикалық Саясаттың Тұғыры мен бүгін жариялағалы отырған Инфрақұрылымдық дамудың жоспары болады. Ол 5 жылға есептелген және қатысуға 100-ден астам шетелдік компаниялар ниет білдіріп отырған ҮИИДБ-ны жүзеге асырудың Екінші бесжылдығына сәйкес келеді. Жалпы инвестициялық портфель 6 триллион теңгені құрайды, мемлекеттің үлесі – 15 пайыз.
 
Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен.
Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ.
 
Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Ол макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен  шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай – Батыс Еуропа; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда; Атырау – Астрахань.
Сондай-ақ, елдің шығысында логистикалық хаб және батысында теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастыру қажет. Батыс бағытта Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға Құрық портынан ауқымды паромдық өткелі және Боржақты – Ерсай теміржол желісі ықпал ететін болады. Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей мен ЕО елдерінің «құрғақ» және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу мәселесін ойластыруды тапсырамын.
Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады.
Осыған байланысты, біріншіден, жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымдар қалыптастыру жұмыстарын аяқтау керек. Үкіметке және әкімдерге оларды нақты жобалармен толықтыру бойынша жедел шаралар алу қажет. Екіншіден, өңірлерде ШОБ өндірісін дамыту мен қосымша инвестициялар тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтар салу мәселесін ойластырған жөн. Туризм үшін инфрақұрылым – жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі.
Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. «Екібастұз – Семей – Өскемен» және «Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.
Төртінші. ТКШ мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. Инвестицияларға жалпы қажеттілік қаржыландырудың барлық көздерінен 2020 жылға дейін жыл сайын ең азы 200 миллиард теңге бөлгенде кем дегенде 2 триллион теңгені құрайды.
Бүгін ТКШ-ны жаңғыртуға инвестициялар салуға Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ, жеке инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр. Ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтер ұсыну арқылы олардың барынша тартылуын қамтамасыз ету қажет. Тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін ондай жобаларды мемлекет қосымша қаржыландыруы керек. Осыған байланысты жылу және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту қарқынын жеделдету үшін бюджетте қарастырылған қаржыға қосымша жыл сайын 100 миллиард теңге бағыттау ұтымды болмақ.   
Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз.
Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл – апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл – біздің Сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Балалар бақшасының жетіспеушілігі – басқа мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс.
Индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруды тапсырамын.
Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес. ШОБ-ты экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайызына ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырған жөн. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет.  
 
Құрметті қазақстандықтар! 
 
Әлемдік экономикадағы ахуал мынадай дағдарысты жағдайларда алға қойған мақсаттарға қосымша қаржы ресурстарынсыз қол жеткізу айтарлықтай күрделі.
Кезінде Ұлттық қордың не үшін құрылғанын қаперлеріңізге салғым келеді. Оның басты міндеті – тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғау. Дәл қазір біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс.
Мен Ұлттық қордан 2015-тен 2017 жылға дейінгі кезеңге жыл сайын қосымша 3 миллиард долларға дейін бөлу жөнінде шешім қабылдадым. Үкіметке бір апта мерзімде Ұлттық қордан қаржы бөлу үшін тиісті шешім дайындауды және 2015 жылға арналған республикалық бюджет жобасында қажетті қаржыларды ескеруді тапсырамын. Сондай-ақ, Үкімет қажетті шаралар қабылдап, осы қаржылардың тиімді әрі оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етуі керек.
Мен құрған комиссия қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалап, жеке өзіме баяндап отыратын болады. Әр теңге үшін қатаң сұрау болмақ. Барлық әкімдерге айрықша жауапкершілік жүктеледі. «Нұр Отан» осы жұмысқа белсенді араласып, барлық деңгейлерде қатаң партиялық бақылау орнатуы тиіс.
Ұлттық қор инвестициялары экономиканың тиісті салаларында міндетті құрылымдық реформалар жүргізумен қоса-қабат жүруі тиіс. Ол үшін жобаларды халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Мәселен, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, ЕҚДБ және ИДБ қазірдің өзінде 90 басымдықты жобаға 9 миллиард доллар шамасында бөлуге дайын. Қаржыларды бөлу инвестициялық белсенділікті қолдауға, халықтың табыстары деңгейі төмендеуінің алдын алуға және жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыруға бағытталған. Нәтижесінде қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада экономиканың тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі.
Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл туралы алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында нақты әңгіме қозғайтын боламыз. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз.
Бүгінде табысты жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Әкімшілік реформа жүргізілді, Үкімет пен атқарушы биліктің жаңа құрылымы жұмыс істеуде. Әр министр не істеу керек екенін біледі. Біз басқарудағы қосарланушылық пен қажет емес буындарды жойдық. Әкімдер өкілеттіліктің қажетті деңгейіне ие болды. Өңірлерде бәрі бар – бағдарламалар, ресурстар, қаржы құралдары. Әркім өз жұмыс учаскесі үшін жауап береді. Тек білекті сыбанып, іске кірісу қажет.
«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. «Нұрлы Жол» цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер етеді. Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отырған. Біз Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүректен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты.
Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді. Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады. Ал ең бастысы – осының бәрі болашақ ұрпақтың байлығы ретінде біздің жерімізде қалады.
 
Құрметті қазақстандықтар! 
 
Алда үлкен де жауапты жұмыстар тұр. Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды. Біздің жастарымыз жаңа, тәуелсіз елде өсіп келеді. Бүгінгі буын 90-шы жылдардағы этносаралық соғыстар мен қақтығыстарды, күйреуді көрген жоқ. Сондықтан көпшілігі Қазақстандағы тұрақтылық пен қолайлы өмірді туғаннан солай болуға тиіс сияқты қабылдайды.
Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!
Алдағы жылы біз Конституцияны қабылдаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығын салтанатты түрде атап өтеміз. Осы даталарды атап өте отырып, бізге қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды. Қазақстан, тек алға – біздің осы басты қағидатымыз тарихтың жаңа жауапкершілікті орамында жаңаша үн мен неғұрлым терең мағынаға ие болатынына менің сенімім мол. Баршаларыңызға біздің Отанымызды бұрынғыдан да зор биікке көтеретін жаңа шыңдарға қол жеткізуде табыстар тілеймін!
 
Қадірлі халқым! 
 
Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!
«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі.
Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз.
2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.
Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!

Өзгертілді: 11.11.2014 17:43
Орналастырылды: 11.11.2014 17:43

Read more

Сейсенбі, 25 Қазан 2016

ActivInspire мүмкіндіктері

    2016 жылдың 18 – 21 қазан аралығында облыстық білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы Качир ауданында «ActivInspire бағдарламалық қамтамасының интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін оқыту үдерісінде пайдалану» тақырыбы бойынша тұрақты өткізілетін оқыту семинарын өткізді.
    Оқыту семинардың мақсаты - тыңдаушыларды ActivInspire бағдарламасының интерфейсімен және негізгі мүмкіндіктерімен таныстыру.
  Оқыту семинарда Качир ауданының екі мектебінен 23 мұғалім қатысты. Тыңдаушыларға жобаларды жасау үшін бағдарламаның негізгі әдістері мен тәсілдері көрсетіліп, интерактивті флипчарттарды жасау бойынша практикалық дағдылар берілді. Сонымен қатар, мұғалімдер әр түрлі объектілерден, нысандар мен интерактивті функциялардан, оған қоса дыбыс, анимация мен іс-әрекеттерден тұратын флипчарттарды жасауға үйренді.
    Семинар соңында әдістемелік ұсынымдар беріліп, сертификаттар табысталды.

Read more

Жұма, 21 Қазан 2016

Қазақстанда «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу аяқталуға жақын

Қазақстанда ауылдарға интернет желісін жеткізу мен оны дамытуды көздейтін «Сандық Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу аяқталуда. Бұл жөнінде «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жиенбаева «Цифрлық экономика дәуіріндегі үкіметтің өзгеруі» дөңгелек үстелі барысында айтты.
«ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Зерде» холдингімен бірлесіп, цифрлық экожүйені дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасы мен ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Сандық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде», - деді Ә. Жиенбаева.
Оның айтуы бойынша, бүгіннің өзінде білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, энергетика, инвестициялар және даму министрліктерінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бес өзгерту кеңсесі құрылған.
«Бағдарлама бағыттарының бірі – мақсаты халық пен бизнесті халық қажеттіліктерін шешуге бағытталған сапалы және қолжетімді мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету болып табылатын проактивті мемлекетке көшу. Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру және мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл арналарын жақсарту жөніндегі бірқатар іс-шараларды іске асыру жоспарлануда», - деп қосты компания басшысы.
Сондай-ақ, ол қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін цифрлық өзгерту кезеңінен өткен мемлекеттердің тәжірибесін терең зерттеу қажет екенін атап өтті.
«Ақпараттық революция көптеген үкіметтердің азаматтармен және бизнеспен өзара іс-қимыл жасау модельдері мен өз болжамын қайта қарауына себепші болады», - деп қорытты Ә. Жиенбаева.
Еске сала кетейік, «Сандық Қазақстан- 2020» бағдарламасын жыл соңына дейін бекітіп, 2017 жылы іске қосу жоспарланған еді. Осылайша, бағдарлама ел экономикасы салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын және халықтың өмір сүру сапасын едәуір жақсартатын цифрлық тұғырнама құруы тиіс. Сондай-ақ, жоба шеңберінде ауылдарға интернет желісін жеткізіп, қамтамасыз ету және осы арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту жоспарланғаны туралы да хабарланған.

 

Read more

Бейсенбі, 20 Қазан 2016

Сейсенбі, 18 Қазан 2016

Microsoft Office кеңейтілген мүмкіндіктері

2016 жылғы 17-18 қазан айы аралығында мұғалімдерді Microsoft Office бағдарламалық қамтамасыздандырудың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға үйрету мақсатында ақпараттық технологиялар орталығы «Microsoft Office кеңейтілген мүмкіндіктері» тақырыбындағы оқыту семинарын ұйымдастырды. Семинар жұмысына Павлодар, Ақсу қалаларының, Шербақты, Успен, Павлодар ауданының жалпы білім беру мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінің және ТКБ мекемелерінің 20 педагогтары қатысты.
Семинардың бағдарламасы теориялық материалды меңгерумен қатар, Word, Excel және Power Point бағдарламалық қамтамасыздандыруда практикалық тапсырмаларды орындауда қарастырылған. Әдіс-тәсілдерді бекіту тапсырмаларды орындау кезінде жүзеге асырылады (олардың барлығы мұғалімдердің курстық дайындығы барысында апробациядан өткізілді). Оқыту семинардың барысында тыңдаушылар өз жұмыстарын көрсетіп таныстырды. Семинар қорытындысы бойынша сертификаттар табысталды.
Microsoft Office бағдарламалық қамтамасыздандырумен жұмыс істеудің практикалық дағдылары мұғалімдерге оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану үшін сапалы презентациялар жасауға мүмкіндік береді.

Read more

«Күнделік» электрондық журналды енгізу бойынша семинар

2016 жылғы 18 қазан айында облыс білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы Май ауданы Көктөбе орта мектебінде «Күнделік» электрондық журналды енгізу бойынша семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - тыңдаушыларды электрондық журналдың интерфейсімен және негізгі мүмкіндіктерімен таныстыру. Оған кіреді: жалпы білім беру ұйымдарының қызметтерін қолдау, білім беру мекемелердегі оқушылар тізімі туралы өзекті ақпаратты қолдау, сыныптар мен сабақ кестелерін жүргізу, күнтізбелік жоспар мен үй жұмыстарын жүргізу, сабаққа қатысу және үлгерімі туралы есеп жүргізу, статистикалық есептемені құру, оқушылардың электрондық күнделігін қалыптастыру, білім беру мекемелердегі пайдаланушылардың әр түрлі санаты арасындағы желілік өзара әрекеттестігін ұйымдастыру.
Семинар оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарлары мен информатика мұғалімдеріне арналып өткізілді. Шарада Май ауданының 13 мектебінің 26 тыңдаушысы және білім беру бөлімінің басшысы Гүлнар Рақымжанқызы Ибраева мен АӘК меңгерушісі Нұргүл Жұманқызы Адамжанова қатысты.
Семинардан кейін әдістемелік ұсыныстар берілді.

IMG 20161018 WA0014

Read more

Бейсенбі, 13 Қазан 2016

Шағын құрамды мектептерге арналған кездесу

2016 жылғы 11 қазан айында Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінде облыс білім беру басқармасы шағын құрамды мектептердің басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесуде білім беру үдерісіне «Күнделік.kz» жүйесін енгізу және инновациялық ресурстардың қолдануын тегін көрнекі көрсету мақсатында «BilimLend» білім беру платформасы, «iTest» ҰБТ дайындық жүргізу бағдарлама бойынша виртуалды оқыту кешені және «iMektep» - аудиовизуалды шығарма - анимациялық фильм оқыту порталдар арқылы әдістемелік қамтамасыздандыру туралы сұрақтар қарастырылды.
Павлодар облысында «Күнделік.kz» жобасына 267 білім беру мекемесі қосылады. Жобаның қандай мүмкіндіктерін пайдалана аламыз? «Күнделік.kz» төрт мақсатты категорияларға бағытталған: оқытушылар, ата-аналар, оқушылар, мемлекет органдары.
Педагогтар сабақтың ауысқаны, басқа күнге аударылғаны немесе болмайтыны белгіленген қарапайым және түсінікті сабақ кестесіне иеленеді, электрондық журнал толтырады және қосымша мәліметтерді көре алады. Мектеп әкімшілігі сабақты бағалайтын жүйесін және жұмыс түрін таңдай алады.
Ата – аналар электрондық күнделікті көруге, сабақ кестесінің өзгерістерін, баласының ағымдық және қорытынды бағаларын бақылап жүруге мүмкіндік алады.
Оқушыларға «Күнделік.kz» қағаз күнделіктің міндетін оп-оңай атқара алады: сабақ кестесі, үй жұмысы, сабақта алған бағалары, орта ұпайы, сабақтың өткен және өтетін тақырыптары, пікірлер.
Мемлекеттік органдар өкілдері үшін Excel - дің көмегімен онлайн режимінде өздеріне қарасты мекемелер жұмысының негізгі параметрлері бойынша статистикалық есептер алу мүмкіндігі туады.
Білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Г.Т. Каримова «BilimLand» платформасының мұғалімдерге оқу үдерісін ұйымдастыруға, оқушыларға өз білімін жетілдіруге тиімділігі мол екеніне түсініктеме берді. Павлодар облысында 288 мектеп «BilimLand» инновациялық платформасына қосылды. «BilimLand» ресурсына қосылу арқылы мұғалімдер үш тілде қолдануға дайын 40000-нан астам цифрлық білім беру сабақтарына қол жеткізе алады. Сондай - ақ, 1000000- нан астам сыныпта және үйде мультимедиялық материалдарды қолдана алады.

