Пайдаланушының авторизациясы

ҚҰРМЕТ ТАҚТАСЫ

Prev Next

«Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» облыс…

11-12-2020

І орын иегерлері:Тамира ЖанатБаянауыл ауданының Ш. Айманов атындағыжалпы орта білім беру мектеп интернаты Андрей РусскихДиана КорольковаПавлодар қаласының №16 лицей-мектебі Ерəли ЖұмабекПавлодар қаласының №19 ЖББОМ Диана АлькееваДарынды балаларға арналған мамандандырылған№1 мектеп-лицейі Томирис СапароваДарынды балаларға арналған...

«Біз ұмытпаймыз...» облыстық бейнероликт…

12-05-2020

I орын Аққулы ауданының Потанин ЖОББМ 9 сынып оқушысы Жексен Әнел Ақтоғай ауданының Қ.Ыдырысов атындағы ЖББМ 9 сынып оқушысы Камалиден Алибек ІІ орын Павлодар қаласының № 21 ЖОББМ 9 сынып оқушылары Картунов Богдан,...

«Болашаққа бағдар» облыстық бейнероликте…

24-12-2019

Гран-приҚазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжі 1 курс студенті Орманбай АрайлымЖелезин ауданының Славянов ЖББНМ 9 сынып оқушысы Лисс Рита I орын Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ 11 сынып оқушысы Садвокасова Айдана Железин...

«Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық…

24-05-2019

«Жаратылыстану–математикалық пәндер»  бағыты1 орынПавлодар қаласының Мұхтар Әуезов ат. №42 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Замира Шамуритовна ЭргашоваЕртіс ауданының Қосағаш ЖОББМ физика пәні мұғалімі Айгерим Назымбековна Идрисова2 орынПавлодар қаласының Б.Момышұлы ат. №22...

6-9 сынып оқушылары арасында программала…

29-03-2019

I орынПавлодар қ. №39 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Ксения Гусак Дарынды ер балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Анай ҚасымханПавлодар қ. №34 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Максим КолодинДарынды балаларға...

«The Best Mobile App – 2018» облыстық мо…

21-12-2018

I орын Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің оқушысы Давид Полищук II орын Павлодар қаласының №19 ЖОББМ оқушысы Мейірхат Тұрсынхан III орын Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Мирас Мнайдаров «Үздік дизайн» номинациясы «Зерде»...

«Болашаққа бағдар» облыстық бейнероликте…

10-12-2018

  I орынДарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Адина ЗариповаДарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Аяла Қайырбек   ІІ орынПавлодар қаласының №34 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Салават Хисматулин Павлодар...

«Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық…

26-11-2018

«Жаратылыстану–математикалық пәндер»  бағыты 1 орын«Жас Дарын» мамандандырылған мектебінің химия пәнінің мұғалімі Айдар Аблаевич ШайхимовДарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі Мадина Николаевна Карагаева 2 орынЫ.Алтынсарин ат. гимназия-интернатының информатика пәнінің мұғалімі...

«Ақпараттық коммуникациялық технологиял…

02-11-2018

І орын иегерлері: Екібастұз қаласының №13 ЖОББМ мұғалімі Светлана Николаевна Николаенко  Май ауданының Малайсары ЖОББМ мұғалімі Гульден Сансызбаевна Жумабекова Облыстық көп салалы лицей-интернатының мұғалімі Гульнар Багимовна Нургазина  Ақсу қаласының Үштерек ОМ мұғалімі Серикжан Байкен  Павлодар қаласының №16лицей-мектебінің мұғаліміНаталья...

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК БІЛІМ …

15-06-2018

  I орынМай ауданының білім бөліміhttp://r.educ.kz   Жас дарын мамандандырылған мектебіhttps://zhasdaryn.kz   Май ауданының А.Иманов ат.ЖОББЛМhttp://imanov.educ.kz/   Павлодар технологиялық колледжіhttp://www.gpptk.kz   II орынЛебяжі ауданының білім бөліміhttp://lebroo.gov.kz   Дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебіhttps://pvlabai10.edu.kz   «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубыhttps://goo.kz/index/fromorg/123   Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледжіhttp://college.ineu.edu.kz/kz/   III...

