2019
Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2019
«Болашаққа бағдар» облыстық бейнероликтер конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері
- Article Details
Гран-при
Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжі
1 курс студенті Орманбай Арайлым
Железин ауданының Славянов ЖББНМ 9 сынып оқушысы Лисс Рита
I орын
Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ
11 сынып оқушысы Садвокасова Айдана Железин ауданының №2 НЖББМ оқушылары
Севостьянова Капиталина, Альсеитова Сандугаш, Чуприкова Арина
ІІ орын
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы
Антмухаметова Анэль
Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының тәрбиеленушілері
Байсұлтан Абылай, Есен Алдияр
IІІ орын
Шарбақты ауданының №3 НЖББМ 10 сынып оқушылары
Резниченко Арина, Сальникова Анастасия
Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушылары
Мустафина Нурай, Дюзеева Мадина
Жұма, 20 Желтоқсан 2019
«The Best Mobile App – 2019» облыстық қашықтық мобильді қосымшалар конкурсы өз мәресіне жетті
- Article Details
Павлодар облысы білім беру басқармасы мен облыстық ақпараттық технологиялар орталығы бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу саласында инновациялық технологиялардың рөлін арттыру, мобильді платформалардың қосымшаларын бағдарламалау және дизайн саласында оқушылардың білімі мен қабілеттілік деңгейін арттыру мақсатында «The Best Mobile App – 2019» облыстық мобильді қосымшалар конкурсын ұйымдастырды.
Жұма, 13 Желтоқсан 2019
«Болашаққа бағдар» облыстық бейнероликтер конкурсы өз мәресіне жетті
- Article Details
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және білім алушылардың Қазақстанның келешек экономикасы мен еңбек нарығына қажетті және сұранысқа ие болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауы үшін мамандықтарды зерделеудегі шығармашылық ыңғайын белсендендіру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық-мәнді кәсіптік бағдар қызметіне тарту мақсатында Облыс білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2019 жылғы 11 қараша мен 6 желтоқсан аралығында «Болашаққа бағдар» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсын өткізді. Конкурсқа Павлодар, Екібастұз қалалары, Павлодар, Ақтоғай, Железин, Шарбақты, Ертіс аудандарының жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері белсенді қатысты. Оқушылар мен студенттер болашақ мамандықты таңдау барысында зор жауапкершілікпен қарайтындығын өз бейнероликтерінде көрсетуге тырысты. Қазылар алқасына 33 әр түрлі және қызықты жұмыстар арасында жеңімпаздарды анықтау қиынға түсті. Бірақ өздерінің креативті идеяларымен және шығармашылық көзқарастарымен 8 бейнероликтердің авторлары ерекше көзге түсті:
Гран-при жүлдесін Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінің 1 курс студенті Орманбай Арайлым мен Железин ауданының Славянов жалпы білім беретін негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы Лисс Рита иеленді.
I дәрежелі диплом иегерлері Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Садвокасова Айдана мен Железин ауданының №2 негізгі жалпы білім беру мектебінің оқушылары Севостьянова Капиталина, Альсеитова Сандугаш, Чуприкова Арина атанды.
ІІ дәрежелі дипломға Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Антмухаметова Анэль мен дарынды ер балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернатының тәрбиеленушілері Байсұлтан Абылай, Есен Алдияр лайықты деп танылды.
IІІ дәрежелі диплом иегерлері Шарбақты ауданының №3 негізгі жалпы білім беру мектебінің 10 сынып оқушылары Резниченко Арина, Сальникова Анастасия мен Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушылары Мустафина Нурай, Дюзеева Мадина атанды.
Жұма, 01 Қараша 2019
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланушылардың үздіктері
- Article Details
2019 жылғы 1 қараша күні облыс мұғалімдері мен оқушылары арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдер мен оқушыларды қолдау мақсатында білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» облыстық конкурсының ақтық кезеңін өткізді.
Облыстық конкурсқа ұсынылған 55 жобаның (Павлодар қ. – 7 жоба, Аксу қ. - 2, Екібастұз қ. - 1, Ақтоғай ауданынан – 1, Железин ауданынан - 7, Аққулы ауданынан - 1, Май ауданынан - 3, мамандандырылған мектептерден - 16, ТжКБ – 16, қосымша білім беру ұйымдардан – 1) ішінде, 50 жұмыс ақтық кезеңге өтті.
Конкурс 7 бағыт бойынша өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша 25 жобаның авторлары жеңімпаз атанды.
І дәрежелі диплом иегерлері Екібастұз қаласының №13 мектеп мұғалімі Светлана Николаевна Николаенко, Павлодар қаласының №43 мектеп мұғалімі Мейрамгул Кудайбергеновна Кабышева, Павлодар жоғары басқару колледжінің педагогы Павел Сергеевич Стадник, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының мұғалімі Бағдәулет Асанұлы Нұрмат, Павлодар технологиялық колледжінің педагогы Гульнура Серикжановна Аспанова, Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары Егор Балыков, Рудольф Дик, Даниил Нуруллаев, Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясының оқушылары Данэля Мубаракова мен Жансұлу Кайргалым атанды.
ІІ дәрежелі дипломды Ақсу қаласының №7 мектебінің мұғалімі Анастасия Егоровна Дугина, Ақтоғай ауданының Приречин мектебінің мұғалімі Асемгуль Тулеулыевна Магзумова, «Жас дарын» мамандандырылған мектебі мен Павлодар техникалық сервис колледжі педагогтары Айдар Аблаевич Шайхимов, Ануарбек Сабырович Ахметшаихов, Зура Доланбековна Кенжебаева, Шарбақты аграрлық-техникалық колледжі педагогы Иван Владимирович Воронов, Ақпараттық технологиялар колледжі педагогы Дархан Русланович Шойтынов, Ақпараттық технологиялар колледжі педагогы Талгат Темиржанович Жалпаков, Ақпараттық технологиялар колледжі педагогы Ольга Вилорьевна Тенизова, Ақпараттық технологиялар колледжі студенті Рахима Ибрагимова, Павлодар қ. Б.Момышұлы атындағы мектеп оқушысы Аманали Еркинов иеленді.
ІІІ дәрежелі дипломға Железин ауданының Славянов мектебінің мұғалімі Ирина Александровна Лисс, Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының мұғалімі Анар Толыбаевна Альдекенова, Павлодар қаласының №17 мектебінің мұғалімдері Махаббат Қасенқызы Ибраим мен Зарина Рамазановна Мухамеджанова, Май ауданының Е. Мұқашев атындағы мектебінің мұғалімдері Марат Омарович Жакупов пен Мухтар Ерганатұлы Ахмет, Аққулы ауданының Жамбыл мектебінің мұғалімдері Бауржан Нурлыбекович Оразалин мен Алмаз Ерболатович Оспанов, Ақпараттық технологиялар колледжі педагогы Жанар Еркыновна Садыкова, Облыстық көп салалы лицей-интернатының мұғалімі Алишер Асенович Асамбаев, «Жас дарын» мамандандырылған мектебі оқушысы мен Павлодар техникалық сервис колледжі студенті Алихан Абугалиев пен Әлишер Елекеев, Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы оқушылары Дамир Абетанов мен Дастан Кадыркулов ие болды.
Конкурс жүлдегерлері мен жеңімпаздары білім беру басқармасының Дипломдарымен және құңды сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, Білім беру басқармасының грамоталарымен келесі номинациялар бойынша жобалар белгіленді:
«Әдіскер мұғалім» - Железин ауданының Михайлов мектебінің мұғалімі Лариса Николаевна Гайдар, Шарбақты аграрлық-техникалық колледжі педагогы Оксана Павловна Никитина.
«Жаңашыл мұғалім» - «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені мұғалімі Татьяна Васильевна Щегляева.
«Бағдарламашы мұғалім» - Облыстық көп салалы лицей-интернаты мұғалімдері Мадина Николаевна Сагитова мен Гульнар Багимовна Нургазина.
«Үздік интерактивті құрал» - Железин ауданының №1 мектебінің мұғалімі Алия Ерсиновна Маратова, Ақсу қаласының № 24 бөбектер бақшасы педагогы Дана Юрьевна Нагасимова, Май ауданының Көктөбе мектебінің мұғалімі Динара Мерболатовна Бейсекова.
«Бағдарламашы оқушы» - Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернаты оқушылары Мамыржан Каримов пен Бибісара Өндіріс. «Жаңашыл оқушы» - Железин ауданының №2 мектеп оқушысы Равиль Асанов.
Дүйсенбі, 28 Қазан 2019
«Білім берудегі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» облыстық конкурсы іріктеу кезеңінің қорытындысы
- Article Details
Білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2019 жылғы 20 қыркүйек пен 28 қазан аралығында «Білім берудегі ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» облыстық конкурсының іріктеу кезеңін өткізді.