SAM 2822

 

Read more

Жұма, 07 Қазан 2016

ҰБДҚ бойынша оқыту семинарлары

   Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің "Ақпараттық-аналитикалық орталығы" АҚ Павлодар облысының білім беру басқармасының мамандарымен және облыстық ақпараттық технологиялар орталығымен бірігіп, 26 қыркүйектен 7 қазанға дейін ҰБДҚ ақпараттық жүйенің жаңалықтары бойынша Павлодар облысында оқыту семинарларын өткізді.
   Облыс бойынша ақпараттық жүйемен жұмыс істеу барысында ведомствалық статистиканың жиынына әдістемелік және консультациялық сүйемелдеуді эксперт Астай Асқарқызы Кусиденова және облыстық ақпараттық орталығының әдіскерлері Бибигүл Қалиардамқызы Қазтаева және Қымбат Ермекқызы Бекбергенова жүргізді.
  27 қыркүйектен 5 қазанға дейін Екібастұз қ., Ақсу қ., облыстың Баянауыл, Май, Лебяжі, Қашыр, Железин аудандарының ҰБДҚ толтыруына жауаптыларға арнап, көшпелі оқыту семинарлар өткізілді. Бұл шарада статистикалық ақпараттар жиыны туралы консультациялық көмек көрсету сұрақтары талқыланды.
  6-7 қазан айында облыстық мамандандырылған мектептерге және Павлодар қаласының мектептері мен мектепалды мекемелерге арналған оқыту семинарлары өткізілді.

20160929091756

Read more

Сейсенбі, 27 Қыркүйек 2016

«BilimLаnd» білім беру платформасы

2016 жылғы 26 қыркүйек айында Павлодар қаласының № 7 ОББМ негізінде Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы инновациялық ресурстардың қолдануын тегін көрнекі көрсету мақсатында «BilimLend» білім беру платформасы, «iTest» ҰБТ дайындық жүргізу бағдарлама бойынша виртуалды оқыту кешені және «iMektep» - аудиовизуалды шығарма - анимациялық фильм оқыту порталдар арқылы әдістемелік қамтамасыздандыру туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігімен келісім жүргізіп, ЖШС «Bilim Media Group» өткізілген семинар- тренинг ұйымдастырды.
«BilimLand» - Қазақстан Республикасының Президентіне презентацияланған жобаның бірі. Оның өндеушілері - АҚШ жетекші университеттерінде оқытудан өткен "Болашақ" бағдарламасының стипендианттары. Жас мамандар білім беру саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеп, қазақстандық үштілдік оқыту сервисін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде әзірледі.
Бұл - орта білім беру мектептердің жаратылыстану- ғылыми пәндері бойынша интерактивті өнемдердің ірі коллекциясы. Платформа мұғалімдерге оқу үдерісін ұйымдастыруға, оқушыларға өз білімін жетілдіруге өте тиімді. Олардың мақсаты-өмірден алынған мысалдарды графикалық визуализация арқылы күрделі ғылыми құбылыстарды көрнекі және оңай түсіндіру. Оқушы өздігінен, мұғалімның көмегісіз, зерттеулер өткізіп, эксперименттер жасай алады.
Қазіргі кезде «BilimLand» әзірлеушілері ҚР Министрлігімен белсенді жұмыс жасау арқылы Қазақстанның Астана, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының 700 мектебіне «BilimLand» енгізді.
Павлодар облысында 21 мектеп «BilimLand» инновациялық платформасына қосылды. «BilimLand» ресурсына қосылу арқылы мұғалімдер үш тілде қолдануға дайын 40000-нан астам цифрлық білім беру сабақтарына қол жеткізе алады. Сондай- ақ, 1000000- нан астам сыныпта және үйде мультимедиялық материалдарды қолдана алады.
Семинар- тренингті маркетингтің директоры Лаура Кенжеханқызы өткізді. Семинарда 21 мектептен бір өкілден қатысты:
Павлодар қ. ( № 15 ЖОМ, № 32 ЖНББМ, № 31 ЖОМ, (№ 33 ЖОМ);
Екібастұз қ. (ЖББ футбол мектебі);
Баянауыл ауд. (Егіндібұлақ ЖОББМ, Б.Хайдаров ат. ЖОББМ, Қ.Кемеңгеров атындағы ЖОББМ);
Ертіс ауд. (Абай ЖОББМ, Ағашорын ЖОББМ, Ленин ЖОББМ);
Железин ауд.( Прииртышск ЖББОМ, Михайловка ЖББОМ);
Май ауд. (Малайсары ЖОББМ);
Павлодар ауд (Шақат ОЖББМ, Богдановка НЖББМ);
Успен ауд. (Лозов ЖОББМ, Богатыр ЖНБМ, Константинов ЖОББМ, Ковалев ЖОББМ);
Шарбақты ауд (Галкин ЖББОМ).
Семинардан кейін мұғалімдерге сертификаттар мен таратылатын материалдар берілді.

news27292016 1

 

Read more

Жұма, 23 Қыркүйек 2016

Жаңа порталдардың ашылуы

       Мемлекеттік тілді үйрету үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Tilalemi.kz» порталы және «Atau.kz» ономастикалық, «Emle.kz» орфографиялық, «Termincom.kz» терминологиялық электрондық базаларының ашылғанын  хабарлайды. Электрондық базалар  қызметін мектеп оқушылары, студенттер, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер кеңінен пайдалануға мүмкіндік алады.

Сайттарға сілтеме: Tilalemi.kz, Atau.kz, Emle.kz, Termincom.kz.

 

collage2

Read more

Бейсенбі, 22 Қыркүйек 2016

Жаңа пилоттық жоба

      2016 жылғы 20-21 қыркүйек аралығында Павлодар көлік және  коммуникациялар колледжі негізінде Павлодар облысының  ақпараттық  технологиялар орталығы Қазақстан Республикасы  білім және ғылым Министрлігінің мектепалды және орта білім беру  Департаменті мен  "Күнделік" жобасын өндеушілердің қолдауымен   білім беру процесіне жүйені өндеу  және  енгізу бойынша оқыту  өткізді. Бұл жоба  білімді ақпараттандыру бойынша  мемлекеттік- жекеменшік серіктестігі аясында  жүзеге асырылған, ол  қосымша тегін және  коммерциялық білім беру  сервистерімен біріктіріледі. "Күнделік" жүйесі оқушылар үлгерімі жөнінде  статистикалық - сараптамалық мәліметтерді өндеуді, сондай-ақ, білім алу процесіне  қатысушылардың арасындағы коммуникацияны жаңа сапалық деңгейде  қамтамасыз етеді.
"Күнделіктің" еліміздің  барлық аймағында  енгізілуі қала мен ауыл мектептерінің арасындағы "сандық тепе-теңсіздікті" жоюға мүмкіндік береді. Ақпараттық жүйенің көмегімен  оқушылардың  ата-аналары  еліміздің қай түпкірінде  болмасын, өз балаларының мектептегі үлгерімі мен сабаққа қатысуын қадағалап, сабақ  кестесі, берілген тапсырмалары туралы  мәліметтерді білуге, сондай-ақ, электрондық білім беру  ресурстарына  тегін негізде қол жеткізеді.
Павлодар облысында осы жобаға бірінші кезекте  84  білім беру мекемелері  қосылады. Олар: Павлодар қ. - 9 мектеп, Екібастұз қ. - 33,  Ақсу -17, Ақтоғай ауданынан – 5 мектеп, Баянауыл ауданынан – 3, Железин  ауданынан – 3, Ертіс ауданынан – 3, Қашыр ауданынан – 2, Лебяжі ауданынан – 1, Павлодар ауданынан – 3, Успен ауданынан – 1, Шарбақты ауданынан – 2, облыстық мамандандырылған мектептерінен  -2 мектеп.
Оқытуды "Күнделік" ЖШС  бас директоры Александр Григорян және жобаның басшысы Александр Деев жүргізді.
 Екі күн аралығында  екі ағымда аталып кеткен облысымыздың 84 мектебінен "Күнделік" жобасын  жүзеге асыруына жауапкершілік  жүктелетін 168  педагог оқытудан өтті. Ол  оқу- әдістемелік   жұмысы жөніндегі   директордың орынбасарлары және  информатика мұғалімдері.
Оқыту  басында  мектептердің өкілдері өздерінің білім беру мекемелерін  тіркеді, содан кейін жоба өндеушілердің артынан  адымдап оқушылар мен  қызметкерлердің тізімін, сабақ кестесін, сабақ жоспарын, үй тапсырмаларын, сабаққа қатысу мен үлгерімі жөнінде есепті, топқа бөлуін,  оқушылардың электрондық күнделігін қалыптастыруын импорттады. Сол арқылы  өз жұмыстарының практикалық  дағдыларын шыңдады.
               Оқыту аяқталғаннан кейін,   қатысушылардың бәріне сертификат  берілді.

 

DSC 0014

 

DSC 0017

Read more

Сейсенбі, 20 Қыркүйек 2016

«Менің сүйікті ұстазым» атты бейнероликтер байқауы

Ұстаздар күні қарсаңында Павлодар облысы білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы «Менің сүйікті ұстазым» атты республикалық бейнероликтер байқауының іріктеу кезеңін өткізді. Бұл байқауда облыстық білім беру мекемелерінің оқушыларына өзінің сүйікті ұстазы, оның өмірінде ұстаздың ерекше орны жайлы айтып беру ұсынылды.Байқау 2016 жылғы 7 қыркүйегінен 12 қыркүйегіне дейін өткізілді. Байқауға барлығы 23 жұмыс ұсынылды, оның ішінде 9 - аудандық, 2 - қалалық:
- облыс аудандарынан қатысқандар - 13 бейнеролик;
- қаладан қатысқандар - 6 бейнеролик;
- мамандандырылған мектептерден - 4 бейнеролик.
Байқауға қатысқан облыс аудандары:
Баянауыл ( Майқайын №2 ОББМ екі жұмыс және З.Акишев ат. ОББМ);
Ақтоғай ( Абай ат. ОББМ);
Железин ( Екишок ОМ және Железин № 2 ОББМ);
Ертіс ( Абай ОББМ және № 2 ОББМ );
Қашыр ( Қашыр №2 ОББМ ) ;
Лебяжі ( Потанин ОББМ);
Май ( Жалтыр ОББМ);
Успен (№ 2 ОББМ);
Шарбақты (№ 1 ОББМ) ).
Павлодар қаласының № 39 ОББМ, №43 ОББМ, № 16 МЛ және № 126 балабақшасы, Ақсу қаласының Еңбек ОББМ және № 2 ОББМ бір жұмыстан жіберді.
14 мамандандырылған мектептер арасында Павлодар қ. қыздарға арналған ҚТЛ және Абай ат. № 10 мектеп-лицейі, Ақсу қ. мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептен екі бейнеролик жіберілді.
Жұмыстардың бәрі қызықты және ерекшелігімен көзге түскен. Роликтерде өзіне ғана тән қайталанбас бейне, сүйікті ұстазының елесі көрінді. Әр мектеп өз бейнеролигін әлеуметтік желісінде «#ҰстаздаркүніПавлодар» хэштег арқылы ұсынды.
Байқаудың қорытындысы бойынша ең үздіктері болып танылғандар:
- Ақсу қ. № 2 ОББМ
- Қашыр ауданы ( Қашыр №2 ОББМ )
- Железин ауданы (Железин № 2 ОББМ)
- Май ауданы ( Жалтыр ОББМ)
Бейнероликтердің бәрін облыстық білім беру басқармасының сайтында "Құттықтаймыз" атты тарауында көруіңізге болады.