САЙТ АНАЛИТИКАСЫ

Бүгін20
Кеше84
Апта563
Ай3091
Барлық күндері371830

КҮНТІЗБЕ

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

 

2020

Жексенбі, 20 Желтоқсан 2020

«The Best Mobile App – 2020» облыстық қашықтық мобильді қосымшалар конкурсы өз мәресіне жетті

     Павлодар облысы білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу саласында инновациялық технологиялардың рөлін арттыру, мобильді платформалардың қосымшаларын бағдарламалау және дизайн саласында оқушылардың білімі мен қабілеттілік деңгейін арттыру мақсатында «The Best Mobile App – 2020» облыстық мобильді қосымшалар конкурсын ұйымдастырды.
      Конкурсқа жалпы білім беру, мамандандырылған білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Облыстық конкурсқа барлығы 10 жұмыс ұсынылды. Қазылар алқасының бағалау критерийлеріне сәйкес жұмыстарды қарастырып, 6 жұмыс авторын жеңімпаз деп таныды.
I дәрежелі диплом иегерлері дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Егор Филимонов және  Успен ауданының Белоусов ЖОББМ 8 сынып оқушысы Зарема Мухамедьярова                         атанды.
      II дәрежелі диплом иегерлері: «Зерде» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушылары Анель  Рамазан мен Дана Темирова, Успен ауданының Белоусов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Дархан Сутжанов.
III дәржелі дипломға Павлодар қаласының № 9 ЖОББМГ  8 сынып оқушысы Никита  Алейник  және Май ауданының Қазақстан ЖОББМ 8 сынып оқушысы Дильназ Нуртаева ие  болды.
    Жеңімпаздарды  дайындағандары үшін жетекшілеріне алғыс білдіреміз және барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз.

 

1545719285 3509

Read more

Жұма, 11 Желтоқсан 2020

«Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

І орын иегерлері:

Тамира Жанат
Баянауыл ауданының Ш. Айманов атындағы
жалпы орта білім беру мектеп интернаты

Андрей Русских
Диана Королькова
Павлодар қаласының №16 лицей-мектебі

Ерəли Жұмабек
Павлодар қаласының №19 ЖББОМ

Диана Алькеева
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
№1 мектеп-лицейі

Томирис Сапарова
Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы

Алуа Бектурова
Павлодар қаласының № 34 ЖББОМ


ІІ орын иегерлері:

Саид Казукаев
Павлодар қаласының № 96 сәбилер бақшасы
«Радуга» үйлесімді даму орталығы

Нияра Рахышова
Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы

Аделия Кайрленова
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі

Даниил Пономаренко
Шарбақты ауданының Орловка ЖББОМ
Тамаз Мухтар
Павлодар қаласының №16 лицей-мектебі

Арина Беспрозванная
Павлодар қаласының №16 лицей-мектебі

ІІІ орын иегерлері:

Максим Степашко
Павлодар қаласының № 24 балабақшасы

Александра Давыдова
Павлодар қаласының №16 лицей-мектебі

Назира Нурсеитова
Шарбақты ауданының Галкин ЖББОМ

Назым Мухамед
Дарынды балаларға арналған «Зерде»
мамандандырылған ЖББМ

Айзере Уахит
Дарынды балаларға арналған
Абай атындағы гимназиясы

Мунира Ахметжанова
Екібастұз қаласының № 12 ЖББОМ


НОМИНАЦИЯ:

«Үміткер»

Ратмир Бердибеков
Павлодар қаласының №16 лицей-мектебі

Ангелина Игнатьева
Павлодар қаласының №16 лицей-мектебі

Айман Қадархан
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі

Әкімхан Мэлс
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі

Атымтай Ыдырыс
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі

Нұрәлі Ықлас
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі

Айзере Мусина
Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы

Нұрали Құсман
Асаналі Құсман
Кәусар Шарафат
Дарынды балаларға арналған
Абай атындағы гимназиясы