Конкурстың мақсаты: облыс мұғалімдері мен оқушылары арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдер мен оқушыларды қолдау.
Облыстық конкурсқа облыстың 7 ауданынан, 7 мамандандырылған мектебінен, 8 колледжден, сонымен бірге 1 қосымша білім беру ұйымынан жұмыстар ұсынылды (Павлодар қ. – 7 жоба, Аксу қ. - 2, Екібастұз қ. - 1, Ақтоғай ауданынан – 1, Железин ауданынан - 7, Аққулы ауданынан - 1, Май ауданынан - 3, мамандандырылған мектептерден - 16, ТжКБ – 16, қосымша білім беру ұйымдардан – 1).
Екінші ақтық кезеңге 50 жоба іріктелініп алынды, оның ішінде мұғалімдер арасында 34 жұмыс, ал оқушылар арасында 16 жоба.
Іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар 2019 жылғы 1 қараша күні ақтық кезеңде Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінің базасында өз жобаларын қорғайды.
Тіркелу: сағат 9.00-ден 09.45-ке дейін
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
Конкурстың қорытындысы 2019 жылғы 1 қарашада білім беру басқармасының (http://edupvl.kz) және ОАТО (http://pvlcit.kz) сайттарында жарияланады.
Іріктеу кезенінің хаттамасы>>>
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019
ҰББДҚ бойынша cеминар
- Article Details
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2010 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 16 -17 қыркүйекте Ақпараттық технологиялар орталығы Ақпараттық-аналитикалық орталықпен бірлесіп Ұлттық білім беру базасында (ҰБДҚ) оқыту семинарларын өткізді. Семинар аясында қатысушылар ақпараттық жүйеде дұрыс тіркелу туралы, ақпараттық жүйенің жұмыс тәртібі және ҰБМБ - да жұмыс істеу кезінде қажетті әдістемелік ұсыныстар туралы толық ақпарат алды. Олар төлқұжат бөлімдеріндегі толықтыруларға және білім беру ұйымдары ақпараттық жүйеде жұмыс жасау кезінде кездесуі мүмкін мәселелерге назар аударды. Сондай - ақ, облыстың білім басқармалары мәліметтерді жүктеу алгоритмі көрсетілді.
Дүйсенбі, 19 Тамыз 2019
Информатика пән мұғалімдерінің облыстық тамыз секциясы
- Article Details
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы бүгінгі күні негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бағдарлама аясында жаңа қазақстандық білім мен ғылымды енгізу белсенді іске асырылуда. Педагог қызметкерлерінің тамыздық кеңесінің тақырыбы осы мәселеге арналды.
«Қазақстандық білім және ғылымның жаһандық құндылықтары мен сапасы» атты педагог қызметкерлерінің тамызық кеңесі аясында 2019 жылғы 19 тамыз күні Облыстық дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернатының базасында информатика пән мұғалімдерінің секциялық отырысы өткізілді.
Секция жұмысына 21-тан астам маман қатысты, оның ішінде білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, директор орынбасарлары, информатика пән мұғалімдері. Отырыста білім беру мазмұнының жаңартылуы, 2019-2020 оқу жылындағы информатика пәнін оқыту ерекшеліктері, «Толықтырылған шыңдық», «Flash» технологияларын қолдану, сонымен қатар, 3D-модельдеуге оқыту және оқу процесін автоматтандыру мәселелері қаралды.
Отырыс барысында педагогтар қатарынан облыстық конкурс жеңімпаздары мен облыс мектептерінің озат информатика пән мұғалімдері: дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері А.А. Сыздыкова, Май ауданы білім беру бөлімі басшысының орынбасары А.К. Жиренова, «Жас дарын» мектебінің информатика пәні мұғалімі А.А. Шайхимов, Павлодар қ. №34 ЖОББМ информатика пән мұғалімі А.М. Смурыгин, Екібастұз қ. №16 ЖОБМ информатика пәні мұғалімі К.Ю. Толмачева, Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының информатика пәні мұғалімі Э.Т. Абылгазина өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Секциялық отырыстың қорытындысы бойынша үздік деп танылған баяндама авторлары орталықтың грамоталарымен марапатталды және барлық қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді.
Read more
Сенбі, 17 Тамыз 2019
«Заманауи ақпараттық технологиялар және бизнес» аймақаралық IT-форумы
- Article Details
16 тамыз күні Павлодар қаласында Инвесторлар үйінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев пен Павлодар облысы әкімі Болат Жұмабекұлы Бакауовтың қатысуымен «Заманауи ақпараттық технологиялар және бизнес» аймақаралық IT-форумы өткізілді.
Форум барысында цифрлық экожүйені дамыту арқылы халықтың тұрмыс сапасын арттыру, сонымен қатар экономика салаларының, оның ішінде, өңіріміздің өнеркәсібі мен агро өнеркәсіп саласын цифрландырылуы жайлы мәселелер талқыланды.
Форумда «Astana HUB», «Алюминий Қазақстан» АҚ, «Ticketon», «Booking.com», «ҰАТ» АҚ және басқалары, сонымен бірге ҚР СІМ, С.Торайғыров ат. ПМУ өкілдері сөз сөйледі.
IT- жобалар көрмесінде облыс оқушылары өздерінің жобаларын ұсынды: «Өте тиімді Low Jet ұшағы» (дарынды балаларға арналған №8 лиуей-мектебінің оқушылары Кристина Зелева, Мирас Коблан, Дмитрий Никифоров, Динмухамед Косанов), «Заманауи интеллектуалды үй» (Баянауыл ауданының Майқайын №2 ЖОББМ оқушылары Адиль Капаров мен Айым Уахит), «Scanbot» (Павлодар қ. №11 ЖОББМ оқушылары Аида Абилева, Андрей Дорохин).
Форум аясында Astana HUB халықаралық технопаркі мен С.Торайғыров атындағы ПМУ арасында ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қатысушылар, сөздерінен кейін қойылған сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар, форум сайтында тіркелген қатысушылар арасында құңды сыйлық ойналды.
Read more
Сейсенбі, 13 Тамыз 2019
Ашық бюджет
- Article Details
Төлемдер бойынша мекемені қаржыдландырудың жеке жоспары |
Жүктеу |
Дүйсенбі, 29 Шілде 2019
Казастандықтар ЭЦҚ ұзарту үшін ХҚКО-ға қайта бару қажет емес
- Article Details
ЭЦҚ-ны смартфондарға жүктеп алу мүмкіндігі азаматтарда бірнеше айдан кейін пайда болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Аблайхан Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Біз бүгін азаматтарға сандық қолтаңба алу оңай болуы үшін жұмыс жүргізудеміз. ЭЦҚ-ны мобильді қосымшаға бір рет жүктеп алу мүмкін болатындай істегіміз келеді. Немесе ЭЦҚ-ны мобильді қосымша арқылы алуға болатындай мүмкіндік жасаймыз. Менің ойымша, екі-үш ай ішінде біз оны енгіземіз», - деп хабарлады А. Оспанов.
Бүгін, А. Оспановтың айтуынша, министрлікте азаматтар ХҚКО-ға бармай –ақ электронды форматта ЭЦҚ кедергісіз алу үшін белсенді жұмыс жасауда.
«Егер сіз ЭЦҚ-ны телефонға орнатсаңыз, сіз Face ID-ті телефонға байлай алатындай мүмкіндікті береміз және сол арқылы сізде ЭЦҚ бар екенін ұмытасыз. Сіз жай ғана телефоныңызды бетке жақындатсаныз ол автоматты түрде барлық сұрауларды растайтын болады", — деп толықтырды вице-министр.
Нұр-Сұлтан қаласында SMART-сыныптар ашуды жоспарлап отыр
- Article Details
Президент болашақ әскери инженерлерді, ІТ-мамандарды және робототехниктерді өсіру қажеттігін мәлімдеді. Нұр-сұлтан қалалық әскери басқару және білім басқармасының жергілікті органдарының басшылық құрамы қала мектептерінде SMART-сыныптар құру мәселесін қарастыруда. SMART-сыныптар құру қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеу кезінде ұсыныс айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz.
"Кадрлар даярлау мен әскери-патриоттық тәрбие беру аясында болашақ әскери инженерлерді, ІТ-мамандарды, робототехниктерді, жасанды интеллект бойынша мамандарды өсіру қажет. Бұл SMART ұрпағы деп аталады. Ең алдымен физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептер жанында "Жас сарбаз" қозғалысының негізінде SMART-SARBAZ үйірмесін құруды ұсынамын", — деп мәлімдеді ҚР Президенті. "Ақылды" сыныптар жаңа оқу жылында енгізіледі деп болжануда.