Read more

Сейсенбі, 13 Қыркүйек 2016

Қазақстанда роботты техника бойынша Халықаралық Олимпиадаға іріктеу басталды

      Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында роботты техника бойынша аймақтық кезең өтуде. Жеңімпаздар роботты техника бойынша Қазақстан құрамасының орнына бақ сынасады және олар біздің елімізді Үндістандағы World Robot Olympiad таныстыратын болады, - деп Strategy2050.kz хабарлайды.
https://strategy2050.kz/crealog_new/new_files/media/px.gifWorld Robot Olympiad (WRO)-бұл мектеп оқушылар мен студенттер үшін роботты техника бойынша халықаралық олимпиада. WRO 50-ден астам елде өтеді, сонымен қатар, 20 000-нан астам команда жыл сайын осы олиммпиадаға қатысады.
Жыл сайын қорытынды әр түрлі елдерде өтеді: 2013 жыл-Индонезия, Джакарта, 2014 жыл-Ресей, Сочи, 2015 жыл-Катар, Доха. Биыл WRO-ның қорытынды кезеңі қараша айында Үндістанның Нью Дели қаласында өтеді. Астанада іріктеу Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриатында өтеді.
«Бес командадан құралған 40 адам қатысады, оған жаттықтырушылары да кіреді: Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриаттың командасы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Роботек» клубы, «Шаг» академиясы, оқушылар сарайы. Олимпиада келесі категория бойынша өтеді: негізгі, кіші, шығармашылық санаты және футбол роботтар. Биыл олимпиаданың тақырыбы: қоқыстармен күрес. Бұл аймақтық кезең, бір айдан кейін роботты техниканың республикалық кезеңі болады. Жеңімпаздар Индияда құрама команданың ішінде Қазақстанды таныстыратын болады»,-деді: Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриаттың баспасөз хатшысы Жазира Асанова.
Мектеп оқушылар өз жұмыстарын таныстырды: қол түріндегі робот, олар адам үшін қоқыстарды тастайды және bletooth арқылы желіні ұстайды.
«Техникалық тапсырмаларды WRO комитеті тұжырымдайды және оның негізінде балалар робот жасайды. Бұл олимпиадада жеңімпаз атану үшін, оқушылар қиын техникалық шешімдерге жүгінуі тиіс және  қолданыстағы жобалауды қарастыру,өздерінің идеяларын ойластыру жұмыстары тұр. Қазақстанда жақында білім беру және спорттық роботты техника Федерациясы пайда болды және олар еліміздің 16 аймағында жарыс ұйымдастырды. Қазан айында астанада финал болады»,-деді «Роботек» роботты техника клубының директоры Михаил Малород.
Шілде айында Назарбаев зияткерлік мектебі базасында 16 қалада роботты техника бойынша курстар өтілді және ол жерде 3000-нан астам информатика мұғалімдері болды.

 

WRO 2016

Read more

Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2016

«Күнделік» ААЖ

        «Күнделік» ААЖ — Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін ұйымдарында электрондық құжаттама (журналдар, күнделіктер, есептер) мүмкіндіктерін, келесі функциялары бар жүйе:


• жалпы білім беру ұйымдарының қызметтерін қолдау;
• білім беру ұйымындағы оқушылар тізімі туралы өзекті ақпаратты қолдау;
• сыныптар мен сабақ кестелерін жүргізу;
• күнтізбелік жоспарлар мен үй жұмыстарын жүргізу;
• сабаққа қатысу мен үлгерім есебін жүргізу;
• статистикалық есептемені құру;
• оқушылардың электрондық күнделігін қалыптастыру;
• білім беру ұйымдарындағы пайдаланушылардың әр түрлі санаты арасындағы желілік өзара әрекетестігін ұйымдастыру.

 

 

 

 

Read more

«Қазконтент» АҚ өз ресурстарының бағытын өзгертеді

ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ахметов айтқандай, «Қазконтент» АҚ мемлекеттік ақпараттық ресурстарын жаңғырту ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің басшылығымен жүргізіледі және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Брифинг барысында мәлім болғандай, бүгінде «Қазконтент» АҚ алдында қазақстандықтардың ақпаратқа қажеттілігін толығымен қанағаттандыру үшін жобалар контентінің сапасын арттыру міндеті тұр.
«Бүгінде интернет – телевизиядан кейін ақпарат алатын екінші арна. Статистика мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі таңда Қазақстанда бар интернет-қолданушылардың 70 пайызы күн сайын интернетке кіріп, ақпарат оқиды, тіркеледі және т.б. Айта кетерлігі, Қазнет ақпараттың сенімді көзіне айналды. Отандық сайттарға қазақстандықтар кез келген ақпаратты оқу үшін жүгінеді. Кейбір сайттарға сенімділік деңгейі 80%-ға жетеді. Бұл ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып саналады», - деді А.Ахметов брифинг барысында.

Bnews.kz

Елімізде екі мемлекеттік ақпарат агенттігі бар – олар «Қазақпарат» ХАА және Bnews.kz АА. Алайда бүгінде екі мемлекеттік БАҚ-тың арасындағы бәсекенің керегі жоқ. Дегенмен, қазақстандықтар үшін интернеттен жылдам ақпарат алу әрқашан маңызды. Сол себепті тарихы бай Қазақпарат елдің басты ақпарат агенттігі болып қала береді. Ал Bnews басқа сегментке ауысады, яғни жаңалықтарды жан-жақты талдап, сараптап, түсіндіретін талдамалы бағытқа бет бұрады. Мұны шолу, сұхбат, сауалнама, мультимедиа, сараптама арқылы жүзеге асырады.

Жаңа форматқа сәйкес, Bnews сайты да түрленіп, жаңартылады.

Baq.kz

Baq.kz редакиялық тұрғыдан нығайып, мемлекеттік тілде жұмыс істейтін басты ақпарат агенттігі атағына үміткер болады. Baq.kz – өз жаңалықтары бар агрегатор, өңірлерден эксклюзивті жаңалықтар тарататын №1 ақпараттық портал.

Kaztube

Алғашқы ұлттық видео-портал саналатын Kaztube ең үлкен агрегаторға және барлық отандық видео контенттің «қоймасына» айналады. Kaztube-те бірегей ұлттық видео-контент, соның ішінде алтын медиақор орналасатын болады. Қазақстан туралы мемлекеттік тілдегі видеолардың барлығын дерлік Kaztube порталынан табуға мүмкіндік жасалады. Сайттың дизайны өзгереді.

EL

Алғашқы қазақстандық әлеуметтік желі ретінде танымал EL жобасы едәуір өзгеріске ұшырамақ. EL Қазақстандағы және қазақстандықтардың өмірі жайында, шығармашылық, саяхат, мәдени оқиғалар, лайфхак, вайндар туралы материал жариялайтын ақпараттық-көңіл көтеру порталына айналады.

ADEBIPORTAL.KZ

Әдеби портал жаңа кейіпке енеді. Оның мақсаты елімізде гуманитарлық білімді дамыту және дәріптеу болмақ. Материалдарды беру мен интерфейс жаңартылады. Мобильді қосымша іске қосу жоспарланып отыр, оның көмегімен кітап оқуға және аудиокітаптарды тыңдауға мүмкіндік туады.

Сайт мәдениетті, мемлекеттік тілді дамытуға арналған платформаға айналады.

E-HISTORY.KZ

E-HISTORY.KZ сайтының редакциясы материал ұсыну жағын жақсарту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Біз тарихи портал форматын одан әрі дамыта түспекпіз. E-HISTORY.KZ алаңында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес National Digital History құрылады.

Сайт тарихты сүйетін және ол жайында тереңірек білгісі келетін жандар үшін жұмыс істейтін болады. Материалдың барлығы ғылыми-танымдық формада ұсынылады. Сайтқа интерактивті түрде бірегей тарихи контенті бар «Казахстаника» бөлімі қосылады. Арнайы жобалар, сауалнамалар, тест және өзге де интерактивті шаралар өткізу жоспарланып отыр.

«Қазконтент» АҚ-ның әр ресурсы трансформация барысында смартфондар мен планшеттерге арналған ыңғайлы мобильді нұсқаға ие болады.

«Қазконтент» АҚ интернет-ресурстарының трансформациясы мемлекеттік органдар мен халық арасында тиімді байланыс құруға бағытталған.

Айта кетейік, «Қазконтент» АҚ-ның негізі 2009 жылы ұлттық контент қалыптастыру және Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту мақсатында құрылды. Сол кездегі холдингтердің барлық жобасы қазақстандықтарға пайдасын тигізер ұлттық контент қалыптастыруға бағытталды.

«Қазконтент» АҚ-ның «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырған жобаларының бірі – «Баспа БАҚ-тың Интернетке көшуі» өз жемісін берді. Бүгінгі таңда 2213 басылымның 50%-дан астамы жобаға қатысты, ал 1200 баспа басылымы толығымен Интернетке ауысуға немесе онлайн-нұсқамен толығуға мүмкіндік алды.

 

bvgdf

Read more

Жұма, 26 Тамыз 2016

1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде «Kundelik.kz» ақпараттық білім беру кеңістігі жұмыс істейді

     Жаңа оқу жылынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жаңа «Kundelik.kz» бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігі іске қосылады. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бұл жүйе еліміздің кеңжолақты Интернетке кіру мүмкіндігі бар барлық мектептерде қолданылады деп хабардлайды strategy2050.kz сайтында.
«Kundelik.kz» жүйесін өңдеу және енгізу – білімді ақпараттандыру бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында жүзеге асырылған жоба. Жобаның ерекшелігі, «Kundelik.kz» мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылмай, мектептерге тегін пайдалануға берілмек.  
««Kundelik.kz» қосымша тегін және коммерциялық білім беру  сервистерімен біріктіреледі.  Kundelik.kz жүйесі педагогтарды қағазбастылықтан құтқарып, оқушылар үлгерімі жөніндегі статистикалық-сараптамалық мәліметтерді өндеуді, сондай-ақ, білім алу процессіне қатысушылардың арасындағы коммуникацияны жаңа сапалық деңгейде қамтамасыз етеді. Kundelik.kz-тің еліміздің барлық аймағында енгізілуі қала мен ауыл мектептерінің арасындағы «сандық тепе-теңсіздікті» жоюға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.  
Ақпараттық жүйенің көмегімен оқушылардың ата-аналары еліміздің қай түкпірінде болмасын, өз балаларының мектептегі үлгерімі мен сабаққа қатысуын қадағалап, сабақ кестесі, берілген тапсырмалары туралы мәліметтерді білуге, сондай-ақ, электрондық білім беру ресурстарына тегін негізде қол жеткізеді.

 

758444

Read more

Дүйсенбі, 22 Тамыз 2016

Информатика пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы

 

DSC 0441

 

    «Білімді ел – Мәңгі ел» тақырыбындағы білім беру қызметкерлердің тамыз педагогикалық кеңесі аясында 2016 жылғы 22 тамыз күні Павлодар облыстық білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы информатика пән мұғалімдерінің облыстық секциялық отырысын өткізді.
Секция жұмысына 40-тан астам маман қатысты, оның ішінде ҚР БжҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ менеджері Кусиденова Астай Аскаровна, қала және аудан білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, директор орынбасарлары, информатика пән мұғалімдері. Отырыста облыстағы білім беруді ақпараттандырудың жағдайы мен болашағы, ұлттық білім беру деректер қорындағы жаңғыртулар,  «Күнделік» жобасы қарастырылды.
Информатика пәні мұғалімдері өз жұмыс тәжірибелерімен келесі тақырыптар бойынша бөлісіп алмасты: «Электрондық құралдарды оқу үдерісінде пайдалану» Павлодар қаласының №24 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Слывоцкая Ольга Яковлевна, «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін қоғамның инновациялық дамуына үйлестіру» Баянауыл ауданының З. Ақышев ат. ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Жангельдина Гульзат Бейсенбаевна, «Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың белсенділіктерін дамыту» Шарбақты ауданының Есілбай ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Рашатбекова Айгүл Темерханқызы, «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатиканы оқыту: өзекті мәселелері мен шешу тәсілдері» Екібастұз қаласының №35 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Барлыбаева Г.А., «Қазақстан – Ұлы дала елі» қосымшасы Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығының электронды оқыту жүйесі бөлімінің басшысы Айнагуль Кенжалиевна Жиренова, «Күнделік» жобасы  Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Бекбергенова Кымбат Ермековна, «Білім беруді ақпараттандыру» ақпараттық-әдістемелік бөлімінің басшысы Баймулдинова Анаргуль Сериковна.
Қатысушыларға арналған әдістемелік жинақтар, үздік конкурс жобалары  көрмесі ұйымдастырылды. «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесінде білім беру статистикасын сапалы және уақтылы толтырғаны үшін «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ Ақсу қаласы, Ертіс, Качир, Успен аудандарының білім бөлімдерінің ақпараттандыру бойынша ең үздік әдіскерлеріне алғыс хаттар ұсынды. Секциялық отырыстың қорытындысы бойынша белсенді қатысқандары үшін барлық баяндама авторлары орталықтың грамоталарымен және сертификаттарымен марапатталды.

Read more

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016

Қазақстанда мектептер қағаз түріндегі күнделіктерден бас тартады

      Қазақстандағы мектептер қағаз түріндегі күнделіктерден бас тартады. Бұл туралы tengrinews.kz тілшісіне «Күнделік» ЖШС бас директоры Александр Григорян хабарлады.

Григорянның айтуынша, білім саласындағы жұмыстарды электрондық формаға ауыстыруды Білім министрлігінің өкілдері де қолдап отыр. Айта кетейік, бұл жүйе қазіргі уақытта еліміздегі барлық мектепте енгізіліп жатыр. «Бұл еліміздегі мектептердің барлығына енгізіліп жатқан электрондық портал. Ол оқу процесін жеңілдетеді. Былтыр республикадағы төрт облыста электрондық портал енгізіліп, жұмысын бастаған болатын. Яғни, 700-ден аса мектеп жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс істеп жатыр. Бұл жоба мемлекеттің және жекеменшік әріптестіктің негізінде жүзеге асырылып жатыр», — деді Александр Григорян.