Аян Қайнар
Успен ауданының Белоусов ЖОББМ

Айбар Курмангазин
Павлодар қаласының №19 ЖББОМ

Алмаз Жамбербаев
Павлодар қаласының №19 ЖББОМ

Адема Каирболатова
Павлодар қаласының № 34 ЖББОМ

Ханифа Темиртай
Павлодар қаласының № 34 ЖББОМ

Муслим Абдрахманов
Павлодар қаласының № 34 ЖББОМ

Эрнес Мемедлаев
Павлодар қаласының № 34 ЖББОМ

Карина Рублева
Павлодар қаласының № 34 ЖББОМ

Максим Лихачев
Павлодар қаласының № 34 ЖББОМ

Елизавета Лысенко
Павлодар қаласының № 34 ЖББОМ

Сабина Орманбек
Павлодар қаласының № 37 ЖББОМ

Айнель Байзуллина
Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы

Саяжан Ахметова
Железин ауданының Славяновка ЖББНМ

Арсений Масягин
Железин ауданының № 2 ЖББОМ

Одэлия Заирова
Железин ауданының № 2 ЖББОМ

Аян Кайырбек
Железин ауданының № 2 ЖББОМ

Турар Кабдолла
Железин ауданының № 2 ЖББОМ

Татьяна Смирнова
Железин ауданының № 2 ЖББОМ

Алиана Кутлубулатова
Железин ауданының № 2 ЖББОМ

Ансар Маканов
Дарынды балаларға арналған
Абай атындағы гимназиясы

Read more

Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2020

«Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсы өз мәресіне жетті

 

Жас ұрпаққа 16 желтоқсан-Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру, ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру мақсатында Облыс білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2020 жылғы 4 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсын өткізді. Конкурсқа Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары, Павлодар, Железин, Шарбақты, Май, Баянауыл, Успен, аудандарының жалпы орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері белсенді қатысты. Оқушылар мен тәрбиеленушілер тәуелсіздік жолындағы ата-бабаларымыздың, аға ұрпақтың заманның, уақыттың қиыншылығына қарамастан, елімізді, жерімізді еркіндікте, азаттықта көруді аңсап, соған қол жеткізу жолындағы ерліктерін паш етіп, отансүйгіш, тәуелсіздік маңыздылығын жете түсінетін, өз елінің рәміздерін, тарихын құрметтейтін өскелең ұрпақ екендерін өздерінің жұмыстарында жеткізуге тырысты. Қазылар алқасына 107 әр түрлі және қызықты жұмыстар арасынан жеңімпаздарды анықтау қиынға түсті. Бірақ өздерінің креативті идеяларымен және шығармашылық көзқарастарымен 18 бейнероликтердің авторлары ерекше көзге түсті:

I дәрежелі диплом мен бағалы сыйлықтың иегерлері болып Баянауыл ауданының Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының мектепалды даярлау тобының тәрбиеленушісі Тамира Жанат, Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің 2 сынып оқушылары Андрей Русских пен Диана Королькова, Павлодар қаласының № 19 ЖББОМ 4 сынып оқушысы Ерәли Жұмабек, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 1 лицей-мектебінің 3 сынып оқушысы Диана Алькеева, Дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 2 сынып оқушысы Томирис Сапарова, Павлодар қаласының № 34 ЖББОМ 3 сынып оқушысы Алуа Бектурова танылды.

ІІ дәрежелі дипломға және де бағалы сыйлыққа Павлодар қаласының № 96 сәбилер бақшасы, «Радуга» үйлесімді даму орталығының мектепалды «Б» тобының тәрбиеленушісі Саид Казукаев, Дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 2 сынып оқушысы Нияра Рахышова, Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 1 сынып оқушысы Аделия Кайрленова, Шарбақты ауданының Орловка ЖББОМ 3 сынып оқушысы Даниил Пономаренко, Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің 3 сынып оқушысы Тамаз Мухтар, Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің 3 сынып оқушысы Арина Беспрозванная ие болды.