Жұма, 07 Маусым 2019
Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты
- Article Details
Мемлекеттiк тілдегі бiлiм беру Web-ресурстарының толық масштабты жұмыс жасауын қамтамасыз етуге мүмкiндiк туғызу, мемлекеттiк тiлдi дамыту басымдылығын нығайту мақсатында 2012 жылдан бастап Павлодар облысының білім беру басқармасы, тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен облыстық ақпараттық технологиялар орталығы бірлесе «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» облыстық байқауын өткізуде.
7 жыл арасында 200-ден астам білім беру ұйымының сайттары бақтарын сынап, 86 білім беру ұйымының сайттары мемлекеттік тілдегі ең үздік сайттар деп танылды.
Осы жылы байқау 7 маусым күні Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінде өткізілді. Байқаудың ақтық кезеңіне облыс білім беру ұйымдарының 25 web-ресурсы қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен І дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының №40 жалпы орта білім беру мектебі, Аққулы ауданының Лебяжі жалпы орта білім береу мектебі, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломға Ертіс ауданның білім беру бөлімі , Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беру мектебі, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі, Павлодар техникалық сервис колледжі, Ертіс ауданының Ұзынсу жалпы орта білім беру мектебі ие болды.
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері - Павлодар қаласының №7 жалпы орта білім беру бейіндік бейімдеуге мамандандырылған мектебі, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназия, Павлодар ауданының Ефремовка орта жалпы білім беру мектебі, облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернаты сайттары.
Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының грамотасымен Аққулы ауданының Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі мен Баянауыл ауданының №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі «Ең мазмұнды сайт», Май ауданының Ақжар жалпы орта білім беру мектебі мен "Жігер" балалар жасөспірімдер клубы «Ең интерактивті сайт», Павлодар қаласының № 2 жалпы орта білім беру мектебі мен Павлодар қаласының Б. Момышұлы ат. № 22 жалпы орта білім беру мектебі «Үздік ақпараттық сайт» аталымдары бойынша марапатталды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен, тілдерді дамыту басқармасының грамоталарымен, және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жұма, 24 Мамыр 2019
Ең үздік интерактивті сабақтар
- Article Details
Интерактивті жабдықтарды білім беру үдерісінде қолдану аясында педагогтардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру, белсенді және дарынды оқытушылардың үздік іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға қолдау көрсету мақсатында 2019 жылғы 1 ақпан мен 24 мамыр аралығында Павлодар облысы білім беру басқармасы мен Облыстық ақпараттық технологиялар орталығы облыс ұстаздары арасында «Үздік интерактивті сабақ» атты педагогикалық идеялар интернет-фестивалін өткізді.
Фестивальге жаратылыстану–математикалық пәндер, қоғамдық–гуманитарлық пәндер, бейіндік оқыту, бастауыш сыныптардағы оқыту, сабақтан тыс оқыту бағыттары бойынша жұмыстар қабылданды.
Фестивальге оқу-тәрбие процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді енгізуші облыстың 123 оқытушысы қатысуға ниет білдірді. Бірақ, оның ішінде, Фестивальдің талаптарына сәйкес іріктеу нәтижесінде 74 жұмыс қабылданып, облыстық ақпараттық технологиялар орталығының (http:// pvlcit.kz) сайтында 29 сәуір мен 13 мамыр аралығында пікірлер қалдыру үшін жарияланды. Фестивальдің қорытындысын шығару барысында сыни пікірлер ескерілді.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес «Жаратылыстану–математикалық пәндер» бағыты бойынша Павлодар қаласының Мұхтар Әуезов ат. №42 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Замира Шамуритовна Эргашова және Ертіс ауданының Қосағаш ЖОББМ физика пәні мұғалімі Идрисова Айгерим Назымбековна 1 орын, Павлодар қаласының Б.Момышұлы ат. №22 ЖОББМ физика пәні мұғалімі Гулмира Тельмановна Молдабаева 2 орын, Май ауданының Малайсары ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Аубакирова Жанагуль Толеуовна 3 орын иегерлері атанды.
«Бастауыш сыныптардағы оқыту» бағыты бойынша 1 орынды Павлодар қаласының №21 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Сауле Каирбергеновна Шукурбаева және Железин ауданының Славяновка ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Ирина Александровна Лисс, 2 орынды Павлодар қаласының №16 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі мұғалімі Армангуль Мухтаровна Сыздыкова және Екібастұз қаласының №24 гимназия-мектебінің Малика Сапаровна Кабыкенова, 3 орынды Ақсу қаласының Ю.Гагарин ат. ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Жанна Шарапиденовна Байгозинова және Железин ауданының Лесная ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Тамара Борисовна Дюсенова иеленді.
«Сабақтан тыс оқыту» бағыты бойынша 1 орынға Павлодар қаласының №25 ЖОББМ география пәні мұғалімі Асылгул Байболаткызы Камбарова, 2 орынға Павлодар қаласының Б.Момышұлы ат. №22 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Нургуль Ахметбековна Жангазина, 3 орынға Железин ауданының Веселая Роща ЖОББМ музыка пәні мұғалімі Мейрамгуль Мейрамбековна Жакупова иеленді.
«Қоғамдық–гуманитарлық пәндер» бағыты бойынша 1 орын иегерлері - Павлодар қаласының №37 ЖОББМ орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Ляйла Омиржановна Мукатова, 2 орын - «Зерде» мамандандырылған мектебінің тарих пәні мұғалімі Арайлым Океновна Турганбаева, 3 орын - Екібастұз қаласының №24 гимназия-мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ботагоз Абилжановна Балтабаева.
«Бейіндік оқыту» бағыты бойынша Павлодар техникалық сервис колледжінің оқытушысы Айдар Абылаевич Шайхимов 2 орын, Павлодар техникалық сервис колледжінің оқытушысы Зура Доланбековна Кенжебаева 3 орын иегерлері атанды.
Сонымен қатар, облыс білім беру басқармасының мадақтау грамотамасымен келесі жобалар марапатталды:
«Үміткер» номинациясы - Павлодар қаласының №2 сәбилер бақшасының мектепке дейінгі білім беру мұғалімі Любовь Николаевна Сундукова және Павлодар қаласының №30 ЖОББМ математика пән мұғалімі Жадра Сункарбековна Кабулова.
«Жаңашыл» номинациясы - Ақсу қаласының №24 сәбилер бақшасының мектепке дейінгі білім беру мұғалімі Дана Юрьевна Нагасимова және Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Асель Назмбековна Нахметова.
«Іздемпаз» номинациясы - Павлодар қаласының №126 сәбилер бақшасының мектепке дейінгі білім беру мұғалімі Анастасия Ивановна Процкая және Павлодар қаласының №43 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Динара Сериковна Уныйбаева.
«Шығармашыл» номинациясы - Павлодар қаласының №36 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Гулжан Дуйсеновна Абдрахманова және Май ауданының Малайсары ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Роза Маратовна Жакупова.
«Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар интернет-фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері
- Article Details
«Жаратылыстану–математикалық пәндер» бағыты
1 орын
Павлодар қаласының Мұхтар Әуезов ат. №42 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Замира Шамуритовна Эргашова
Ертіс ауданының Қосағаш ЖОББМ физика пәні мұғалімі Айгерим Назымбековна Идрисова
2 орын
Павлодар қаласының Б.Момышұлы ат. №22 ЖОББМ физика пәні мұғалімі Гулмира Тельмановна Молдабаева
3 орын
Май ауданының Малайсары ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Жанагуль Толеуовна Аубакирова
«Бастауыш сыныптардағы оқыту» бағыты
1 орын
Павлодар қаласының №21 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Сауле Каирбергеновна Шукурбаева
Железин ауданының Славяновка ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Ирина Александровна Лисс
2 орын
Павлодар қаласының №16 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі мұғалімі Армангуль Мухтаровна Сыздыкова
Екібастұз қаласының №24 гимназия-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Малика Сапаровна Кабыкенова
3 орын
Ақсу қаласының Ю.Гагарин ат. ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Жанна Шарапиденовна Байгозинова
Железин ауданының Лесная ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Тамара Борисовна Дюсенова
«Сабақтан тыс оқыту» бағыты
1 орын
Павлодар қаласының №25 ЖОББМ география пәні мұғалімі Асылгул Байболаткызы Камбарова
2 орын
Павлодар қаласының Б.Момышұлы ат. №22 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Нургуль Ахметбековна Жангазина
3 орын
Железин ауданының Веселая Роща ЖОББМ музыка пәні мұғалімі Мейрамгуль Мейрамбековна Жакупова
«Қоғамдық–гуманитарлық пәндер» бағыты
1 орын
Павлодар қаласының №37 ЖОББМ орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Ляйла Омиржановна Мукатова
2 орын
«Зерде» мамандандырылған мектебінің тарих пәні мұғалімі Арайлым Океновна Турганбаева
3 орын
Екібастұз қаласының №24 гимназия-мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ботагоз Абилжановна Балтабаева
« Бейіндік оқыту » бағыты
2 орын
Павлодар техникалық сервис колледжінің оқытушысы Айдар Абылаевич Шайхимов
3 орын
Павлодар техникалық сервис колледжінің оқытушысы Зура Доланбековна Кенжебаева
ГРАМОТАЛАР:
«Үміткер» номинациясы
Павлодар қаласының №2 сәбилер бақшасының мектепке дейінгі білім беру мұғалімі Любовь Николаевна Сундукова
Май ауданының Малайсары ЖОББМ информатика пән мұғалімі Жанагуль Толеуовна Аубакирова
«Жаңашыл» номинациясы
Ақсу қаласының №24 сәбилер бақшасының мектепке дейінгі білім беру мұғалімі Дана Юрьевна Нагасимова
Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Асель Назмбековна Нахметова
«Іздемпаз» номинациясы
Павлодар қаласының №126 сәбилер бақшасының мектепке дейінгі білім беру мұғалімі Анастасия Ивановна Процкая
Павлодар қаласының №43 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Динара Сериковна Уныйбаева
«Шығармашыл» номинациясы
Павлодар қаласының №36 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Гулжан Дуйсеновна Абдрахманова
Май ауданының Малайсары ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Роза Маратовна Жакупова
Бейсенбі, 16 Мамыр 2019
"Үздік интерактивті сабақ" интернет-фестивалінің жұмыстарына қалдырған пікірлерге талдау
- Article Details
2019 жылғы 14-15 мамыр аралығында сайт пайдаланушылары "Үздік интерактивті сабақ" интернет-фестивалінің жұмыстарына қалдырған пікірлерге талдау жүргізілді. 74 конкурстық жұмыстардың 63 жұмысқа 3288 пікірлер берілді. Жалпы берілген пікірлерден, жұмысқа қандай да бір шын мәнінде баға беретің, объективті болып табылатын 1298 – і іріктелді. 2019 жылдың 20 мамыр күні қазылар алқасы конкурстық жұмыстарды сараптау және бағалауды өткізеді. 2019 жылғы 24 мамырда конкурстың қорытындысы шығарылып, Білім басқармасы мен ақпараттық технологиялар орталығының сайттарында нәтижелері жарияланады.
«YOUNG PROGRAMMER» бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада/Областная олимпиада по программированию «YOUNG PROGRAMMER»
- Article Details
Сейсенбі, 30 Сәуір 2019
«YOUNG PROGRAMMER» бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада
- Article Details
30 сәуір күні «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар» жобасы аясындағы алғашқы облыстық «YOUNG PROGRAMMER» бағдарламалау бойынша олимпиада өткізілді. «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар» жобасы «Нұр Отан» партиясының бастамасы ретінде 2018 жылдан бастап Павлодар облысында іске асырылуда. Облыс білім беру ұйымдарында 29 IT-сыныптар ашылған және де 40 IT-сынып ашылу жоспарлануда.
Павлодар облысы білім беру басқармасының басшылығының бастамасымен және IT-сыныптарының білім алушылары арасында облыстың интеллектуалды дарынды, талантты және креативті оқушыларды анықтау мақсатында олимпиада бағдарламалау, робототехника, 3D-модельдеу үш бағытында өткізіліп, 66 оқушыдан құралған 22 команда қатысты.
Олимпиада барысында қатысушыларға Scratch ортасында ойын әзірлеу, Sketch Up бағдарламасында шахмат тақтасы мен фигураларының моделін жасау, робототехника жарысында өздерінің құрастырушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсету керек болды.
Жоғары оқу орындары, колледждер оқытушылары мен облыс мұғалімдері құрамына кірген, қазылар алқасының алдында әр бағыт бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және де ең көп жеңіс алған олимпиаданың үздік командасын анықтау міндеті тұрды.
Ұзақ зияткерлік дода нәтижесінде «5-7 сынып оқушылары арасында Scratch ортасында бағдарламалау» бағытында 3 орынға облыстық көп салалы лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Жаслан Аубакиров, 2 орынға Ақсу қаласының №4 ЖОББМ 5 сынып оқушысы Давид Деккер, 1 орынға дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Милана Кондратюк иеленді.
«7-9 сынып оқушылары арасында LEGO MINDSTORMS робототехникасы» бағытында 3 орынға Баянауыл ауданының Ш.Айманов ат. мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Едіге Бердеш, 2 орынға дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 7 сынып оқушысы Арман Аубакиров, 1 орынға - Павлодар қаласының №1 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Даниил Петряков иеленді.
«7-9 сынып оқушылары арасында SketchUp 3D-модельдеу» бағытында 3 орынға «Зерде» мамандандырылған мектебінің 7 сынып оқушысы Жансая Бейсенбай, 2 орынға дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Фарид Аймульдин, 1 орынға Баянауыл ауданының Майқайын №2 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Нурмухаммед Макатаев иеленді.
Білім беру басқармасының грамоталарымен марапатталды:
- «Жаңашыл оқушы» аталымы М.М. Катаев ат. Оқушылар сарайының тәрбиеленушісі Артур Бражникке, Павлодар қаласының №22 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Смайыл Егеубайға, Павлодар қаласының №26 ЖОББМ 6 сынып оқушысы Владислав Купавченко берілді.
- «Шығармашыл оқушы» аталымы дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 6 сынып оқушысы Даниял Нұртаза, облыстық көп салалы лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Мейрам Жомартовқа, Екібастұз қ. №26 гимназия-мектебінің 9 сынып оқушысы Төлеген Төлеутайға берілді.
- «Үміткер» аталымы Ертіс ауданының №3 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Виктор Диль, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Адильхан Қосановқа және 6 сынып оқушысы Саят Ағзамға берілді.
Ең көп жүлделі орындарға иеленген дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің командасы олимпиаданың «Ең үздік команда» аталымына ие болды.
Осы бастама балалардың креативті ойлау қабілетін дамытады, өз мақсаттарын іске асыруға септігін тигізіп, технологиялық дамыған әлемде өмір сүруге дайындайды. IT-сыныптар қабырғасында алған білім болашақта табысты бағдарламашылар мен стартаперлерді өсіруге мүмкіндік береді.
Read more
Бейсенбі, 25 Сәуір 2019
«Үздік интерактивті сабақ» жұмыстарын бағалауға қатыс!
- Article Details
2019 жылғы 29 сәуірден 13 мамырға дейін сайтымыздың «АӘБ қызмет түрлері» тарауында «Үздік интерактивті сабақ» атты Интернет-фестивальға қатысушылардың жұмыстары еркін жүктеуге және танысуға қол жетімді. Тілек білдіргендер сайыс жұмыстарына өз пікірлерін қалдыра алады. Қазылар алқасы жұмыстарды бағалау барысында пікірлерді ескере отырады.
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2019
"Әл-Фараби және математика" интеллектуалды сайыс
- Article Details
Мухамедярова Кульжанат Сагидулловна
Шарбақты ауданы
Жылыбұлақ ЖНББМ
математика
12-13 жас
Read more
Correct ways of using computer / Компьютерді дұрыс пайдалану жолдары
- Article Details
Жумабекова Мадина Оразхановна
Павлодар қ.
№20 лицей-мектебі
информатика
7-8 сынып
Read more
"Абай - дана, Абай - дара қазақта" Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған сыныптан тыс шара
- Article Details
Сыздыкова Айнур Алтынсариновна
Павлодар қ.
№ 7 ЖОББББММ
информатика
7 сынып
Read more
Сейсенбі, 23 Сәуір 2019
Уақыт өлшем бірліктері, Уақытты анықтау
- Article Details
Атик Назгүл Омаровна
Шарбақты ауданы
Шегірен ЖОББМ
математика
1 сынып
Read more
"Газэлектрдәнекерлеушінің жұмыс орнының қауіпсіздігі. Септік жалғаулары"
- Article Details
Кенжебаева Зура Доланбекқызы
Павлодар қ.
"Павлодар техникалық сервис колледжі"
Профессиональный казахский язык
1 курс
Read more
Дәстүрлі тамақ
- Article Details
Абышева Айымгуль Бакыбаевна
Павлодар қ.
Павлодар бизнес-колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті
1 курс
Read more
"Математикалық модельдеудің негізгі принциптері. Модель арқылы зерттеу объектілерінің талдануы"
- Article Details
Шайхимов Айдар Абылаевич
Павлодар қ.