Сонымен қатар, Григорян жобаның еліміздің барлық облысында және ауылдық жерлерде де жұмыс істейтінін атап өтті. «Интернет-портал қандай да бір құрылғыны орнатуды талап етпейді. Бұл жоба мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына септігін тигізеді. Ата-аналар мұғалімдермен, мектеп әкімшілігімен тікелей байланыста бола алады. Электрондық күнделік тек оқу материалдарынан емес, сондай-ақ, ойын-сауық мазмұнындағы материалдармен қамтылған», — деді жоба авторларының бірі. Оның айтуынша, бүгінде 7500 мектептің 2500-і интернетпен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, жобаның құны 30 миллиард теңге болды және оны инвесторлар төлейді. Оның айтуынша, уақыт өте келе еліміздегі барлық мектеп әдеттегі қағаз түріндегі күнделіктерден бас тартады. «ҚР БҒМ құжаттарды электрондық формаға ауыстыруды қолдап отыр. Расында, қағаз түріндегі журналдар қолданыстан шығып жатыр. Енді барлық ақпаратты онлайн көруге болады», — деді жобаның авторы.

 

9 4

Read more

Сәрсенбі, 13 Шілде 2016

Ашық деректер порталы жаңа мәліметтермен толықты


    ҚазАқпарат - Мамыр айының басынан бері data.egov.kz ашық деректер порталында 100-ге жуық жаңа деректер жиынтығы жарияланды, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

Бұл ақпараттарды түрлі мемлекеттік органдары жариялады, атап айтқанда - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Әділет министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі және де т.б.

Деректердің барлығы өзекті әрі алуан түрлі салаларды қамтиды. Мысалы, белгілі әлеуметтік топтардың жұмыссыздық деңгейi бойынша, асырап алынған жетім балалар туралы, асыл тұқымды ірі қара импорты жөнінде, бидай мен ұн экспорты хақында, ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша, мүлікті заңдастыру, туристік нысандар мен бағыттар бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи қорықтары жөнінде және де т.б мәліметтер боыйынша деректер қолжетімді болып табылады.

Порталда жарияланған деректер машина оқи алатын үлгіде бағдарламашылардың ақпаратты қолайлы қолдану мен олардың негізінде АТ-өнімдерін жасап шығару үшін  және де форматында барлық мүдделі тараптардың ақпаратпен танысуы үшін қамтамасыз етілген.

Жалпы алғанда, қазіргі таңда data.egov.kz порталында 450-ден астам  ашық деректер жиынтығы қолжетімді.

Естеріңізге салса кетсек, мамыр айының басында, Женевада өткен Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша дүниежүзілік жоғары деңгейдегі форумда (WSIS) «Ашық деректер» порталы мен Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңы WSIS Project Prize 2016 байқауының нәтижелері бойынша чемпион атанды. Бұл аса құрметті мәртебе «Ақпаратқа қолжетімділік» пен «Қолайлы жағдай жасау» санаттарында тағайындалған.

Ашық деректер - Қазақстанның Ашық үкіметінің құрамдас бес бөлігінің бірі. Ашық деректердің енгізілуі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформаны өткізуге арналған  «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 94-ші қадамы аясында жүзеге асырылуда.

 

 

DataEgovKz

Read more

Сейсенбі, 28 Маусым 2016

АКТ-құзыреттілікті арттыру

Ақпараттық технологиялар орталығы 2016 жылғы 21-22 маусым аралығында Екібастұз қаласының №18 ЖОББМ мұғалімдеріне «AutoPlay MediaStudio 8 бағдарламасы арқылы электрондық оқулықтар құрастыру» тақырыбындағы АКТ-құзыреттілігін арттыру бойынша іссапар оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында тыңдаушылар электрондық оқулықтарды құрастыру үшін AutoPlay Media Studio бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерімен және тестілеу бағдарламаларымен танысты.
Практикалық тапсырмаларды орындау арқылы тыңдаушылар бейнероликтер, дыбыс файлдармен, веб-қосымшалармен, flash-қосымшалармен жұмыс істеуге, сонымен қатар оқушылардың деңгейін бағалау мен бақылауды өткізуге арналған әртүрлі тест тапсырмаларының түрлерін құрастыруға үйренді.
Семинар соңында тыңдаушылар өз пәндері бойынша электрондық оқулық жобасын құрастырып қорғады.

auto2606

 

Read more

Интерактивті әдіс-тәсілдерді оқытуда қолдану

2016 жылғы маусым айының 21-24 аралығында облыс білім беру басқармасы ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен мұғалімдердің АКТ-құзыреттілігін арттыру бойынша Ак. Сәтпаев атындағы инженерлік-техникалық иститутының Екібастұз колледжінде «ActivInspire БҚ интерактивті құралдың мүмкіндіктерін оқу процесінде пайдалану» тақырыбындағы оқыту семинары өткізілді.
ActivInspire БҚ сынып ішінде қолдануға жасалған және оқытушыларға өз жұмыстарында интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік береді. ActivInspire бағдарламалық қамтамасыздандыру арқылы әр түрлі құрал-саймандар, суреттер, дыбыстар, қимылдар және көптеген қосымша ресурстармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Тақтада қолмен және қаламмен жұмыс істеуге болатын жаңа технологияның кеңейтілген мүмкіндіктері, сонымен қатар жаңа математикалық теңдеулер редакторы оқытуда кеңейтілген мүмкіндіктер әлемін ашады. Оқыту семинары ActivInspire бағдарламасы ортасымен тәжірибе жүзінде танысуға, флипчарттармен жұмыс жасау дағдыларын меңгеруге бағытталған. Оқытушылар студенттердің зейінін оқу процесіне қойып, ойлау қабілетін арттыру үшін ActivInspire бағдарламасының қарапайым және тиімді құрал-саймандарымен жұмыс істеуге үйренді.

splashscreen

 

Read more

Дүйсенбі, 20 Маусым 2016

«Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» облыстық конкурсынын жеңімпаздары

І орын иегерлері:
Павлодар қаласының білім беру бөлімі
Павлодар облысының білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы
Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі
Инновациялық Еуразия университетінің колледжі

 

ІІ орын иегерлері:
Качир ауданының білім беру бөлімі
Павлодар қаласының №20 мектеп-лицейі
Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебі
Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі

 

ІІІ орын иегерлері:
Ертіс ауданының білім беру бөлімі
Павлодар қаласының №38 жалпы негізгі білім беру мектебі
Есту қабылеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты
Павлодар техникалық сервис колледжі

 

«Ең мазмұнды сайт» номинациясы:
Павлодар қаласының №3 гимназиясы

 

«Мектеп өмірінің жаршысы» номинациясы:
Качир ауданының Байқоныс орта жалпы білім беру мектебі


«Үздік ақпараттық сайт» номинациясы:
Ақсу қаласының білім беру бөлімі

 

«Ең интерактивті сайт» номинациясы:
Павлодар қаласының №14 жалпы орта білім беру мектебі

Read more

Сейсенбі, 14 Маусым 2016

Робототехниканы білім кеңістігіне енгізу

Облыс білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы және қазақ-түрік лицейі 2016 жылғы 13-15 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі халықаралық ынтымақтастық аясында «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорымен бірлесе 43 облыс мұғалімдеріне арналған робототехникадан «Робототехниканы мектептің білім кеңістігіне енгізу» атты оқыту семинарын өткізген.
Семинардың мақсаты – педагогтардың дарынды балалармен жұмыс жүргізуге даярлығын қалыптастыру, олардың робототехника және 3D технология бойынша кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу.
Семинар аясында педагогтар «Робот техникасы» курстың негіздерімен, Lego mindstorms EV3 Education жинағымен, роботтарды құрастыру және бағдарламалау элементтерімен танысты, теориялық материалмен танысып, сабақты жоспарлау кезінде практикалық білімді іске асырды.

robotoroboto

Read more

Сәрсенбі, 08 Маусым 2016

AUTOPLAY MEDIA STUDIO 8 ВИЗУАЛДЫ ПАКЕТІ

   2016 жылғы маусым айының 2-3 аралығында мұғалімдердің АКТ-құзыреттілігін арттыру бойынша облыс білім беру басқармасы ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен «AutoPlay Media Studio 8 бағдарламасы арқылы электрондық оқулық құрастыру» атты тақырыбы бойынша оқыту семинары өткізілді.
Семинарда тыңдаушыларға бағдарламаның негізгі мүмкіндіктері көрсетілді, белсенді мультимедиалық қосымшалар, электрондық құрал құрастыру. Интерактивті тапсырмалар орындау барысында негізгі скриптерді құрастыру әдісін меңгерді. Мұғалімдер семинар барысында жиі орындалатын әрекеттерді автоматтандыруға мүмкіндік туғызатын, қосымша модульдер-плагиндермен танысты. Тәжірибе жүзінде тыңдаушылар AutoPlay Media Studio 8 бағдарламасы ортасында өз пәндері бойынша электрондық құрал құрастыруды меңгерді.

 autop

 

Read more

Дүйсенбі, 06 Маусым 2016

«Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» атты конкурсының қорытындысы

   2016 жылғы 6 маусымда «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» атты конкурс өз мәресіне жетті. Конкурс ұлттық бірлікті күшейтудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытуды арттыру және мемлекеттік тілде білім беретін web-сайттардың толық көлемде дамуына үлес қосу мақсатында өткізілді.
Конкурсты Павлодар облыстық білім беру басқармасы, тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және облыстық ақпараттық технологиялар орталығымен ұйымдастырылды.
Облыстық конкурсқа қатысуға тілек білдірген 31 білім беру ұйымдарының сайттарынан конкурстың ақтық қорғау кезеңіне 29 ұйым сайты өтті.
Төрт бағыт бойынша конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен бағалы сыйлықтармен марапатталды:
Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен білім беру басқармасы грамоталарымен «Ең мазмұнды сайт» номинациясы бойынша Павлодар қаласының №3 Гимназиясы, «Мектеп өмірінің жаршысы» номинациясы бойынша Качир ауданының Байқоныс орта жалпы білім беру мектебі, «Үздік ақпараттық сайт» номинациясы бойынша Ақсу қаласының білім беру бөлімі, «Ең интерактивті сайт» Павлодар қаласының №14 жалпы орта білім беру мектебі марапатталды.
«Мемлекеттік тілдегі білім беру бөлімінің ең үздік сайты» бағыты бойынша ІII орынға ие болған Ертіс ауданының білім беру бөлімі, II орын иегері Качир ауданының білім беру бөлімі, I орын Павлодар қаласының білім беру бөлімі, Павлодар облысының білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы, «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру мекемесінің сайты (мектеп)» бағыты бойынша ІІІ орынға ие болған Павлодар қаласының №38 жалпы негізгі білім беру мектебі, ІІ орынға Павлодар қаласының №20 мектеп-лицейі, Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебі, І орынды жеңіп алған Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, «Мемлекеттік тілдегі білім беру мекемесінің үздік сайты (интернаттық ұйымдар мен балалар үйі)» бағыты бойынша ІII орынға ие болған есту қабылеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты, «Мемлекеттік тілдегі білім беру ұйымының үздік сайты (ТжКО)» бағыты бойынша ІІІ орын иегері Павлодар техникалық сервис колледжі, ІІ орынға ие болған Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, І орынды жеңіп алған Инновациялық Еуразия университетінің колледжі.

news06062016 4

news06062016 4

 

Read more

Жұма, 27 Мамыр 2016

Педагогикалық идеялар интернет-фестивалінің қорытындысы

  
      2016 жылғы 25 мамыр күні облыстық білім беру басқармасымен және ақпараттық технологиялар орталығымен ұйымдастырылған «Үздік интербелсенді сабақ» атты педагогикалық идеялардың Интернет-фестивалінің қорытындысы шығарылды. Фестивалде алты бағыт бойынша 225 жұмыс қарастырылды. Барлық жұмыстар http://pvlcit.kz сайтында орналастырылып, әр пайдаланушы Интернет-фестиваль жұмыстарын жүктеп, ой-пікірлерін  қалдыруға мүмкіндік алды.
Интернет-фестиваль ережесінің критерийлеріне сәйкес ең үздік жұмыстар облыс білім беру басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және орталық атынан Грамоталармен марапатталды.
         «Жаратылыстану–математикалық пәндер» бағыты бойынша I орын иегерлері Дацюк Александр Федорович,  Жакупов Марат Омарович Павлодар қаласының №17 ЖОББМ мұғалімдері және Эргашова Замира Шамуритовна Павлодар қаласының М.Ауезов ат. ЖОББМ мұғалімі, II орын иегері Анзельм Наталья Валентиновна Железинка ауданы Михайловка ЖОМ мұғалімі,  III орынға ие болған Балабанова  Олеся Леонидовна Май ауданы Е.Мұқашев ат. ЖОМ мұғалімі.
«Қоғамдық–гуманитарлық пәндер» бағыты бойынша І орынды алғандар Таран Елена Геннадьевна Павлодар қаласының  № 16 лицей-мектебі мұғалімі, Ахмедиева Маржан Каиргельдиновна Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты мұғалімі, ІІ орын иегерлері Қайрат Айсана Қайратқызы, Касыбаева Майра Багдатовна, Кенжебаева Даметкен Камариденовна Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты мұғалімдері,  ІІІ орын иегері Галаган  Алеся Михайловна Павлодар қаласының №40 ЖОББМ мұғалімі.
 «Әскери - патриоттық тәрбие және салауатты өмір салттары» бағыты бойынша ІІІ орынға ие болған  Лисс Ирина Александровна Железин ауданының Славяновка ЖОМ мұғалімі.
«Бейіндік оқыту» бағыты бойынша І орынға ие болған Пономаренко Ульяна Сергеевна Павлодар бизнес-колледжінің оқытушысы, ІІ орын иегері Тенизова Ольга Вилорьевна Павлодар бизнес-колледжінің оқытушысы, ІІІ орын иегері Аспанова Гульнура Серикжановна Павлодар қаласының технологиялық колледжінің оқытушысы.
«Бастауыш сыныптардағы оқыту» бағыты бойынша ІI орын иегері Баимбетова Айгуль Юсуповна мамандандырылған «Зерде» мектебі мұғалімі,  ІII орынға ие болған Беймурзинова Асемгуль Кенесовна Павлодар қаласының №13 ЖОББМ мұғалімі.
«Сабақтан тыс оқыту» бағыты бойынша І орын иегері Жаменкенова Гульжан Шайхесламовна Павлодар қаласының №2 ЖОББМ, II орын иегерлері Трушакова Елена Владимировна Павлодар қаласының №39 ЖОББМ мұғалімі, Боранбаева Кымбат Ериковна Лебяжі ауданының Шарбақты ЖОМ мұғалімі, ІІІ орын иегері Нагасимова Дана Юрьевна Ақсу қаласының №24 сәбилер бақшасының психологі.