IІІ дәрежелі дипломмен қоса бағалы сыйлыққа Павлодар қаласының № 24 балабақшасының даярлық тобының тәрбиеленушісі Максим Степашко, Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің 2 сынып оқушысы Александра Давыдова, Шарбақты ауданының Галкин ЖББОМ 4 сынып оқушысы Назира Нурсеитова, Дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған ЖББМ 2 сынып оқушысы Назым Мухамед, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 4 сынып оқушысы Айзере Уахит, Екібастұз қаласының № 12 ЖББОМ 4 сынып оқушысы Мунира Ахметжанова лайық деп танылды.
Қазылар алқасының шешімімен 28 жұмыстың авторлары «Үміткер» номинациясына иеленіп, орталық басшысының грамоталарымен марапатталады: Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің 2 сынып оқушылары Ратмир Бердибеков, Ангелина Игнатьева; Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 1 сынып оқушылары Айман Қадархан, Әкімхан Мэлс, Атымтай Ыдырыс, Нұрәлі Ықлас; Дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 1 сынып оқушылары Айзере Мусина, Айнель Байзуллина; Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 1 сынып оқушысы Ансар Маканов, 2 сынып оқушылары Нұрали Құсман, Асаналі Құсман, Кәусар Шарафат; Успен ауданының Белоусов ЖОББМ 1 сынып оқушысы Аян Қайнар; Павлодар қаласының № 19 ЖББОМ 3 сынып оқушысы Айбар Курмангазин, 4 сынып оқушысы Алмаз Жамбербаев; Павлодар қаласының № 34 ЖББОМ 1 сынып оқушылары Адема Каирболатова, Ханифа Темиртай, 2 сынып оқушылары Муслим Абдрахманов, Эрнес Мемедлаев, Карина Рублева, Максим Лихачев, 3 сынып оқушысы Елизавета Лысенко; Павлодар қаласының №37 ЖББОМ 3 сынып оқушысы Сабина Орманбек; Железин ауданының Славяновка ЖББНМ 3 сынып оқушысы Саяжан Ахметова; Железин ауданының № 2 ЖББОМ 2 сынып оқушысы Арсений Масягин, 4 сынып оқушысы Одэлия Заирова, 3 сынып оқушылары Аян Кайырбек, Турар Кабдолла, Татьяна Смирнова, 1 сынып оқушысы Алиана Кутлубулатова.


Жеңімпаздардың бейнероликтерін осы сілтеме арқылы қарай аласыздар


make up video for her vlog

Read more

«The Best Mobile App – 2020» облыстық мобильді қосымшалар конкурсына өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды!

Құрметті қатысушылар! 

Егер де, Сіз, заман талабына сай өмір сүріп, мобильді қосымшаларды тұтынушылар қатарынан болсаңыз, бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу саласындағы өз жетістігіңізді айқындағыңыз келсе, кешікпей өтінім беріңіз! Бұл конкурс сіз үшін ұтымды!

2020 жылғы 14 желтоқсанға дейін «The Best Mobile App – 2020» облыстық қашықтық мобильдік қосымшалар конкурсына өтінім мен жұмыстарыңызды электрондық мекенжайына: konkurscit@bk.ru жіберуілеріңізге болады.

Конкурс қатысушылары: жалпы білім беру мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары.

Конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 20 желтоқсан күні Павлодар облысы білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=ru) және ақпараттық технологиялар орталығының (http://pvlcit.kz) сайттарында жарияланады.

 

Облыстық «The Best Mobile App – 2020» мобильді қосымшалар конкурсын өткізу туралы

 

59fdff3a992e8cc6b7a5924f7fc055c5

Read more

Жұма, 27 Қараша 2020

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланушылардың үздіктері

e kursi min

 