"Павлодар техникалық сервис колледжі"
АСУ ТП
2 курс
Read more
Teenage years
- Article Details
Авазова Зарина Файдрахмановна
район Аққулы
Тлектесская СОШ
английский язык
11 класс
Read more
Влияние Великого шелкового пути на экономическое и культурное развитие средневекового Казахстана
- Article Details
Бознак Елена Егоровна
г. Павлодар
ГУ "Областной многопрофильный лицей-интернат для одаренных детей"
история и обществознания
6 класс
Read more
"Причины глобальных проблем энергетики. Знаки препинания в СПП с придаточной определительной"
- Article Details
Дерунова Екатерина Николаевна
Железинский район
СОШ № 2
русский язык и литература
10 класс
Read more
Қазақтың зергерлік өнері
- Article Details
Игликова Гульмира Какимовна
Павлодар қ.
Дарынды балаларға арналған №8 лицей - мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті
6 сынып
Read more
Құдықтың суы тұщы
- Article Details
Идрисова Карагоз Шакратовна
Павлодар қ.
Дарынды балаларға арналған №8 лицей - мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті
3 сынып
Read more
М. Шаханов «Отрарская поэма о побеждённом победителе, или Просчёт Чингисхана»
- Article Details
Резник Анна Васильевна
г. Павлодар
СОШ № 26
русский язык и литература
5 класс
Read more
Понятие гражданского права
- Article Details
Таран Елена Геннадьевна
г. Павлодар
гимназия № 3
истории, права, обществоведения
9 класс
Read more
Изменение в хозяйстве и совершенствование орудий труда
- Article Details
Шишлов Максим Иванович
г. Павлодар
СОШ № 21
история
5 класс
Read more
Дүйсенбі, 22 Сәуір 2019
Цикл с постусловием
- Article Details
Ибраим Махаббат Қасенқызы
г. Павлодар
СОПШДО №17
информатика
8 класс
Read more
Тіс. Тістің құрлысы
- Article Details
Койлыбаева Ардак Токтасыновна
Май ауданы
Малайсары ЖОББМ
биология
8 сынып
Read more
Расчет стоимости компьютера
- Article Details
Литвинчук Марина Николаевна
г. Павлодар
СОШ №26
информатика
9 класс
Read more
Логарифмдік теңдеулер және олардың жүйелері
- Article Details
Кайдар Аянагул
Шарбақты ауданы
Шегірен ЖОББМ
математика
11 сынып
Read more
Угол
- Article Details
Слепнёва Елена Сергеевна
г. Павлодар
Школа-лицей № 8 для одаренных детей
математика
5 класс
Read more
Сейсенбі, 16 Сәуір 2019
Павлодар облысының оқушылары "INFOMATRIX-ASIA 2019" байқауында жеңімпаз атанды
- Article Details
Алматы қаласында 2019 жылдың 10-14 сәуір күндері өткізілген «INFOMATRIX-ASIA 2019» Халықаралық компьютерлік жобалар конкурсына әр мемлекеттерден 400 оқушы қатысты.
Жас зерттеушілер 7 номинацияда білімдерін сынады: математикалық жобалар, робототехника, бағдарламалау, компьютерлік графика мен өнер, басқару жүйелері, қысқа метражды фильмдер, дрондар жарысы.
Өңіріміздегі дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушылары жыл сайын бұл байқауда жарқын жеңістерімен көрініп жатыр, биылғы жыл да табысты болды.
Конкурс қорытындысы бойынша Рахад Шыңғыс және Кенесары Ринатұлы күміс медаль иеленді. С.Демирел университетінің 100%-дық оқу гранты 11 сынып оқушысы Рахад Шыңғысқа берілді.
Дүйсенбі, 08 Сәуір 2019
Үштілділік білім беруде Quizlet.com ресурсын информатика сабақтарында пайдалану
- Article Details
Quizlet-бұл сізге қажетті оқу материалын меңгерудің және есте сақтаудың ең оңай жолы. Карточкаларыңызды және оқу модульдеріңізді жасаңыз немесе басқа пайдаланушылармен жасалған миллиондардың ішінен таңдаңыз-бұл сіздің таңдау. Ай сайын 30 миллионнан астам оқушы Quizlet-ті пайдаланады, себебі бұл қарапайым және тиімді түрде шет тілдерін, тарихты, лексиканы және жаратылыстану ғылымдарын үйрену үшін жетекші қосымшалар. Сондай-ақ ол тегін!
Көптілді білім беру жағдайында мұндай ресурстар мұғалімдерге оңай және қызықты сабақтар өткізуге көмектеседі. Информатика сабағында Quizlet-ті қолдану тәжірибесімен Май ауданы Жалтыр ЖОББМ информатика мұғалімі Ибраева Зауре Бейсенбекқызы онлайн режимінде 1.sabak.kz сайтында Павлодар облысының мұғалімдермен бөлісті.
Вебинарға 40-тан астам білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты. Зауре Бейсенбекқызы Quizlet жұмысымен таныстырып, информатика сабағында осы ресурстың мүмкіндіктерін қалай пайдалануға болатынын айтты. Сондай-ақ Quizlet-те жасалған өз әзірлемелерін көрсетті.
«Active Presenter» бағдарламасы арқылы бейнематериалдарды әзірлеу
- Article Details
Оқу орындарында оқытудың заманауи әдістемесі педагог қолымен жасалған немесе интернеттен алынған медиа, демонстрациялық, интерактивті материалдарды пайдалануды талап етеді. Өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдану үшін педагогқа көптеген бағдарламалар ұсынылады және оған көптеген сандық құралдардың бірін таңдау қиынға түседі.
Сабақ кезінде педагогқа оқыту бейнелерін жасау үшін қолдануға болатын ең жақсы нұсқа ATOMI фирмасының «Active Presenter» бағдарламасы.
Вебинар барысында осы бағдарламаны қолдану тәжірибесімен Май ауданы Май ЖОББМ ағылшын тілі мұғалімі Марат Ильяшевич Түсіпбаев бөлісті.
Марат Ильяшевич «Active Presenter» бағдарламасында жасалған өзінің оқу бейнероликтерін ұсынды, сондай-ақ бағдарламаның интерфейсімен таныстырды.
Бағдарлама пайдаланушысына интуитивті түсінікті интерфейс және экраннан бейне жазу, оны әрі қарай өңдеу үшін барлық құралдар берілген. Сондай-ақ, ол Microsoft компаниясының Power Point бағдарламасына ыңғайлы балама болып табылады, онда әрбір жеке аудио және түсіндіретін аннотацияларды немесе шығарманы қоса отырып слайдтар жасауға мүмкіндік бар.
Read more
Сәрсенбі, 03 Сәуір 2019
BilimLand Жобалық жұмыс байқауын жариялайды
- Article Details
BilimLand жаңашылдыққа жаны жақын оқушыларды ынталандыруға әрі мадақтауға әрқашан дайын. АКТ мен электронды ресурстарды қолдану барысында шығармашылық қабілеттерді, танымдық белсенділікті дамыту және ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында BilimLand Жобалық жұмыс байқауын жариялайды!
Жобалық мансап оқу кезінде алған білімі мен қабілетін қолдана отырып, практикалық тапсырмаларды орындауды көздейді. Жобалар байқауына қатысуы үшін мұғалім мен оқушы бірігіп, Мұғалім+Оқушылар (2 оқушыдан артық емес) тобын құруы қажет.
Осы жылы байқау ҚР Білім және ғылым министрлігінің (29.11.2018 ж. №656 бұйрық) «Ұсынылған пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-шаралардың тізбесіне» енді.
Байқау жұмысы құрамында интернет-ресурстары (мысалы: bilimland.kz, twig-bilim.kz, khanacademy.org, ted.com, e-history.kz, youtube.com және т.б.) бар толыққанды жазылған жоба жоспары (word-құжат форматында) және зерттеудің барлық кезеңдері: мәселені көтеру (ашу), теориялық деректер, прототип немесе жоба моделі және оларды жасау, зерттеу нәтижелері, т.б. көрсетілген mp4 форматындағы бейнеролик болуы керек.
Сараптама комиссиясы жобалық жұмыс тақырыбының өзектілігіне, практикалық қолданысына және зерттеу нәтижесінің бірегейлігіне ерекше назар аударады.
Байқау өткізу Ережесімен мұқият танысып шығыңыз!
Жұмыстар bilimland.kz сайтында қабылданады.