«Үміткер» номинациясы бойынша Жаканов Берик Кабиболлаевич Железинка ауданының Енбекші ОМ мұғалімі, Жусупова Рымкеш Сериковна Лебяжі ауданының Потанин ОМ мұғалімі,  Гайдар Лариса Николаевна Железинка ауданы Михайловка ОМ мұғалімі, Тлеубердина Ботагоз Мустахимовна Баянауыл ауданы № 1 Майқайың ОМ мұғалімі, Сыздыкова Ардак Сагадатовна Качир ауданы Трофимовка ОМ мұғалімі, Токсанбаева Гулчехра Асановна Павлодар қаласының №9 ЖОББМ мұғалімі, Нагасинова Жанна Юрьевна Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің мұғалімі.
       «Жаңашыл» номинациясы бойынша Альдекенова Анар Толыбаевна Аксу қаласының дарынды балаларға арналған гимназия мұғалімі, Ахметова Динара Кабеткызы Баянауыл ауданы Ж.Аймауытов ат. ОМ мұғалімі, Канапина Бибигуль Аскеровна, Чучко Оксана Арсентьевна Павлодар қаласының № 39 ОМ мұғалімі, Дүйсенбекова Сәндігүл Теңдікқызы Павлодар қаласының  №21  ОМ мұғалімі.
     «Іздемпаз» номинациясы бойынша Сырымбетов Бауыржан Маратович Павлодар қаласының №17  ЖОББМ мұғалімі, Каллаи Светлана Павлодар қаласының  дарынды балаларға арналған №3 гимназия мұғалімі, Абильханова Бакен Кабдилжановна Павлодар қаласының  №24  ЖОББМ мұғалімі, Уалиева Эльвира Танатовна Май ауданы Каратерек ЖОМ, Мухтизарова Бибигуль Коныровна Павлодар қаласының №9 ЖОББМ мұғалімі.
    «Шығармашыл» номинациясы Байжырыкова Сауле Кабылдиновна Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ  гимназия – интернаты мұғалімі, Камалова Екатерина Ивановна Железин ауданының Жана жулдуз ЖОМ мұғалімі, Маринко Татьяна Владимировна Шарбақты ауданы №2 ЖОМ мұғалімі, Барканова Наталья Алексеевна Шарбақты ауданы № 3 ЖОМ мұғалімі.

111

Read more

«Үздік интербелсенді сабақ» атты конкурсынын женімпаздары

«Жаратылыстану – математикалық пәндер»  бағыты:

I орын – Дацюк Александр Федорович, Жакупов Марат Омарович
I орын – Эргашова Замира Шамуритовна
II орын – Анзельм Наталья Валентиновна
III орын – Балабанова Олеся Леонидовна

 

«Қоғамдық – гуманитарлық пәндер» бағыты:

I орын – Таран Елена Геннадьевна
I орын – Ахмедиева Маржан Каиргельдиновна
II орын – Қайрат Айсана Қайратқызы, Касыбаева Майра Багдатовна, Кенжебаева Даметкен Камариденовна
III орын – Галаган  Алеся  Михайловна

 

«Бастауыш сыныптардағы оқыту» бағыты:

II орын – Баимбетова Айгуль Юсуповна
III орын – Беймурзинова Асемгуль Кенесовна

 

«Сабақтан тыс оқыту»:

I орын – Жаменкенова Гульжан Шайхесламовна
II орын – Боранбаева Кымбат Ериковна
II орын – Трушакова Елена Владимировна
III орын – Нагасимова Дана Юрьевна

 

«Әскери – патриоттық тәрбие және салауатты өмір салттары» бағыты:

III орын – Лисс Ирина Александровна

 

«Бейіндік оқыту» бағыты:

I орын – Пономаренко Ульяна Сергеевна
II орын – Тенизова Лисс Ирина Александровна Ольга Вилорьевна
III орын – Аспанова Гульнура Серикжановна


«Үміткер» номинациясы:

Жаканов Берик Кабиболлаевич
Жусупова Рымкеш Сериковна
Гайдар Лариса Николаевна
Тлеубердина  Ботагоз Мустахимова
Сыздыкова Ардак Сагадатовна
Токсанбаева Гулчехра Асановна
Нагасинова Жанна Юрьевна

 

«Жаңашыл» номинациясы:

Альдекенова Анар Толыбаевна
Ахметова Динара Кабетқызы
Канапина Бибигуль Аскеровна, Чучко Оксана Арсентьевна
Дүйсенбекова Сәндігүл Теңдікқызы


«Іздемпаз» номинациясы:

Сырымбетов Бауыржан Маратович
Каллаи Светлана
Абильханова Бакен Кабдилжановна
Уалиева Эльвира Танатовна
Мухтизарова Бибигуль Коныровна

 

«Шығармашыл» номинациясы:

Байжырыкова Сауле Кабылдиновна
Камалова Екатерина Ивановна
Маринко Татьяна Владимировна
Барканова Наталья Алексеевна

Read more

Жұма, 20 Мамыр 2016

C++ тілінде бағдарламалау негіздері

       2016 жылдың 16-19 мамыр аралығында облыстық ақпараттық технологиялар орталығында «C++ тілінде программалау негіздері» атты оқыту семинары өткізілді. Семинарға облыстың жалпы орта білім беру мектептерінен және мамандандырылған мектептерінен информатика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Оқыту семинарының басты мақсаты С++ программалау тілінің негізгі ұғымдарымен, алгоритмімен және оның іске асырылуымен танысу.
Семинар барысында тыңдаушыларға C++ тілінде программалау негіздерінен теориялық және практикалық тапсырмалар, C++  кіріктірілген ортасының жаңа мүмкіндіктері көрсетілді, электрондық көрнекі материалдары ұсынылды, сонымен қатар өздік жұмысқа арналған тапсырмалар мен есептер дайындалды. Семинар тыңдаушылары әр түрлі деңгейлік есептер шығару барысында C++ ортасында программалау дағдыларын меңгерді, ол мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік берді. Тыңдаушылар Dev-C++ 5.11 ортасын тәжірибелік жұмыстарды  әзірлеуге қолданды. Семинар соңында әдістемелік ұсыныстар берілді.

 

dev c

Read more

Бейсенбі, 19 Мамыр 2016

Қазақстанда бағдарламалау бойынша ұлттық олимпиада өтеді

       Қазақстанда 20 мамыр күні  5-6 сыныптарға арналған бағдарламалау бойынша ұлттық виртуалды олимпиада өтеді. Қалалар мен өңірлерге арналған барлық мүдделі тұлғалар мен ведомстволарға қол жетімді "бағдарламалауға табиғи қызығушылықты арттыру" үшін қорытынды индексі шығарылады. Индекстің негізгі міндеті- аймақтарда АТ бейім талантты балаларды  анықтау. Олимпиадаға ҚР барлық жеке меншік және мемлекеттік мектептері қатыса алады.
   Тапсырмалар олимпиаданың арнайы виртуалды платформасы (СodeMonkey) базасында электронды нұсқада   ұсынылады.

   Ұйымдастырушылардың хабарлауынша қазірдің өзінде еліміздің 12 өңірінен 1100-ден астам қатысушылар тіркелген.

Тапсырмаларға сілтеме олимпиаданың ресми сайтында 20 мамырда жарияланады  tp://www.lovetocode.org/olympiada.html. Олимпиада нәтижелері  сайтта 31 мамырға дейін жарияланады.

 

1905

Read more

Сәрсенбі, 18 Мамыр 2016

Робототехника

 

"Робототехниканы мектептің білім кеңістігіне енгізу" атты оқу семинары

Жүктеу

  "OMIX" Интернет-дүкені робототехника бойынша бағалық ұсыныс

Жүктеу

 "КазИнтерСервис" ЖШС робототехника бойынша бағалық ұсыныс

Жүктеу


Өңірлік курстардың кешені "Білім беру және спорттық робототехникасы"

Жүктеу
Read more

Жұма, 13 Мамыр 2016

KazRobosport-2016

       Ақмола облысы және Астана қаласы бойынша «KazRobosport-2016» бірінші біліктілік чемпионаты өз мәресіне жетті. Робототехника чемпионатын Білім және спорт «KazRobotiks» Қазақстандық Федерациясы ұйымдастырды. Жарыс М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында өткізілді.
Чемпионатта отыздан астам Астана қаласы мен Ақмола облысының командалары, сондай-ақ Қарағанды қаласынан ​​келген қонақтар қатысты. Қазылар алқасының құрамында Павлодар облыстық филиалының «KazRobotiks» федерациясының өкілдері болды.
Конкурс үш номинация бойынша өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша үш категориядан жеңімпаздар анықталды:
1-ші орын - Club «Robotech» —– «желісі бойынша Racing»;
1-ші орын - Робототехника клубы «Robotrek» —– «Robosumo»;
1-ші орын - НЗМ Астана «Kegelring».
Байқаудың қорытындысы бойынша үш номинация бойынша жеңімпаз атанды.
Бұл іс-шара әдеттегі Lego роботтар бар атаулы негізі Fichertechnik және HUNA-MRT дизайнерлер салынған роботтар қатысқан Қазақстан аумағында өткізілетін алғашқы кросс-платформалы чемпионаты болды.

 

mooc robots globe

Read more

Жұма, 06 Мамыр 2016

ActivInspire мүмкіндіктері

   14769164 w200 h200 2843.activinsp .jpg 550x0    2016 жылдың 3 – 6 мамыр аралығында Облыстық білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы «ActivInspire бағдарламалық қамтамасының интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін оқу процесінде пайдалану» тақырыбы бойынша тұрақты өткізілетін оқу семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты тыңдаушыларды ActivInspire программасының интерфейсімен және негізгі мүмкіндіктерімен таныстыру.
Семинарда тыңдаушыларға жобаларды жасау үшін бағдарламаның негізгі әдістері мен тәсілдері көрсетіліп, интерактивті флипчарттарды жасау бойынша практикалық дағдылар берілді.
Сонымен қатар, мұғалімдер әр түрлі объектілерден, нысандар мен интерактивті функциялардан, оған қоса дыбыс, анимация мен іс-әрекеттерден тұратын флипчарттарды жасауға үйренді. Семинарға Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының, Баянауыл, Май, Павлодар аудандарының жалпы орта білім беру мектебінен пән мұғалімдері қатысты.  Семинар соңында әдістемелік ұсынымдар беріліп, сертификаттар табысталды.

Read more

Бейсенбі, 28 Сәуір 2016

Сәрсенбі, 27 Сәуір 2016

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде

       Тәжірибе алмасу мақсатында 2016 жылғы 27 сәуір күні Облыс білім беру басқарамсының ақпараттық технологиялар орталығына Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының директор м.а. Ардақ Бақытқызы Еркамешева, білім беру үрдісін ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсету бөлімінің меңгерушісі Саягүл Ғаділжанқызы Алипбаева мен электрондық оқыту және техникалық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Максим Зайткалиұлы Кулекешов іссапармен келді.   
Кездесу кезінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде: тәжірибе, ізденіс, шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде қонақтарға орталық қызметі туралы фильм көрсетіліп, білім беру саласындағы ақпараттандыру, әдістемелік қызмет жүйесі, электрондық оқыту жүйесі мен ҰБДҚ жобаларын іске асыру мәселелері қарастырылды.
Қонақтарға ақпараттық-әдістемелік бөлімнің әдіскері М.Қ. Ибраим «С++ тілінде программалау негіздері», ақпараттық-әдістемелік бөлімнің басшысы А.С. Баймулдинова «Оқу процесінде ActivInspire БҚ интерактивті жабдықтар мүмкіндіктерін қолдану», электрондық оқыту жүйесі бөлімінің басшысы А.К. Жиренова «Мобильді қосымшаларды әзірлеу бойынша жұмыс», Павлодар қ. № 19 ЖОББМ информатика пән мұғалімі А.С. Серикбаев «Мобильді қосымшаны әзірлеу технологиясы Android –DelphiXE5» мастер-кластары көрсетілді.
Кездесуде орталық әдіскерлері әзірлеген әдістемелік құралдар мен жинақтар және де техникалық құралдардың ретро-көрмелері ұсынылды.
Кездесу соңында қонақтарға орталық қызметі туралы буклет және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» аналитикалық жинағы, дөңгелек үстелдің материалдарың дискілері жинақталған материалдар пакеті  берілді.
Күннің екінші жартысында қонақтарға  Павлодар бизнес-колледжі мен Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінде білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша жұмыстар көрсетілді.

 

DSC 0303

 

Read more

Жұма, 22 Сәуір 2016

Кәсіби шеберлікті арттыру

      Облыс білім беру басқарамасының ақпараттық технологиялар орталығы 2016 жылғы 11-15 сәуір аралығында информатика пәні мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру аясында «Олимпиада есептерін шығару әдістемесі»  атты оқыту семинарының 2 кезеңі апробациясын ұйымдастырды.