    2020 жылғы 23-27 қараша аралығында облыс мұғалімдері арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдері қолдау мақсатында білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсының ақтық кезеңін өткізді.
Облыстық конкурсқа ұсынылған 40 жобаның ішінен (Павлодар қаласынан 4, Ақсу қаласынан - 1, Екібастұз қаласынан - 3, Ақтоғай ауданынан – 1, Баянауыл ауданынан – 2, Железин ауданынан - 7, Ертіс ауданынан – 1, Май ауданынан - 6, Павлодар ауданынан -2,  Аққулы ауданынан - 2, Тереңкөл ауданынан – 1, Успен ауданы – 1, Шарбақты ауданынан – 2, мамандандырылған мектептерден – 7) 26 жұмыс ақтық кезеңге өтті.
  Конкурс 5 бағыт бойынша өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша 15 жобаның авторлары жеңімпаз атанды.
І дәрежелі диплом иегерлері Шарбақты ауданының гимназия сыныбы бар ОЖББМ мұғалімі  Марина Николаевна Лось, Железин ауданының №2 ЖОББМ мұғалімі Екатерина Николаевна Дерунова, Павлодар қаласының №17 ЖОББМ мұғалімі Махаббат Қасенқызы Ибраим,  Павлодар қаласының №19 ЖОББМ мұғалімі Алмас Сансызбаевич Серикбаев және де Облыстық көпсалалы лицей-интернаты атанды.
ІІ дәрежелі дипломды Аққулы ауданының Тілектес ЖОББМ мұғалімі Әйгерім Жанболатқызы Базарханова, Баянауыл ауданының №1 Майқайың  ЖОББМ мұғалімі Жанар Болатовна Алибекова, Ертіс ауданының №4 ЖОББМ мұғалімдері Канат Агыбаевич Сматаев, Акку Клышбековна Сматаева, Алмагуль Агыбаевна Дусюнбаева, Павлодар ауданының Чернорецк №2 ЖОББМ мұғалімі Рагина Каирбаевна Аленова және де Тереңкөл ауданының Песчан №1 ЖОББМ иеленді.
ІІІ дәрежелі дипломға Железин ауданының Т.П. Праслов ат. Прииртышск ЖББОМ мұғалімі Мария Николаевна Лизунова, Баянауыл ауданының Үшқұлын ЖНББМ мұғалімі Райхан Бекбосыновна Смекенова, Облыстық көпсалалы лицей-интернатының мұғалімдері Алишер Асенович Асамбаев, Ксения Андреевна Куропаткина,  Асандияр Асетулы Даулеткали,  Шарбақты ауданының Орлов ЖОББМ мұғалімі Марина Викторовна Шевченко, Май ауданының Көктөбе ЖОББМ мұғалімі Динара Мерболатовна Бейсекова ие болды.
Конкурс жүлдегерлері мен жеңімпаздары білім беру басқармасының Дипломдарымен және құңды сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, Білім беру басқармасының грамоталарымен келесі номинациялар бойынша жобалар белгіленді:
«Әдіскер мұғалім» - Екібастұз қаласының №13 ЖОББМ мұғалімі Светлана Николаевна Николаенко мен Май ауданының Қазан ЖОББМ мұғалімі Гульдана Қазболатовна Темиржанова.
«Жаңашыл мұғалім» - Ақтоғай ауданының Абай ат. ЖОББМ мұғалімі Раимбек Темирболатулы Алимов пен Павлодар ауданының Преснов ЖОББМ мұғалімі Анна Владимировна Лучкина.
«Бағдарламашы мұғалім» - Облыстық көп салалы лицей-интернатының мұғалімдері Светлана Николаевна Загорулько, Мадина Николаевна Сагитова, Бибинур Олжановна Аденова мен Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-интернатының мұғалімдері Даметкен Камариденовна Кенжебаева, Майра Багадатовна Касыбаева, Айсана Қайратқызы Қайрат.
«Үздік интерактивті құрал» - Облыстық көп салалы лицей-интернатының мұғалімдері Бауыржан Бисембаевич Сейталиев, Бакыт Алдангоровна Кожахметова, Ержан Нурланович Дауенов пен Железин ауданының № 3 ЖОББМ мұғалімдері Диана Муратовна Кубенова, Бибинур Ержановна Джаксыбекова.
«Зерттеуші мүғалім» - Екібастұз қаласының №1 «Ромашка» бөбектер бақшасы даму орталығының педагогы Татьяна Николаевна Владимирова мен Аққулы ауданының Малыбай ЖОББМ мұғалімі Айтмукан Бекбулатулы Айгожин.

Read more

Жұма, 20 Қараша 2020

«Білім берудегі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсы іріктеу кезеңінің қорытындысы

        

   Білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2020 жылғы 21 қыркүйек пен 20 қараша аралығында  «Білім берудегі ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсының іріктеу кезеңін өткізді.
   Конкурстың мақсаты: облыс мұғалімдері арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдер мен оқушыларды қолдау.
    Облыстық конкурсқа облыстың 13 ауданынан, 3 мамандандырылған мектебінен 40 жұмыс ұсынылды (Павлодар қаласынан 4 жоба, Ақсу қаласынан - 1, Екібастұз қаласынан - 3, Ақтоғай ауданынан – 1, Баянауыл ауданынан – 2, Железин ауданынан - 7, Ертіс ауданынан – 1, Май ауданынан - 6, Павлодар ауданынан -2,  Аққулы ауданынан - 2, Тереңкөл ауданынан – 1, Успен ауданы – 1, Шарбақты ауданынан – 2, мамандандырылған мектептерден – 7). Екінші ақтық кезеңге 26 жоба іріктелініп алынды.  
   Іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар 2020 жылғы 23-27 қараша күндері ақтық кезеңде өз  жобаларын қорғайды.
Жобаны қорғау online режимінде (бейнеконференция) түрінде өтеді. Қосылу сілтемелері алдын ала қатысушылардың электронды почталарына жіберіледі.
   Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру басқармасының  дипломдарымен және бағалы  сыйлықтарымен  марапатталады.
    Конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 27 қарашада білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=kk)  және ОАТО (http://pvlcit.kz) сайттарында  жарияланады.  