Жұмыстарды қабылдау 2019 жылдың 20 мамырында аяқталады. Байқау қорытындысы 01.07.2019 жылға дейін bilimland.kz порталында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
Толығырақ https://bilimland.kz/kk/news-articles/blog/ylym-zholynda-zhana-belesterdi-bahyndyrayyq
Read more
Жұма, 29 Наурыз 2019
6-9 сынып оқушылары арасындағы бағдарламалау бойынша облыстық олимпиадасы/Областная олимпиада по программированию среди учащихся 6-9 классов
- Article Details
6-9 сынып оқушылары арасында программалау бойынша облыстық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері
- Article Details
I орын
Павлодар қ. №39 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Ксения Гусак
Дарынды ер балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Анай Қасымхан
Павлодар қ. №34 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Максим Колодин
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Егор Трусов
II орын
Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Әлихан Келден
Павлодар қ. №34 ЖОББМ 6 сынып оқушысы Семен Юревич
Павлодар қ. №9 ЖОББГМ 9 сынып оқушысы Назар Сакенов
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Евгений Васин
III орын
Екібастұз қ. №10 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Олег Шафоростов
Павлодар қ. №9 ЖОББГМ 9 сынып оқушысы Темир Байдильдин
Дарынды ер балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Муслим Садвакасов
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Матвей Гончаров
«Жаңашыл оқушы» номинациясы
Екібастұз қ. №1 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Владислав Рябицкий «Зерде» мамандандырылған мектебінің 7 сынып оқушысы Анель Рамазан
Павлодар қ. №34 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Максим Малыгин
«Жас программист» номинациясы
Ақтоғай ауданының М.Қайырбаев ат. ЖОББМ 7 сынып оқушысы Денис Алистратенко
Абай ат. №10 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Абылайхан Аманкулов
Павлодар қ. №9 ЖОББГМ 7 сынып оқушысы Аскар Сералинов
«Талпыныс» номинациясы
«Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Сулейман Сарбупеев
Екібастұз қ. №1 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Александр Людинин
Дарынды ер балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Әлихан Жеңісбек
«Шығармашыл оқушы» номинациясы
Павлодар қ. №39 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Диана Вакулина
Алтынсарин ат. гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы Ақдаулет Қаббар
Павлодар қ. №9 ЖОББГМ 9 сынып оқушысы Али Ертаев
Бейсенбі, 28 Наурыз 2019
Бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада жеңімпаздары
- Article Details
2019 жылғы 28 наурыз күні Облыстық білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 6-9 сынып оқушылары арасындағы бағдарламалау бойынша облыстық олимпиадасын өткізді.
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту мен есептеуіш ғылым, компьютерлік бағдарламалау және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау мақсатында олимпиада 2014 жылдан бастап өткізілуде. 5 жыл аралығында олимпиадаға облыстың жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінен 1000 аса оқушылар қатысты. Оның ішінде, 80 астам оқушы жүлдегерлер мен жеңімпаздар атанып, кейбір жеңімпаздар бағдарламалау саласында халықаралық және республикалық олимпиадаларда жақсы көрсеткіштерге жетуде.
Осы жылы олимпиадаға қатысу үшін облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінен 6-9 сыныптардың оқушыларынан 140 өтінім берілді. Облыстық олимпиада екі кезеңде өткізілді. І қашықтық іріктеу кезеңіне 71 оқушы қатысты. Павлодар қаласының №34 мектебінде олимпиаданың ІІ ақтық кезеңіне 46 оқушы қатысты. Қатысушылар жақсы білімдерін көрсетіп, олимпиадаға дайындықпен келді.
Ұзақ интеллектуалды жарыс нәтижесінде I орынға Павлодар қ. №39 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Ксения Гусак (мұғалімі, Алевтина Михайловна Гурина), дарынды ер балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Анай Қасымхан (мұғалімі, Шыңғыс Қайратұлы Бұрхан), Павлодар қ. №34 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Максим Колодин (мұғалімі, Илья Олегович Поляков), дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Егор Трусов (мұғалімі, Светлана Геннадьевна Васина), II орынға Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Әлихан Келден (мұғалімі, Каламкас Кызыровна Анкежанова), Павлодар қ. №34 ЖОББМ 6 сынып оқушысы Семен Юревич (мұғалімі, Илья Олегович Поляков), Павлодар қ. №9 ЖОББГМ 9 сынып оқушысы Назар Сакенов (мұғалімдері, Татьяна Анатольевна Потехина және Наталья Ивановна Витковская), дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Евгений Васин (мұғалімі, Светлана Геннадьевна Васина), III орынға Екібастұз қ. №10 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Олег Шафоростов (мұғалімі, Екатерина Григорьевна Мусатова), Павлодар қ. №9 ЖОББГМ 9 сынып оқушысы Темир Байдильдин (мұғалімдері, Татьяна Анатольевна Потехина және Наталья Ивановна Витковская), дарынды ер балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Муслим Садвакасов (мұғалімі, Шыңғыс Қайратұлы Бұрхан), дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Матвей Гончаров (мұғалімі, Светлана Геннадьевна Васина) ие болды.
«Жаңашыл оқушы» номинациясы Екібастұз қ. №1 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Владислав Рябицкий (мұғалімі, Жанар Казезовна Кашенова), «Зерде» мамандандырылған мектебінің 7 сынып оқушысы Анель Рамазанға (мұғалімі, Гульнара Магатовна Жумадилова) және Павлодар қ. №34 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Максим Малыгинге (мұғалімі, Илья Олегович Поляков) берілді.
«Жас программист» номинациясы Ақтоғай ауданының М.Қайырбаев ат. ЖОББМ 7 сынып оқушысы Денис Алистратенко (мұғалімі, Наталья Николаевна Кравчук), Абай ат. №10 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Абылайхан Аманкуловқа (мұғалімі, Айнур Сериковна Канапина) және Павлодар қ. №9 ЖОББГМ 7 сынып оқушысы Аскар Сералиновқа (мұғалімдері, Татьяна Анатольевна Потехина және Наталья Ивановна Витковская) берілді.
«Талпыныс» номинациясы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Сулейман Сарбупеевке (мұғалімдері, Куат Мырзатаевич Момынов, Айдар Абылаевич Шайхимов), Екібастұз қ. №1 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Александр Людининге (мұғалімі, Бакыт Абильдиновна Ахметова) және дарынды ер балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Әлихан Жеңісбекке (мұғалімі, Шыңғыс Қайратұлы Бұрхан) берілді.
«Шығармашыл оқушы» номинациясы Павлодар қ. №39 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Диана Вакулинаға (мұғалімі, Лилия Юрьевна Дементьева), Алтынсарин ат. гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы Ақдаулет Қаббарға (мұғалімі, Нургуль Ергалымовна Камалова) және Павлодар қ. №9 ЖОББГМ 9 сынып оқушысы Али Ертаевқа (мұғалімдері, Татьяна Анатольевна Потехина және Наталья Ивановна Витковская).
Олимпиаданың салтанатты жабылу кешінде қатысушылар облыстық орталық сертификаттармен және жеңімпаздар Білім беру басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Дүйсенбі, 18 Наурыз 2019
Оқушылар арасындағы бағдарламалау бойынша облыстық олимпиаданың I кезеңі
- Article Details
2019 жылғы 15 наурызда Павлодар облысы білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы ұйымдастырған 6-9 сынып оқушылары арасында бағдарламалау бойынша облыстық олимпиадасының I кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту мен есептеуіш ғылым, компьютерлік программалау және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау болып табылады.
Олимпиадаға қатысу үшін 140 оқушыдан өтінім қабылданды. Олимпиаданың І іріктеу кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінен 6-9 сыныптардың 71 оқушысы қатысты.
2019 жылғы 18 наурызда қазылар алқасы І кезең қатысушыларының орындаған тапсырмаларын қарастырып, бағалады.
ІІ кезеңге 46 оқушы, оның ішінде 6-7 сыныптың 25 оқушысы, ал 8-9 сыныптың 21 оқушысы өтті (Павлодар қ. – 13, Екібастұз қ. – 2, Ақтоғай ауданы – 2, Май ауданы – 1, мамандандырылған мектептер - 28 оқушы).
Олимпиаданың ІІ кезеңі 2019 жылғы 28 наурыз күні Павлодар қаласының №34 жалпы білім беру мектебінде өтеді.
Read more
Дүйсенбі, 11 Наурыз 2019
Тарих сабақтарында цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану
- Article Details
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.
11 наурыз күні онлайн режимде тарих сабақтарында цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану жайлы өз іс-тәжірибесімен «Зерде» мамандандырылған мектебінің тарих пәні мұғалімі Арайлым Океновна Турганбаева бөлісті.