Read more

C++ тілінде бағдарламалау негіздері

11 2      2016 жылдың 20-23 сәуір аралығында облыстық ақпараттық технологиялар орталығында «C++ тілінде программалау негіздері» атты оқыту семинары ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға облыстың жалпы орта білім беру мектептерінен және мамандандырылған мектептерінен информатика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Оқыту семинарының басты мақсаты С++ программалау тілінің негізгі ұғымдарымен, алгоритмімен және оның іске асырылуымен танысу.
Семинар тыңдаушыларына C++ тілінде программалау негіздерінен теориялық және практикалық тапсырмалар, C++  кіріктірілген ортасының жаңа мүмкіндіктері көрсетілді, электрондық көрнекі материалдары ұсынылды, сонымен қатар өздік жұмысқа арналған тапсырмалар мен есептер дайындалды. Семинар тыңдаушылары әр түрлі деңгейлік есептер шығару барысында C++ ортасында программалау дағдыларын меңгерді, ол мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік берді. Семинар соңында әдістемелік ұсыныстар берілді.
     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторы, аға оқытушы  Медетов Бекболат Жаксылықұлы рецензиялаған, орталық әдіскерімен әдістемелік құрал әзірленді.

Read more

Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі

4
Нұрман Айгүл Талғатқызы
Ақтоғай ауданы
«Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
Салауатты өмір салты
4-сынып

Жүктеу

Read more

Сәрсенбі, 13 Сәуір 2016

Программалық қамтаманың жас әзірлеушісі

Омбы қаласында  2016 жылғы 10 сәуірде Омбы облысының Білім беру министрлігі мен Омбы облысының жас техниктер станциясы ұйымдастырған жас программистер мен дербес компьютер пайдаланушыларының IV халықаралық «Исток – 2016» конкурсының ақтық кезеңі өткізілді. Ресей Федерациясының Омбы облысы мен Павлодар облысы білім беру ұйымдарының серіктестігі шеңберінде Облыс білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2016 жылғы наурыз айында конкурстың іріктеу кезеңін өткізді.

Read more

Сейсенбі, 12 Сәуір 2016

ХVІ Сәтбаев оқулары

iС.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХVІ Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясы өз жұмысын бастады.
Конференция Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл қою рәсімімен ашылды.
Қонақтарды С.Торайғыров ат. ПМУ ректоры, саяси ғылымдарының докторы Арын Өрсариев қарсы алды.
Павлодар мемлекеттік универститетіне Қазақстан мен Ресей қалаларынан жас ғалымдар, студенттер мен оқушылар келді. Конференция жұмысы гуманитарлық, техникалық және жаратылыстану бағыттарындағы 16 секция бойынша жүргізілді. ПМУ жіберілген 1877 ғылыми баяндамалар 27 жинақта басылып шықты.  
Ақпараттық технологиялар орталығының мамандарына «Математика және информатика» секциясына қарасты «Информатика» секциясына қатысқандары үшін сертификаттар табысталды. Мамандардың мақалалары конференция жинағында жарияланды.

Read more

Жұма, 08 Сәуір 2016

АКТ құзыреттілігін арттыру

     grup trainingМұғалімдердің АКТ – құзыреттілігін арттыру мақсатында ақпараттық технологиялар орталығының мамандарымен 4 мен 7 сәуір аралығында Тереңкөл № 3 жалпы білім беру мектебінде  «ActivInspire бағдарламалық қамтамасының интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін оқу процесінде пайдалану» атты оқыту семинары ұйымдастырылды.    
Семинарда тыңдаушыларға жобаларды жасау үшін бағдарламаның негізгі әдістері мен тәсілдері көрсетіліп, интерактивті флипчарттарды жасау бойынша практикалық дағдылар берілді. 
Сонымен қатар, мұғалімдер әр түрлі объектілерден, нысандар мен интерактивті функциялардан, оған қоса дыбыс, анимация мен іс-әрекеттерден тұратын флипчарттарды жасауға үйренді.
Семинар соңында әдістемелік ұсынымдар беріліп, сертификаттар табысталды.

Read more

Бейсенбі, 07 Сәуір 2016

AutoPlay Media Studio 8 бағдарламасының мүмкіндіктері

Indigo.Rose.AutoPlay.Media.Studio.v8.0.1.0 1

    2016 жылғы 4-5 сәуір аралығында Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі базасында облыс білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы жалпы білім беру  және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына «AutoPlay Media Studio 8 бағдарламасы арқылы электрондық оқулық құрастыру» атты тақырыбы бойынша оқыту семинарын өткізді.
Семинарда тыңдаушыларға электрондық оқулық құрастыру үшін Visual Basic кіріктірілген бағдарламалық тілдің негізгі мүмкіндіктері және сапалы автожібергіш мәзірін, электрондық оқулықтар, интерактивті презентациялар, мультимедиалық қосымшалар жасауда визуалды құралдың мүмкіндіктері көрсетілді. Сонымен қатар, мұғалімдер жиі жасалатын әрекеттерді автоматтандыруға мүмкіндік туғызатын, қосымша модульдер-плагиндермен танысты. Тәжірибе жүзінде семинар тыңдаушылары AutoPlay Media Studio 8 бағдарламасы ортасында өз пәндері бойынша электрондық оқулық/кешен құрастыруды үйренді.

Read more

Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидалары бекітілді

ROLIKsvod2 0 01 23 01    Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы  Ж. Қасымбек 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығымен ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекітті.

Ақпараттандырудың сервистік моделі «Ақпараттандыру туралы» Заңның 6-бабы 3) тармақшасына, «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту бойынша талаптарға, сондай-ақ қағидаларға сәйкес бекітілетін ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы және  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бірыңғай талаптарға сәйкес реттеледі.

Қағидалардың мыналарға таралмайтынын атап өту қажет:

-мемлекеттік құпияға жатқызылған мәліметтер бар, оларды өңдейтін немесе беретін электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарға;

-«электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникативтік объектілерімен ықпалдастырылатын ақпараттық жүйелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің электронды ақпараттық ресурстары, ақпараттық жүйелері және ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымы.

«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымының операторымен мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникативтік қызметтерді көрсету АК-қызметтерді көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың негізінде жүзеге асырылады, оны жасасудың талабы АК-қызметтерді ақпараттық-коммуникативтік қызметтер каталогына енгізу болып табылады.

Мемлекеттік органдарда ақпараттандырудың сервистік моделін енгізу мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкес, немесе ол болмаған жағдайда, мемлекеттік функциялар мен көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру немесе оңтайландырумен байланысты қажеттіліктер туралы мемлекеттік органның ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісілген сұратуына сәйкес жүзеге асырылады.

Архитектураны әзірлеу, жүзеге асыруды сүйемелдеу мен дамыту аталған Заңның 7-бабы 17) тармақшасына сәйкес бекітілетін архитектураны әзірлеу, жүзеге асыруды сүйемелдеу мен дамыту ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органның ақпараттандырудың сервистік моделіне көшуі мемлекеттік органдарға АК-қызметтерді ұсынумен байланысты ақпараттандыру саласындағы АКТ-жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

АКТ-жобаларды іске асыру барысында мемлекеттік орган архитектураға немесе ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңестің ұсынымдары мен ұсыныстарына сәйкес өз ақпараттық жүйелерін ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымды жалға беру және платформаны жалға беру жөніндегі қызметтерді сатып алу жолымен «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникативтік платформасына көшіруді жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін дамыту серіктестермен сервистік бағдарламалық өнімдерді, стандтартты шешімдерді құру арқылы ақпараттандырудың сервистік моделінің аясында және осы Қағидалардың 11 тармағына сәйкес оператормен мемлекеттік органдарға АК-қызметтерді көрсетуі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру мына тәртіппен жүзеге асыралады:

1) мемлекеттік органдардың АК-қызметтерге қажеттіліктерін анықтау;

2) АК-қызметтерді құруды ұйымдастыру, ол келесілерді қамтиды:
   ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымды жалға беру бойынша қызметті құру;

   платформаны жалға беру бойынша қызметті құру;

   бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға беру бойынша қызметті құру;

3) мемлекеттік органдарға АК-қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру.

Read more

Жұма, 01 Сәуір 2016

Оқыту робототехникасы

      Оқыту робототехникасы құрастыру мен программалауды біріктіру арқылы оқу процесіне техникалық шығармашылық элементтерін енгізу барысында заманауи тәсілдерді жүзеге асыратын бағыт болып табылады.   
Информатика, математика, физика, сызуды интеграциялау оқушыларды нақты ғылымдарды меңгеруге ниеттендіреді, олардың алғашқы кәсіптік бағдарын қамтамасыз етеді.
Павлодар ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлері Айнагуль Кенжалиевна Жиренова және Роман Владимирович Власов  2016 жылғы 28 мен 30 наурыз аралығында Алматы қаласының М.Ганди атындағы №92 лицей-мектебінде «ОМIХ» ЖШС ұйымдастырған Arduino платформасындағы «Оқыту робототехникасы» атты семинарына қатысты.  
Arduino — аппараттық есептеуіш платформа, оның негізгі компоненттері енгізу-шығару платасы және әзірлеме ортасы болып табылады. Arduino  автономды интербелсенді объектілерді жасау үшін және де компьютерде орындалатын бағдарламалық қамтамаға қосылу үшін де қолданылады.
Осы семинардың мақсаты алдында кедергілерді көретін  және  ғимараттың дымқылдығы мен температурасын анықтайтын, смартфонмен басқаратын карапайым роботты жинақтау болып табылады.
Семинар бірнеше кезеңде өткізілді, бірінші кезеңде теориялық (кіріспе)  бөлімінде датчиктерді, модульдерді, қозғалтқыштарды егжей-тегжейлі зерттеді, білімдерін  тәжірибе жүзінде қолданды.
Қорытынды кезеңде нақты функцияларды орындайтын робот жинақталды.
Семинар  «ОМIХ» ЖШС мамандарымен  М.Б. Исмагуловтың басқаруымен ұйымдастырылды. Семинар  соңында тыңдаушыларға сертификат берілді.

 

IMAG0050

 

2565893855

IMAG00357

 

Read more

Бейсенбі, 31 Наурыз 2016

Информатика пәні бойынша облыстық олимпиада

    Павлодар облысы білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы информатика пәні бойынша облыстық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың мақсаты оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту мен есептеуіш ғылым, компьютерлік программалау және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау болып табылады.
Олимпиадаға қатысу үшін облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған  мектептерінен 6-9 сыныптардың 503 оқушысы ниет білдірді. Облыстық олимпиада екі кезеңде өткізілді. 2016 жылғы 25 наурызда І іріктеу кезеңіне тапсырмаларды қашықтықтан орындаған 218 оқушысы қатысты. 2016 жылғы 31 наурыз күні олимпиаданың ІІ кезеңіне І іріктеу кезеңінде ең жоғары балл алған 73 оқушысы  қатысты:  Павлодар қаласынан 26 оқушы, Ақсу қ. (1), Екібастұз қ. (10), Ақтоғай ауданынан (6), Качир ауданынан (1), Успенка ауданынан (3), Шарбақты ауданынан (2), мамандандырылған мектептерден (24).
Павлодар қаласының №19 ЖОББМ олимпиаданың екінші кезеңі өткізілді. Олимпиаданың шарттары бойынша оқушылар 3 сағат ішінде программалау бойынша 3 тапсырманы орындау керек болды.
Қатысушылар жақсы білімдерін көрсетіп, олимпиадаға дайындықпен келді. Қазылар алқасына жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтауға қиынға соқты.
Ұзақ интеллектуалды жарыс нәтижесінде I орынға Павлодар қ. № 34 ЖОББМ 6 сынып оқушысы Даниил Шиндов, Павлодар қ. дарынды балаларға арналған № 8 лицей мектебінің 7 сынып оқушысы Богдан Ходацкий және 9 сынып оқушысы Олеся Чеботарева, Павлодар қ. № 16 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Павел Стрюк, II орынға Павлодар қ. № 34 ЖОББМ 6 сынып оқушысы Богдан Поляков, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 6 сынып оқушысы Сулейман Сарбупеев, Павлодар қ. № 39 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Александр Титов, Ы.Алтынсарин ат. гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Алмас Ануарбеков, III орынға Екібастұз қ. № 10 ЖОББМ 6 сынып оқушысы Кирилл Шафоростов, дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 6 сынып оқушысы Рустем Хасанов, Павлодар қ. № 39 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Илья Холманских, Павлодар қ. дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Иван Лущ ие болды.
«Жаңашыл оқушы» номинациясы«Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 7 сынып оқушысы Ансар Ертаевқа және Павлодар қ. дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Адильхан Омаровқа берілді.
«Жас программист» номинациясы Павлодар қ. дарынды балаларға арналған № 10 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Арсен Сайлауға және Ы.Алтынсарин ат. гимназия-интернатының 7 сынып оқушысы Бибісара Ондириске берілді.
«Талпыныс» номинациясы «Жас дарын»  мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Асылхан Шоновқа және Павлодар қ. дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Ашера Дюсеноваға беріледі.
«Шығармашыл оқушы» номинациясы Екібастұз қ. № 1 мамандандырылған лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Ольга Харахоринаға және Павлодар қ. дарынды ұл балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Адлет Зейнекенге берілді.
Олимпиаданың салтанатты жабылу кешінде қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар облыстық білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

DSC 0124

 

Read more

Сейсенбі, 29 Наурыз 2016

Оқушылар арасындағы информатика пәнінен облыстық олимпиаданың I кезеңі

    konkurs2016 жылғы 28-29 наурызда Павлодар облысы білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы ұйымдастырған 6-9 сынып оқушылары  арасында информатика пәнінен облыстық олимпиадасының I кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту мен есептеуіш ғылым, компьютерлік программалау және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау болып табылады.
Олимпиадаға қатысу үшін 503 оқушыдан өтінім қабылданды. Олимпиаданың І іріктеу кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған  мектептерінен 6-9 сыныптардың 218 оқушысы қатысты.
ІІ кезеңге 73 оқушы, оның ішінде 6-7 сыныптың 34 оқушысы, ал 8-9 сыныптың 39 оқушысы өтті (Павлодар қ. – 26, Ақсу қ. – 1, Екібастұз қ. – 10, 2, Актоғай ауданы – 6, Качир ауданы – 1, Успенка ауданы – 3, Шарбақты ауданы – 2, мамандандырылған мектептер - 24 оқушы).                           
Олимпиаданың ІІ кезеңі 2016 жылғы 31 наурыз күні Павлодар қаласының №19 жалпы білім беру мектебінде өтеді.