Іріктеу кезенінің хаттамасы>>>

 

 

main slide03

Read more

Сәрсенбі, 18 Қараша 2020

«The Best Mobile App – 2020» облыстық мобильді қосымшалар конкурсына қатысуға шақырамыз!

 

Құрметті қатысушылар!

Егер де, Сіз, заман талабына сай өмір сүріп, мобильді қосымшаларды тұтынушылар қатарынан болсаңыз, бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу саласындағы өз жетістігіңізді айқындағыңыз келсе, кешікпей өтінім беріңіз! Бұл конкурс сіз үшін ұтымды!

2020 жылғы 10 қараша мен 18 желтоқсан аралығында «The Best Mobile App – 2020»облыстық қашықтық мобильдік қосымшалар конкурсы жалпы білім беру мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының оқушыларыарасында өткізіледі.

Ұйымдастырушылар: Павлодар облысының білім беру басқармасы, облыс білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы.

Конкурс мақсаты: бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу аясында инновациялық технологиялардың рөлін, мобильді платформалардың қосымшаларын бағдарламалау және дизайндеу аясында оқушылардың білімі мен қабілеттілік деңгейін арттыру.

Конкурс ереже жарияланған сәттен бастап қашықтықтан өткізіледі және конкурстың қорытындысы шығарылғанға дейін бір апта бұрын аяқталады.

Әдістемелік және техникалық талаптарға сәйкес рәсімделген өтінімдер мен конкурстық жұмыстар 2020 жылғы 10 қараша мен 9 желтоқсан аралығында ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына қабылданады: konkurscit@bk.ru (өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2020 жылы 9 желтоқсан сағат 18.00-де тоқтатылады).                

Конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 18 желтоқсан күні Павлодар облысы білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=ru) және ақпараттық технологиялар орталығының (http://pvlcit.kz) сайттарында жарияланады.

 

Конкурс ережесі>>>

Read more

«The Best Mobile App – 2020» облыстық мобильді қосымшалар конкурсына қатысуға шақырамыз!

Құрметті қатысушылар!

Егер де, Сіз, заман талабына сай өмір сүріп, мобильді қосымшаларды тұтынушылар қатарынан болсаңыз, бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу саласындағы өз жетістігіңізді айқындағыңыз келсе, кешікпей өтінім беріңіз! Бұл конкурс сіз үшін ұтымды!

2020 жылғы 10 қараша мен 18 желтоқсан аралығында «The Best Mobile App – 2020»облыстық қашықтық мобильдік қосымшалар конкурсы жалпы білім беру мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының оқушыларыарасында өткізіледі.

Ұйымдастырушылар: Павлодар облысының білім беру басқармасы, облыс білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы.

Конкурс мақсаты: бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу аясында инновациялық технологиялардың рөлін, мобильді платформалардың қосымшаларын бағдарламалау және дизайндеу аясында оқушылардың білімі мен қабілеттілік деңгейін арттыру.

Конкурс ереже жарияланған сәттен бастап қашықтықтан өткізіледі және конкурстың қорытындысы шығарылғанға дейін бір апта бұрын аяқталады.

Әдістемелік және техникалық талаптарға сәйкес рәсімделген өтінімдер мен конкурстық жұмыстар 2020 жылғы 10 қараша мен 9 желтоқсан аралығында ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына қабылданады: konkurscit@bk.ru (өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2020 жылы 9 желтоқсан сағат 18.00-де тоқтатылады).                

Конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 18 желтоқсан күні Павлодар облысы білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=ru) және ақпараттық технологиялар орталығының (http://pvlcit.kz) сайттарында жарияланады.

 

Конкурс ережесі>>>

 

photo 2020 11 18 16 47 52

Read more

Бейсенбі, 05 Қараша 2020

Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсына қатысуға шақырамыз!

photo 2020 11 05 17 49 10

 

 

 

Құрметті қатысушылар!

Егер Сіз, өз еліңіздің патриоты болсаңыз, Тәуелсіздік күніне орай жерлестеріңізді құттықтап, ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерліктерін паш еткіңіз келсе, бұл конкурс Сізге арналған!

2020 жылғы 4 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі»облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсы жалпы орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында өткізіледі.

Ұйымдастырушылар: Павлодар облысының білім беру басқармасы, облыс білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы.

Конкурс мақсаты:Жас ұрпаққа 16 желтоқсан-Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.  Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында құттықтау, ізгі-тілектер жолдау.