Арайлым Океновна тарих сабақтарында Bilimland білім беру платформасының ресурстарын, мультимедиялық ресурстарды, Quizizz, XMind, Mindomo, LearningsApp, AсtivInspire бағдарламаларын қалай қолданатынын көрсетті.
Вебинар бойынша материалдарды келесі сілтеме бойынша көшіріп алуға болады http://pvlcit.kz/ru/deyatelnost-imo/vebinary
Бейсенбі, 28 Ақпан 2019
ІТ-кабинет ашылды
- Article Details
Ақсу қаласы М.Омаров селолық округінің Жамбыл орта мектебінде жаңа заманға сай жабдықталған ІТ - кабинеті ашылды. Кабинеттің ашылу рәсімін Ақсу қаласының әкімі Ыбыраев Балғабай Жұмағұлұлы жүргізді. Ашылу салтанатына мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасын қабылдауды жүктеді. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында IT, киберқауіпсіздік, робототехника салаларына басымдық берген болатын. IT кабинеттерін ашу - оқушылардың дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ. Жоба "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында "Нұр Отан" партиясының бастамасымен қолға алынды.
Елбасының Жолдауында білім беру жүйесін цифрландыру талаптарына бейімдеу қажеттігі айтылған. Бұл міндетті жүзеге асыруда цифрлы технология кабинеті үлкен көмек болмақ. IT кабинеті тың идеялар мен жаңа ізденістерге жол ашады.
Дүйсенбі, 25 Ақпан 2019
Сабақты заманауи жобалау кезінде GOOGLE нысандарын әзірлеу мен қолдану
- Article Details
Google нысаны - мұғалімнің тамаша көмекшісі. Нысанның көмегімен түрлі сауалнамалар, викториналар, анкеталар, тесттер жасауға болады. Нысанды жасау кезінде автоматты түрде Google кестесі жасалады, онда нысанды толтыру нәтижелері жинақталады. Кесте жиналған деректерді сақтауға және өңдеуге ыңғайлы мүмкіндік береді.
Павлодар қаласының №26 ЖОББМ информатика мұғалімі Литвинчук Марина Николаевна сабақта Google нысандарын тиімді пайдалану туралы вебинарда айтып берді.
Вебинар облыстың 30 білім беру ұйымдарының мұғалімдері үшін 25 ақпан күні 1.sabak.kz сайтында онлайн режимінде өтті.
Марина Николаевна өз тәжірибесінде сабақта Google құжатын, Google презентациясын және т. б. қалай қолдануға болатынын көрсетті.
Толығырақ вебинар материалдарымен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз http://pvlcit.kz/ru/deyatelnost-imo/vebinary
Read more
App Inventor бағдарламасында мобилді қосымша жасау
- Article Details
Облыс мұғалімдерімен тәжірибе алмасу мақсатында 25 ақпан күні Ақпараттық технологиялар орталығы базасында Павлодар қаласының Кенжекөл ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Асемгуль Кабденовна Шуйкенова «App Inventor бағдарламасында мобилді қосымша жасау» тақырыбында онлайн режимінде шеберлік сағатын өткізді.
Шеберлік сағатына 30 білім беру ұйымынан мұғалімдер қатысты.
Асемгуль Кабденовна қатысушыларды App Inventor бағдарламасының интерфейсімен таныстырып, бағдарламада қалай мобильді қосымша жасау болатынын көрсетті.
App Inventor (App –application сөзінен қысқартылған, «қосымша» деп аударылады. Inventor — өнертапқыш деп аударылады) — бұл бағдарламалау бойынша терең білімді қажет етпейтін, қосымшаларды визуалды әзірлеу ортасы.
Сонымен қатар, Асмегуль Кабденовна осы бағдаралмада жасалған, өз «Lego Mindstorm Education» мобильді қосымшасын таныстырды.
Оқу үрдісінде мобильді қосымшаларды пайдалану – оқытудың уәждемесін арттыру тәсілдерінің бірі. Мобильді қосымшалар қарым-қатынас, білім, өзін-өзі дамыту сияқты басты адами қажеттіліктерді іске асыруға көмектеседі. Білім бру үдерісінде мобильді қосымшаларды енгізу сабақтарды өткізудің тиімдлігін арттыруға, оқытушыны көп жұмыстан босатуға, материалды берудің тартымдылығын күшейтуге, тапсырмалар түрлерін саралауды жүзеге асыруға, сондай-ақ кері байланыс түрлерін түрлендіруге бағытталған.
Вебинар бойынша материалдарды келесі сілтеме бойынша көшіріп алуға болады http://pvlcit.kz/ru/deyatelnost-imo/vebinary
Сейсенбі, 19 Ақпан 2019
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен түзету жұмысында АКТ қолдану
- Article Details
Қазіргі педагогикалық тұжырымдамаларда оқыту тек мұғалімнен оқушыға берілетін білім беру процесі ретінде қарастырылмайды. Қазіргі заманғы оқытудың айқындаушы үрдісі жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесіне көшу болып табылады, оны ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) көмегімен қамтамасыз етуге болады. Мұндай технологиялар ақпаратты беруде және заманауи білім берудің ашық және қашықтықтағы жүйелерінде оқытушы мен оқушының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін белсенді қолданылады.
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында ақпараттық технологиялар орталығы ұйымдастырған вебинарда Павлодар қаласы №6 ЖОББМ директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Евгения Алексеевна Рамазанова және психолог Марина Васильевна Манякова ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен түзету жұмысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану туралы әңгімеледі және тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар барысында 67 білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін Евгения Алексеевна мен Марина Васильевна практикалық мысалда ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бар оқушылармен түзету жұмысында АКТ түрлерін қолдануға болатынын көрсетті.
ЕББҚ бар балаларға арналған заманауи АКТ-ды қолдану арқылы сабақ тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі - оқушының даралығын, оның заманауи қоғамда бейімделу және бейімделу қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Вебинар бойынша материалдарды келесі сілтеме бойынша көшіріп алуға болады http://pvlcit.kz/ru/deyatelnost-imo/vebinary
Read more
Дүйсенбі, 18 Ақпан 2019
Online режимінде тәжірибемен бөлісу
- Article Details
Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану саласында облыс мұғалімдерімен тәжірибе алмасу мақсатында 18 ақпан күні Ақпараттық технологиялар орталығы «Әлеуметтік тәжірибедегі CLIL технологиясы әдістерінің рөлі» тақырыбында вебинар ұйымдастырды.
Облыстық көпсалалы лицей-интернатының биология пәні мұғалімі Әйгерім Нұржанқызы Қалиева CLIL технологиясын сабақта қолдану бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Әйгерім Нұржанқызы CLIL технологиясының қалай қолданылатынын және тәжірибелік мысалда биология сабақтарында осы технологиялардың әдістерін қалай тиімді пайдалануға болатынын көрсетті.
CLIL - оқушылардың бойында жалпы оқу білімі мен іскерлігін қалыптастыруға және дамытуға болатын білім беру контекстінде ана тілінде емес лингвистикалық және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін дидактикалық әдістеме.
Тілдік интегралдау әдістемесі материалды стандартты беруден бас тартуға және болашақ кәсіби және тұрмыстық қарым-қатынас үшін сөзсіз пайдалы неғұрлым кең білім алуға мүмкіндік береді. Оқушылар өздерінің лингвистикалық қабілеттерін ғана емес, сонымен қатар өмірдің түрлі салаларында: медицина, өнер, бизнес және т.б. білімдерін көрсетуге мүмкіндік алады.
Вебинар бойынша материалдарды келесі сілтеме бойынша көшіріп алуға болады http://pvlcit.kz/ru/deyatelnost-imo/vebinary
Сейсенбі, 12 Ақпан 2019
Приглашаем принят участие в социально-образовательном республиканском конкурсе «iTest: Лучший результат»
- Article Details
Компания Bilim Media Group организует социально-образовательный республиканский конкурс «iTest: Лучший результат». Это уникальная возможность для учащихся 9, 10, 11-х классов школ Казахстана подготовиться к ЕНТ и выиграть грант на обучение в вузе.
Основная цель конкурса – увеличение общего уровня знаний учащихся, а также помочь ученикам старших классов плодотворно подготовиться к итоговой аттестации и ЕНТ. Конкурс «iTest: Лучший результат» проводится в рамках программ «Цифровой Казахстан» и «Рухани жаңғыру», а также приурочен к году молодежи в Казахстане.
В конкурсе могут принять участие граждане РК, являющиеся учащимися 9, 10, 11-х классов школ и студенты 1-го курса средних специальных учреждений образования и вузов.
Разыгрывается главный приз – 10 грантов на обучение в Алматинском Университете Менеджмента – AlmaU. Образовательные гранты предусмотрены для участников, которые обучаются в 11 классе. Также на протяжении всего конкурса будут разыгрываться ценные призы и вручены подарки для ТОП-50 участников, показавших лучшие результаты.