Read more

Бейсенбі, 24 Наурыз 2016

Қазақстанда домендік атауларды тіркеу және тарату ережесі бекітілді

    1458497105 880ҚР инвестициялар және даму министрі  м.а. бұйрығымен  Қазақстандық кеңістікте интернет сегментін қолдану және таратудың тіркелу ережесі бекітілді деп хабарлайды Zakon. kz. сайтында. Домендік атауларды тіркеу қазақстандық кеңістікте орналасқан интернет сегментін «. kz» және «.ҚАЗ» домендік атауларын қолдану интернет – қорларын адрестеу мақсатында жүзеге асырылады.
Тіркелген  домендік атауларға екінші дәрежелі және кейінгі дәрежелі домендік атаулары жатады:
EDU.KZ – білім беру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ұйымдық резидентерін тіркеуге арналған үшінші дәрежелі домендік атау;
GOV.KZ – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын тіркеуге үшін арналған үшінші дәрежелі домендік атау;
MIL.KZ –  Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрлігі органдарын тіркеу үшін арналған үшінші дәрежелі домендік атау.
Үшінші дәрежелі домендік атауларды тарату тіркелген домендік атаулардан басқа осы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Тіркелген  домендік атауларды тарату өтініш бойынша тиісті қызмет түрлері осы ереженің 28 – тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы ереже 2016 жылдың 21 наурызында өз күшіне енеді.

Read more

Сейсенбі, 15 Наурыз 2016

Елімізде интернет қолданушылардың саны 8%-дан 68%-ға дейін ұлғайды

 0abf9c3c45d3ab114a942dc37ecfc63d dd8b7ff8bf5c8f59942bcbdd2b53cac9   Ел экономикасын дамыту үшін бизнес пен ақпараттық технологиялар интеграциясына қолайлы жағдай жасау керек. Бұл туралы Дүниежүзілік банк пен Орталық және Оңтүстік Азия өкілдерінің қатысуымен өткен отырыс барысында ҚР ИДМ басшысы Әсет Исекешев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, интернетті пайдалануға 3,2 млрд доллар жұмсалып отыр. Қолданушылар саны 13 млрд адамға жетті. «Сандық технологияны дамыту үшін интеграциядан бөлек баламалы шараларды да қарастыру қажет. Біріншіден, мемлекет іскерлік климат қалыптастыру керек. Сонда компаниялар еш қиындықсыз байланысқа шығып, бизнесті сандық технологиялар арқылы жүргізе алады. Екіншіден, білім беру жүйесін жаңа заман талаптарына сай ету керек. Үшіншіден, дамудың тиімді есеп беретін институттарын қалыптастыру қажет»,- деді Ә.Исекешев.
Министрдің айтуынша, Қазақстандағы интернет қолданушылардың саны 2006 жылғы 8%-дан 68%-ға дейін өскен. Мұндай нәтижеге 2013 жылы қабылданған «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаның арқасында қол жеткіздік.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкіметте жаңа сандық платформа жасалып, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа бағдарламаны әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр.
www.bnews.kz

Read more

Жұма, 11 Наурыз 2016

Білім беру контенттерін әзірлеу технологиясы

    2016 жылдың 9 - 11 наурыз аралығында Облыстық білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы «Білім беру контенттерін әзірлеу технологиясы. Adobe Captivate бағдарламасында электрондық оқу ресурстарын құру» тақырыбы бойынша тұрақты өткізілетін оқу семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты тыңдаушыларды Adobe Captivate программасының интерфейсімен және негізгі мүмкіндіктерімен таныстыру. Adobe Captivate – бұл .swf форматтағы бағдарламалық қамсыздандыруды ұсынуға, бейне-сабақтарды жазуға,  оқу презентацияларын және түрлі тесттерді құруға мүмкіндік беретін электрондық курстарды жасап түзетуге арналған программа.
Семинар бағдарламасы келесі сұрақтарды қамтиды:
- Adobe Captivate мүмкіндіктері;
- Жұмыс аумағы;
- Adobe Captivate автоматты түрде құрған слайдтарды түзету;
- Жобаларды жариялау.
Семинарға Павлодар, Ақсу қалаларының, Баянауыл, Ертіс, Успенка аудандарының жалпы орта білім беру мектебінен пән мұғалімдері қатысты.
Семинар тыңдармандарына электрондық оқу ресурстарын құруға арналған Adobe Captivate бағдарламалық қамсыздандырумен жұмыс жасау жайлы теориялық және практикалық материалдар ұсынылды, электронды ұсыну материалдары, өзіндік жұмысқа арналған практикалық тапсырмалар әзірленді.  Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды.

Read more

Жұма, 04 Наурыз 2016

Онлайн режимінде вебинар

 online 300x225  Облыс мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін, шығармашылық өсуін, ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында құзіреттілігін арттыру мақсатында 2016 жылдың 4 наурызында 1.sabak.kz  сайтындағы «Pavlodarskaya.oblast» бөлмесінде вебинар өткізілді.
Екібастұз қаласының № 13 ЖОМ-нің география пән мұғалімі Людмила Ивановна Хиль және Павлодар ауданының Заря ЖОМ-нің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жанар Зейнуллиновна Кайруллина осы вебинарлардың модераторлары болды.
Мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану әдістемесі туралы кең мағлұмат берді.
Вебинарлар компьютерлік технологияларды қолдану туралы жиналған тәжірибені,  мұғалімнің жұмысындағы әдістемелік қамтылуының ең негізгі және өзекті сұрақтарды анықтауды, білім беру ұйымдарына озық тәжірибені енгізуді қарастырып талқылауға салды.

Read more

Жұма, 26 Ақпан 2016

Электрондық оқулықты құрастыру

     Ақпараттық технологиялар орталығы 2016 жылғы 24-25 ақпан аралығында мұғалімдердің АКТ-құзыреттілігін арттыру мақсатында «AutoPlay Media Studio 8 бағдарламасы арқылы электрондық оқулық құрастыру» атты оқыту семинарын өткізді.
Семинарға Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен Качир ауданының жалпы білім беру, мамандандырылған және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің мұғалімдері қатысты.
Семинарда тыңдаушыларға электрондық оқулық құрастыру үшін Visual Basic кіріктірілген бағдарламалық тілдің негізгі мүмкіндіктері және сапалы автожібергіш мәзірін, электрондық оқулықтар, интерактивті презентациялар, мультимедиалық қосымшалар жасауда визуалды құралдың мүмкіндіктері көрсетілді.
Тыңдаушылар тәжірибе жүзінде AutoPlay Media Studio 8 бағдарламасында өз пәндері бойынша электрондық оқулықты құрастыру дағдыларын меңгерді.

Read more

Бейсенбі, 25 Ақпан 2016

Қашықтық семинарға қатысу

          2016 жылғы 25 ақпанда білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталық басшысының  орынбасарлары, облыс білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталық әдіскерлері, мамандандырылған облыс мектептерінің мұғалімдері Swiss American Academy SA (Швейцария) компаниясының  "Екінші халықаралық орта білім беру" атты қашықтық семинарына қатысты. Семинар 1.sabak.kz  порталында  онлайн режимде мемлекет Басшысының Қазақстан халқына  жолдауын орындау  шеңберінде "Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан" атты, сондай-ақ, "Тілдердің үштұғырлығы" мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында  ҚР білім және ғылым Министрлігінің "Дарын"  Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен өткізілді. Семинарды  Swiss American Academy SA  компаниясының  президенті Георгий Махвиладзе жүргізді.    
          Семинардың мақсаты – жаратылыстану-математика циклі пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдердің  педагогикалық шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру, олардың құзыреттілігін және дарынды балаларды олимпиадаларға дайындау шеберлігін қалыптастыру болып табылады.
         Облыстан семинарға 37 білім беру мекемелері қосылды. білім басқармасының ақпараттық технологиялар орталығының модераторлары тікелей техникалық қолдау көрсетті.

Read more

Сәрсенбі, 24 Ақпан 2016

Microsoft Office кеңейтілген мүмкіндіктері

       2016 жылғы 22-23 ақпан аралығында мұғалімдерді Microsoft Office бағдарламалық қамтаманың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға үйрету мақсатында ақпараттық технологиялар орталығы «Microsoft Office кеңейтілген мүмкіндіктері» тақырыбндағы оқыту семинарын ұйымдастырды. Семинар жұмысына Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының жалпы білім беру мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінің педагогтары қатысты.
Семинардың бағдарламасы теориялық материалды меңгерумен қатар, Word, Excel  және Power Point бағдарламалық қамтамада практикалық тапсырмаларды орындау да  қарастырылған. Әдіс-тәсілдерді бекіту тапсырмаларды орындау кезінде жүзеге асырылады (олардың барлығы мұғалімдердің курстық дайындығы барысында апробациядан өткізілді). Оқыту семинардың барысында тыңдаушылар өз жұмыстарын көрсетіп таныстырды. Семинар қорытындысы бойынша сертификаттар табысталды.
Microsoft Office бағдарламалық қамтамамен жұмыс істеудің практикалық дағдылары мұғалімдерге оқу-тәрбие процесінде пайдалану үшін сапалы презентациялар жасауға мүмкіндік береді.

Read more

Сәрсенбі, 17 Ақпан 2016

Samsung компаниясы 4К –дисплейімен бірінші ноутбугін жарнамалады

1447098627а 021    Samsung маркасының  ДК портативті ассортименттінің  қатары тағы да жаңа екі үлгімен толықты, солардың біреуі – ATIV Book 9 Pro – компанияның 4К дисплеймен шығарылған өнімі. ATIV Book 9 Pro экранның диагоналі 15,6 дюйм болғанда  3840*2160 нүктені көрсетеді, 500 нитке дейін жарықтыққа ие және сенсорлық басқаруды қолдайды. Лэптоптың «Жүрегі» қызметін Intel Core i7 2,6 тактілік жиілікті процессоры атқарады, сол уақытта графиктерді өңдеу үшін онда жауап беруші дискретті GPU  NVIDIA GeForce GTX 950M бар. Сонымен қатар,  ATIV Book 9 Pro бірге Samsung компаниясы ATIV Book 9Spin моделін жарнамалады, алдыңғыдан  13,3 дюймдік тачскрин ажыратымдылығы 3200*1800 пиксел және максимальды жарықтылығы 700 нит, 2,5 – ГГц-ті процессор Core i7, дискретті графиканың болмауы және салмағы 1,3 кг ие. ATIV Book 9 Spin экранының диагоналінің кішілігінің арқасында және GPU ықпалдастығының ұзақтығы ATIV Book 9 Pro – тен 7 сағатқа таяу уақытқа дейін көп болады. Сонымен қатар, ноутбук 360 градусқа дейін айналатын планшет ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін айналмалы дисплеймен жабдықталған.

144709864427 021

14470981627 021

Read more

Сейсенбі, 09 Ақпан 2016

ҚР БҒМ "Өнімді инновациялар" жобасын іске қосады

   Innovation22016 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ) сомасы $100 млн  құрайтын технологияларды коммерцияландыру одан әрі дамыту бойынша жаңа жоба  "Өнімді инновациялар"жүйесінің іске қосады. Бұл туралы ведомство басшысы Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді, - деп хабарлайды  премьер-министр сайтында. 
  Астанада өткен "Инновациялық экожүйені Қазақстанда құру: технологияларды коммерцияландырудан  өнімдік инновацияға ынталандыру " халықаралық конференцияда  Аслан Сәрінжіпов 2016 жылы коммерцияландыру технологиялары бойынша  "Өнімді инновация"  жаңа бағдарламасы  іске қосылатындығын  жариялады.   Ол, жоба құны $100 млн  құрайтын  маңызды стратегиялық мәні бар және әзірлемелерді коммерцияландыруға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған жүйесін одан әрі дамыту көзделгенін айтты.

 Қазақстанда инновациялық белсенділік  айтарлықтай жоғарылады және осы көрсеткіш бойынша Ресей мен Түркия елінің  деңгейіне жеткенін атап өтті.

 

Read more

Бейсенбі, 04 Ақпан 2016

PascalABC.NET ортасында программалау

Novosti    2016 жылдың 1-4 ақпан аралығында облыстық ақпараттық технологиялар орталығында «PascalABC.NET ортасында программалау негіздері» атты оқыту семинары өткізілді. Семинарға аудандардың жалпы орта білім беру мектептерінен және мамандандырылған мектептерінен информатика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинардың басты мақсаты PascalABC.NET ортасында программалау тәсілдерін игеру.
Семинар тыңдармандарына PascalABC.NET ортасында бағдарламалау негіздерінен теориялық және практикалық тапсырмалар, PascalABC.NET кіріктірілген ортасының жаңа мүмкіндіктері көрсетілді, электрондық көрсету материалдары ұсынылды, сонымен қатар өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар мен есептер дайындалды. Семинар тыңдармандары әр түрлі деңгейлік есептер шығару барысында PascalABC.NET ортасында бағдарламалау дағдыларын меңгере отырып, мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік берді. Семинар соңында әдістемелік нұсқаулар берілді.