Конкурс ереже жарияланған сәттен бастап қашықтықтан өткізіледі және конкурстың қорытындысы шығарылғанға дейін бір апта бұрын аяқталады.

Әдістемелік және техникалық талаптарға сәйкес рәсімделген өтінімдер мен конкурстық жұмыстар 2020 жылғы 4-30 қараша аралығында ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына қабылданады: konkurscit@bk.ru (өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2020 жылы 30 қараша сағат 18.00-де тоқтатылады).                

Конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 10 желтоқсан күні Павлодар облысы білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=ru) және ақпараттық технологиялар орталығының (http://pvlcit.kz) сайттарында жарияланады.

 

Конкурс ережесі

Read more

Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсына қатысуға шақырамыз!

 

Құрметті қатысушылар!

Егер Сіз, өз еліңіздің патриоты болсаңыз, Тәуелсіздік күніне орай жерлестеріңізді құттықтап, ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерліктерін паш еткіңіз келсе, бұл конкурс Сізге арналған!

2020 жылғы 4 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі»облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсы жалпы орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында өткізіледі.

Ұйымдастырушылар: Павлодар облысының білім беру басқармасы, облыс білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы.

Конкурс мақсаты:Жас ұрпаққа 16 желтоқсан-Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.  Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында құттықтау, ізгі-тілектер жолдау.

Конкурс ереже жарияланған сәттен бастап қашықтықтан өткізіледі және конкурстың қорытындысы шығарылғанға дейін бір апта бұрын аяқталады.

Әдістемелік және техникалық талаптарға сәйкес рәсімделген өтінімдер мен конкурстық жұмыстар 2020 жылғы 4-30 қараша аралығында ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына қабылданады: konkurscit@bk.ru (өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2020 жылы 30 қараша сағат 18.00-де тоқтатылады).                

Конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 10 желтоқсан күні Павлодар облысы білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=ru) және ақпараттық технологиялар орталығының (http://pvlcit.kz) сайттарында жарияланады.

 

Конкурс ережесі>>>

Read more

Дүйсенбі, 12 Қазан 2020

Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2020

«Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсы

     Құрметті ұстаздар, егер сіз Ақпараттық технологиялар саласына ғылыми және практикалық қызығушылығыңызды дамытып, инновациялық және шығармашылық IT-идеяларды ілгерілетсеңіз, онда біздің қашықтық конкурс Сіз үшін!
      Сіздерді келесі бағыттар бойынша конкурсқа қатысуға шақырамыз:
1. Білім беру ұйымдарын басқарудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
2. Оқу процесін бағдарламалық қамтамсыз ету.
3. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданатын оқу-әдістемелік кешендер.
4. Білім беру ұйымдарының Web-сайттары.
5. Мобильдік қосымша.
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
- 2020 ж. 21 қыркүйектен 20 қарашаға дейін - іріктеу кезеңі, сырттай өткізіледі.
- 2020 ж. 23-27 қараша аралығында - ақтық (финал), қашықтан өткізіледі.
Әр кезеңнің нәтижелері Облыстық білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=kk) және ОАТО (http://pvlcit.kz)   сайттарында жарияланады.
Қосымша ақпаратты: http://pvlcit.kz/images/ikt2020.PDF және тел.:8 (7182) 625277 арқылы алуға болады.

 