Конкурс проводится в режиме онлайн на платформеwww.itest.kz.
Подробную информацию о конкурсе можете узнать на сайте www.itest.kz.
Республикалық «iTest: Үздік нәтиже» әлеуметтік-білім беру байқауына қатысуға шақырамыз
- Article Details
Bilim Media Group компаниясы Қазақстанда тұңғыш рет мектеп оқушыларына арналған республикалық «iTest: Үздік нәтиже» әлеуметтік-білім беру байқауын жариялайды. Мектептің 9, 10, 11-сынып оқушылары байқау арқылы ҰБТ-ға тегін дайындалып, білім грантын ұтып алуға бірегей мүмкіндік алады.
Байқаудың басты мақсаты – «Цифрлық Қазақстан», «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламалары аясында оқушылардың білім деңгейін көтеруге септігін тигізу, пайдалы ресурс арқылы ҰБТ-ға дайындалып, сәтті тапсыруға ынталандыру.
Аталған сайыста ҚР азаматы болып табылатын 9, 10, 11-сынып оқушылары және орта білім беретін арнайы мекемелерінің 1-курс студенттері қатыса алады.
Қатысушылар үшін бас жүлде – Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) ұсынған 10 оқу гранты. Одан бөлек, байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен ТОП-50 қатысушы бағалы сыйлықтарға ие болады.
Аталған сайыс www.itest.kz платформасында онлайн форматта өтеді.
«iTest: Үздік нәтиже» байқауы 2019 жылдың 1 ақпанынан 20 маусымына дейін жалғасады. Байқау жайлы толық ақпаратты www.itest.kz сайтынан біле аласыздар.
Жұма, 25 Қаңтар 2019
Информатика сабағында бұлтты технологияларды қолдану
- Article Details
Ақпараттық -коммуникациялық технологияларды қолдану саласында облыс мұғалімдерімен тәжірибе алмасу мақсатында 24 қаңтар күні Ақпараттық технологиялар орталығы «Информатика сабақтарында бұлтты технологияларды қолдану» тақырыбында вебинар ұйымдастырды. Осы тақырып бойынша дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының информатика пәні мұғалімі Тоненчук Надежда Николаевна өз тәжірибесімен бөлісті.
Бұлтты технологиялар - бұл деректерді үлестірілген өңдеу, онда пайдаланушы компьютерлік бағдарламаларға, есептеуіш және басқа да қуаттарға нақты уақыт режимінде онлайн-сервис ретінде қол жеткізе алады.
Бүгінде «бұлтты» технологиялар бизнес, басқару, білім беру және ғылыми зерттеулер үшін түбегейлі жаңа, экономикалық тиімді мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, барлық дамыған елдерде белсенді қолданылады.
Надежда Николаевна облыстың 46 білім беру ұйымдарынан вебинарға қатысқан мұғалімдерге бірнеше бұлтты технологияларды ұсынды, оларды сабақтарда табысты қолдануға болатындығын өз сабақтарының мысалдарында көрсетті.
Жаңа білім беру стандарттарына көшу кезеңінде бұлтты технологиялар мұғалім мен оқушының жаңа ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі және жобалық әдістеме мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды біріктіруге бірегей мүмкіндік береді.
Вебинар бойынша материалдарды келесі сілтеме бойынша көшіріп алуға болады http://pvlcit.kz/ru/deyatelnost-imo/vebinary
Сейсенбі, 22 Қаңтар 2019
Екібастұзда уақытты үш есе үнемдейтін экоагроробот құрастырылды
- Article Details
Екібастұз қаласындағы «Зерде» дарынды балалар мектебінің 10-сынып оқушылары Темірлан Байгожин мен Қажымұрат Хаммет астық егуге арналған робот машина - экоагроробот жасап шығарды.
Физика пәнінің мұғалімі Мансұр Калиевтың жетекшілігімен қолға алынған жобаның мақсаты - ауыл шаруашылығында роботтардың пайдасы мен маңызын арттыру. Экоагроробот экономикалық әрі экологиялық жағынан үнемділігімен ерекшеленеді. - Фермер ісінің сарапшысы адамға қарағанда уақытты үш есе үнемдейді және бірнеше жұмысты бірден істей алады, - дейді Темірлан Байгожин.
- Жерді жыртады, егеді, кедергі заттарды алып тастайды, кран арқылы дәнді тасымалдайды. Шынжыр табан тәріздес доңғалақтары сулы жерлерден өтуге көмектеседі. Бұл роботтың моделін LEGO Mindstorms Education EV3 конструкторлық жиынтығы арқылы құрастырдық. Алғашқыда қарапайым құрастырылған роботқа бірнеше функцияны іске қостық.
Экоагроботтың ауыл шаруашылығындағы рөлін толық зерттеген оқушылар өз жұмыстарын облыстық ғылыми жобалар сайысында сәтті қорғап, сертификатқа ие болған. Темірлан Байгожин «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты облыстық сайыста жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады.
- Бұл робот көп функционалды, яғни агрономдар көптеген техникаға, отынға қаражат жұмсамайды, - дейді Хаммет Қажымұрат.
- Сонымен қатар өзінің уақытын, энергиясын, шығындарды үнемдей алады. Экологиялық жағынан қоршаған ортаға ешқандай зиян келтірмейді. Экоагроробот Стирлинг қозғалтқышының көмегімен жұмыс істейді. Стирлинг қозғалтқышының жұмысы температураның айырмашылығы арқылы жүзеге асады.
Айта кетерлігі, қалаға арнайы келген ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің алдында таныстырған кезде министр жұмыстың жаңашылдығына қызығушылық танытып, болашақта бұл жобаға грант бөлу жөнінде ұсыныс айтқан.
Дереккөз http://pavlodarnews.kz/index.php?id=19107
Read more
Қазақстандағы Яндекс.Лицей
- Article Details
2017 жылы күзде Яндекс Қазақстанда оқушыларды бағдарламалау бойынша жобаны іске қосты, онда оқушылар мектептен тыс уақытта өздерін әзірлеуші ретінде сынай алады. Яндекс Лицейінде оқыту тегін. Алғашқы алаң Алматы мен Астанада ашылды және олар республикалық физика-математикалық мектеп (РФММ) базасында жұмыс істейтін болады. Сабақта алған білім бағдарламашы мансабында алғашқы қадамдар жасау үшін жеткілікті. Сонымен қатар, Яндекс Лицейі Петропавл және Орал қалаларындағы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ мектеп желісінің оқушылары үшін арнайы курс форматында жұмыс істейтін болады. Оқуға түсу шарттары туралы оқу орындарынан білуге болады.
8 немесе 9 сыныпта Яндекс Лицейіне түсуге болады. Жасына қарамастан, балалар екі жыл бойы жалпы бағдарлама бойынша айналысады. Сабақтарда олар IT-компанияларда және ғылыми ортада бірдей сұранысқа ие жаңадан бастағандар үшін өте қарапайым тіл — Python-ды және алған білімдерін практикада қолдануды үйренеді. Мұнда Яндексте оқыған тәжірибелі жергілікті педагогтар сабақ береді. Іріктеу жыл сайын 30 тамызда өткізіледі.
Биыл Қазақстанда Яндекс Лицейі екінші рет қабылдау өткізеді. Оқуға түсуге 585 адам өтініш берді, оның 60-ы қабылданды. Күзде балалар оқуды екінші курста жалғастырады, ал көктемде шығаруға дайындалатын болады.
Дереккөз https://profit.kz/
Шекарасыз қашықтықтан білім беру
- Article Details
Қазақстанда қашықтықтан білім беру қазір қалыптасу кезеңінен өтуде — оқытудың, кеңес берудің және оқу міндеттерін орындауды бақылаудың жаңа әдістері әзірленуде. Алайда, қазірдің өзінде ҚР бірқатар университеттері жаңа мамандық алу немесе өз біліктілігін арттыру үшін осындай үлгіні пайдалануды ұсынады.
Ақпараттық технологиялар орталығы оқытудың заманауи әдістерінен қалыс қалмайды және оқу орындарының педагогтары мен қызметкерлеріне АКТ құзыреттілігін арттыру бойынша оқытудан өтуді ұсынады. Қашықтықтан оқыту әдісі бойынша орталық екі оқыту семинарын жүзеге асырады – "ActivInspire бағдарламалық қамтамасының интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін оқу процесінде пайдалану", "Microsoft Office кеңейтілген мүмкіндіктері".
Барлық тілек білдірушілерді үйден шықпай-ақ оқытудан өтуге шақырамыз.