Read more

Дүйсенбі, 01 Ақпан 2016

Лицензияның болуы

 

2018 жылы  Elluminate Live лицензиясы бар мектептер тізімі

№  Қала/аудан Барлығы Лицензиясы бар Лицензиясы жоқ
1   Павлодар қаласы 42 39 3
2 Екібастұз қаласы 43 40 3
3 Ақсу қаласы 26 21 5
4 Ақтоғай ауданы 26 3 23
5 Баянауыл ауданы 26 7 19
6 Железин ауданы 32 5 27
7 Ертіс ауданы 26 1 25
8 Қашыр ауданы 28 27 1
9 Лебяжі ауданы 23 7 16
10 Май ауданы 14 1 13
11 Павлодар ауданы  26 1 25
12 Успен ауданы 19 4 15
13 Щарбакты ауданы 26 4 22
14 Мамандандырылған мектептер 14 11 3
Барлығы   371 171 200

 

 

Read more

Қаңтар айында өтетін онлайн семинарлар, вебинарлар кестесі

 №  Күні Уақыты Өткізді
1 10.01.2018 14.00-15.00 Білім беру басқармасы, (ББТО)
2 10.01.2018 15.00-16.00 Білім беру басқармасы, (ББТО)
3 12.01.2018 11.00-12.00  ТЖ департаменті
4 17.01.2018 14.00-15.00 Білім беру басқармасы, (ББТО)
5 17.01.2018 15.00-16.00 Білім беру басқармасы, (ББТО)
6 24.01.2018 14.00-15.00 Білім беру басқармасы, (ББТО)
7 24.01.2018 15.00-16.00 Білім беру басқармасы, (ББТО)
8 25.01.2018 15.00-16.00 АТО вебинар
9 26.01.2018 11.00-12.00 ТЖ департаменті
10 31.01.2018 14.00-15.00 Білім беру басқармасы, (ББТО)
11 31.01.2018 15.00-16.00 Білім беру басқармасы, (ББТО)
Read more

Жұма, 29 Қаңтар 2016

Білім беру контенттерін әзірлеу технологиясы

     2016 жылдың 27 - 29 қаңтар аралығында Облыстық білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы «Білім беру контенттерін әзірлеу технологиясы. Adobe Captivate бағдарламасында электрондық оқу ресурстарын құру» тақырыбы бойынша тұрақты өткізілетін оқу семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты тындаушыларды Adobe Captivate программасының интерфейсімен және негізгі мүмкіндіктерімен таныстыру.
Adobe Captivate – бұл .swf форматтағы бағдарламалық қамсыздандыруды ұсынуға, бейне-сабақтарды жазуға,  оқу презентацияларын және түрлі тесттерді құруға мүмкіндік беретін электрондық курстарды жасап түзетуге арналған программа.
Семинар бағдарламасы келесі сұрақтарды қамтиды:
- Adobe Captivate мүмкіндіктері;
- Жұмыс аумағы;
- Adobe Captivate автоматты түрде құрған слайдтарды түзету;
- Жобаларды жариялау.
Семинарға Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектебінің пән мұғалімдері, Технологиялық колледж және Ақсу қаласының Жаяу-Мұса атындағы колледж оқытушылары қатысты.
Семинар тындармандарына электрондық оқу ресурстарын құруға арналған Adobe Captivate бағдарламалық қамсыздандырумен жұмыс жасау жайлы теориялық және практикалық материалдар ұсынылды, электронды ұсыну материалдары, өзіндік жұмысқа арналған практикалық тапсырмалар әзірленді.  Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды.

Read more

Сейсенбі, 26 Қаңтар 2016

Қазақстанда мемлекеттік органдардың үздік сайттары аталды

      «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2015 жылдың қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстары тиімділігінің мониторингін жүргізді. Зерттеу мақсаты - сайттардың тиімділік, азаматтарға қажетті ақпараттың  қолжетімділік деңгейін анықтау және ресурстардың дамуы бойынша ұсыныстар беру, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Мамандар 12 орталық мемлекеттік органдардың, 36 орталық мемлекеттік органдар комитеттерінің, сондай-ақ 16 облыс және Астана мен Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарын бағалады. ҚР инвестициялар мен даму министрінің м.а.-ның 2015 жылдың 18 ақпанындағы № 135 бұйрығымен бекітілген ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес ресурстар негізгі өлшемдер бойынша бағаланады, олардың жалпы үлес мағынасы 25 баллды құрауы тиіс.
Мониторинг нәтижесі бойынша орталық мемлекеттік органдар арасында көшбасшылар ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі және ҚР Энергетика министрлігі болып шықты. Олардың артықшылықтары қатарында пайдаланушыларға тікелей бағыттылығын, пайдаланушы назарын ең маңызды бөлімдерге аудартуға және ақпараттық материалдардың үлкен көлемінде оңай бағдар табуға бағытталған навигацияның функционалдық жүйесін атауға болады. Екінші орында ҚР Ұлттық банкінің интернет-ресурсы, үшінші орында - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
Жергілікті атқарушы органдар арасында үздік болып Оңтүстік-Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсы танылды. Сайт мәзір бөлімдерінің анық құрылымдылығымен, жақсы ақпараттық толықтырылуымен және көрсетілген ақпараттың өзектілігімен ерекшеленеді. Екінші орын Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсында, үшінші орында - Алматы қаласының сайты.
Мониторинг нәтижесі бойынша, барлық бағаланған ресурстар үшін негізгі ұсынымдар шығарылды. Олардың негізгісі: атқарылған қызмет бойынша өзекті ақпаратты орналастыру, құрылым бойынша деректерді тәртіптеу, толық байланыс деректерін ұсыну және тағы басқалары.
http://www.inform.kz/kaz/article/2862876

Read more

Жұма, 22 Қаңтар 2016

AUTOPLAY MEDIA STUDIO бағдарламасының мүмкіндіктерін игеру

     2016 жылғы қаңтар айының 19-20 аралығында мұғалімдердің АКТ-құзыреттілігін арттыру бойынша облыс білім беру басқармасы ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен «AutoPlay Media Studio 8 бағдарламасы арқылы электрондық оқулық құрастыру» атты тақырыбы бойынша оқыту семинары өткізілді.
Семинарда тыңдаушыларға электрондық оқулық құрастыру үшін Visual Basic кіріктірілген бағдарламалық тілдің негізгі мүмкіндіктері және сапалы автожібергіш мәзірін, электрондық оқулықтар, интерактивті презентациялар, мультимедиалық қосымшалар жасауда визуалды құралдың мүмкіндіктері көрсетілді. Сонымен қатар, мұғалімдер жиі жасалатын әрекеттерді автоматтандыруға мүмкіндік туғызатын, қосымша модульдер-плагиндермен танысты. Тәжірибе жүзінде тыңдаушылар AutoPlay Media Studio 8 бағдарламасы ортасында өз пәндері бойынша электрондық оқулық құрастыруды үйренді.

Read more

Сейсенбі, 12 Қаңтар 2016

Интерактивті әдіс-тәсілдерді оқытуда қолдану

2016 жылғы қаңтар айының 5-9 аралығында облыс білім беру басқармасы ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен мұғалімдердің АКТ-құзыреттілігін арттыру бойынша Екібастұз қаласының №26 мектеп-гимназиясында «ActivInspire БҚ интерактивті құралдың мүмкіндіктерін оқу процесінде пайдалану» тақырыбындағы оқыту семинары өткізілді.

ActivInspire БҚ сынып ішінде қолдануға жасалған және мұғалімдерге өз жұмыстарында интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламалық қамтамасыздандыру арқылы оқытушылар әр түрлі құрал-саймандар, суреттер, дыбыстар, қимылдар және көптеген қосымша ресурстармен жұмыс жасай алады.
Тақтада қолмен және қаламмен жұмыс істеуге болатын жаңа технологияның кеңейтілген мүмкіндіктері, сонымен қатар жаңа математикалық теңдеулер редакторы оқытуда кеңейтілген мүмкіндіктер әлемін ашады. Оқыту семинары ActivInspire бағдарламасы ортасымен тәжірибе жүзінде танысуға, флипчарттармен жұмыс жасау дағдыларын меңгеруге бағытталған. Мұғалімдер оқушылардың зейінін оқу процесіне қойып, ойлау қабілетін арттыру үшін ActivInspire бағдарламасының қарапайым және тиімді құрал-саймандарымен жұмыс істеуге үйренді.

Read more

Сәрсенбі, 06 Қаңтар 2016

«Бізді қоршаған әлем» және «STOPcadr» аймақтық конкурстар

     Ресей Федерациясы Омск облысының әкімшілігі мен Павлодар облысының әкімдігінің арасындағы ынтымақтастық шеңбер аясында облыстық білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы аумақтық конкурс ұйымдастырды, конкурс ережелері http://pvlcit.kz/ мекен-жайы бойынша орналасқан. Мақсаты - әуесқой фотосуретшілердің шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық талғамын, фотоөнерге қызығушылығын, оқушылардың шығармашылық қызметін дәріптеуді дамыту болып табылады.
Жалпы білім беру мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының студенттері мен оқытушыларының арасында «Бізді қоршаған әлем» үздік бейнероликтер мен «STOPcadr» фотоконкурсы жарияланды.
Конкурс жұмыстарында біздің табиғаттың әсемдігі, туған өлкенің көрікті жерлері, оның мәдени және енбек жетістіктері, қоршаған ортаның әлеуметтік жағдайы мен мәселелері бейнеленген.
54 конкурстық жұмыстар жіберіп, 10 жұмысы жүлделі орынға ие болған Омск қаласының жас техниктер станциясының «АртХАУС» кино-фотостудия ұйымы конкурсқа белсенді қатысты.
Фотоконкурсқа 10 бағыт бойынша 207 жұмыс қабылданды: үздік фотосурет - «Көрікті жерлер», «Студенттік күндер», «Қазіргі заман батырлары», «Ақ-қара фотосурет», үздік фотоколлаж - «Түнгі қала», «Қалалық пейзаж», «Туған өлке панорамасы», «Салауатты өмір салты», «Бет қырынының сұлбасы», «Жыл мезгілдері».
Соның ішінде Омск қаласы 46 жұмыс ұсынды, Павлодар қаласы – 36, Баянауыл ауданы – 3, Железинка ауданы – 5, Ертіс ауданы – 14, Лебяжі ауданы – 4, Успенка ауданы– 28, Шарбақты ауданы – 6, облыстық мектептер – 30, ТжКБ ұйымдары – 29, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар – 6.
Оқушылар мен студенттерге арналған «Мен студентпін, бұл…», «Әлеуметтік ролик», «Профориентациялық ролик», «Қазіргі заман батыры «Халық каһарманы»», «Біздің тарихымыздың қайнар көзі» - Қазақ хандығының 550-жылдығы, «Біздің күшіміз - бірлік пен татулықта» - Қазақстан халықтар Ассамблеясының 20-жылдығы, «Павлодар-Омск» және оқытушыларға арналған «Панорамалық сабақ», «Сыныптан тыс іс-шара» атты бағыттар бойынша «Бізді қоршаған әлем» бейнероликтер конкурсына 61 жұмыс қабылданды.
  Ақпараттық технологиялар орталығының сайтында пікір қалдыру және қарау мүмкіндігімен конкурстық жұмыстар орналастырылды.

Read more

contacts blue_logocontacts blue_logologo moodle

1ea2afa36617949433c4a80a10f2440d

938EE369885C4C1B7E84E6C321AA197DBAFC8C33771B9D1EE1pimgpsh fullsize distr

nobd

 

reception
Виртуалды қабылдау
сұрақ - жауап

АНОНС

Prev Next

"Бізге ерліктер туралы айт" облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсы

29-03-2021

Ақпараттық технологиялар орталығы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы тарихты есте сақтау, жастар мен өскелең ұрпаққа тарихи сауаттылық пен патриоттық тәрбие...

«The Best Mobile App – 2020» облыстық мобильді қосымшалар конкурсына қатысуға шақырамыз!

18-11-2020

  Құрметті қатысушылар! Егер де, Сіз, заман талабына сай өмір сүріп, мобильді қосымшаларды тұтынушылар қатарынан болсаңыз, бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу саласындағы өз...

Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсына қатысуға шақырамыз!

05-11-2020

  Құрметті қатысушылар! Егер Сіз, өз еліңіздің патриоты болсаңыз, Тәуелсіздік күніне орай жерлестеріңізді құттықтап, ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерліктерін паш еткіңіз келсе,...

Құрметті әріптестер!!!

28-04-2020

     Сіздерге,  «Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар интернет-фестиваліне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі 2020 жылдың 30 мамырына дейін ұзартылатыны туралы...

Пайдалы сілтемелер

wp

75b44b0e9c2e5d305fa323c6c51d3476 MВидеотека

 

123456789321

Фотогалерея

27972131 1205894149554968 5051857739057277168 n

Официальный сайт Президента Республики Казахстан

akimat Акимат Павлодарской области pr Назарбаев   центр Rs1NzyaYb5M Акимат города Павлодар   nish Интелектуальная школа Назарбаев  
gerb Министерство образования и науки Республики Казахстан egov Электронное правительство Республики Казахстан  c8ae625272c1e5fbf8387088bba04167 original.61111 Управление образования Павлодарской области  gglobal         Виртуальный проект