photo 2020 09 23 17 49 39

Read more

Дүйсенбі, 15 Маусым 2020

Ең үздік интерактивті сабақтар

 Интерактивті жабдықтарды білім беру үдерісінде қолдану аясында педагогтардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру, белсенді және дарынды оқытушылардың үздік іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға қолдау көрсету мақсатында 2020 жылғы     3 ақпан мен 30 мамыр аралығында Павлодар облысы білім беру басқармасы мен Облыстық ақпараттық технологиялар орталығы облыс ұстаздары арасында «Үздік интерактивті сабақ» атты педагогикалық идеялар интернет-фестивалін өткізді.
Фестивальге жаратылыстану–математикалық пәндер, қоғамдық–гуманитарлық пәндер, бейіндік оқыту, бастауыш сыныптардағы оқыту, сабақтан тыс оқыту, мектепке дейінгі оқыту  бағыттары бойынша жұмыстар қабылданды.
Фестивальге оқу-тәрбие процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді енгізуші облыстың 54 оқытушысы қатысуға ниет білдірді. Бірақ, оның ішінде, Фестивальдің талаптарына сәйкес іріктеу нәтижесінде 17 жұмыс қабылданып, облыстық ақпараттық технологиялар орталығының (http:// pvlcit.kz) сайтында 2 мен 9 маусым аралығында пікірлер қалдыру үшін жарияланды. Фестивальдің қорытындысын шығару барысында сыни пікірлер ескерілді.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес «Жаратылыстану–математикалық пәндер» бағыты бойынша дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің математика пәні мұғалімі Елена Сергеевна Слепнёва 1 орын, Павлодар қаласының №17 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Махаббат Қасенқызы Ибраим,  Май ауданының Малайсары ЖОББМ  биология пәні мұғалімі Ардак Токтасыновна Койлыбаева, Павлодар қаласының № 26 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Марина Николаевна Литвинчук 2 орын иегерлері атанды.
«Бастауыш сыныптардағы оқыту» бағыты бойынша 1 орынды дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Карагоз Шакратовна Идрисова, 3 орынды Шарбақты ауданының Шегірен ЖНББМ бастауыш сынып мұғалімі Назгүл Омаровна Атик иеленді.
«Сабақтан тыс оқыту» бағыты бойынша 1 орынға Павлодар қаласының №7 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Айнур Алтынсариновна Сыздыкова, 3 орынға Шарбақты ауданының Жылыбұлақ ЖНББМ математика пәні мұғалімі Кульжанат Сагидулловна Мухамедярова, Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадина Оразхановна Жумабекова иеленді.
«Қоғамдық–гуманитарлық пәндер» бағыты бойынша 1 орын иегері - дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Гульмира Какимовна Игликова, 2 орын – дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының тарих пәні мұғалімі Елена Геннадьевна Таран, 3 орын - Павлодар қаласының № 26 ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анна Васильевна Резник.
Сонымен қатар, облыс білім беру басқармасының мадақтау грамотамасымен келесі жобалар марапатталды:
«Үміткер» номинациясы - Железин ауданы №2 ЖОББМ  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Екатерина Николаевна Дерунова.
«Жаңашыл» номинациясы - Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі Елена Егоровна Бознак.
«Іздемпаз» номинациясы - Шарбақты ауданы Шегірен ЖНББМ математика пәнінің мұғалімі Қайдар Аянагул және Аққулы ауданы Тлектес ЖОББМ ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі Зарина Файдрахмановна Авазова.
«Шығармашыл» номинациясы - Павлодар қаласы №21 ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Максим Иванович Шишлов.

 

 

 

 

1507

Read more

Дүйсенбі, 01 Маусым 2020

«Үздік интерактивті сабақ» жұмыстарын бағалауға қатыс!

    2020 жылғы 02 маусымнан 09 маусымға дейін сайтымыздың «АӘБ қызмет түрлері» тарауында «Үздік интерактивті сабақ» атты Интернет-фестивальға қатысушылардың жұмыстары еркін жүктеуге және танысуға қол жетімді. Тілек білдіргендер сайыс жұмыстарына өз пікірлерін қалдыра алады. Қазылар алқасы жұмыстарды бағалау барысында пікірлерді ескере отырады.

 

 

 

01062020 111

Read more

Бейсенбі, 28 Мамыр 2020

ҰББДҚ-ын толтыру бойынша оқыту онлайн семинары

     2020 жылдың 28 мамырында ҚР БҒМ жанындағы «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-мен бірлесе Ақпараттық технологиялар орталығы,  Павлодар облысы білім беру басқармасының мамандарының, білім бөлімдерінің және жалпы білім беру мектептерінің өкілдерінің қатысуымен, Ұлттық білім беру деректер қорын толтыру бойынша онлайн оқыту семинарларын өткізді.
Семинар барысында «Үйде компьютердің/өзге құрылғылардың болуы», «Үйде Интернетке кіру мүмкіндігінің болуы», «Оқулықтар саны, дана», «Қосымша және көркем әдебиеттер саны», контингентті қабылдау және шығару, деректер өзектілігі, сыныптан сыныпқа көшіру туралы, «Жарыстарға, сайыстарға және олимпиадаларға қатысуы», «Жазғы демалыс туралы мәлімет», сондай-ақ түлектердің көрсеткіштерін толтыру бойынша мәселелер қаралды. Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

 

28052020 1111

Read more

Сейсенбі, 12 Мамыр 2020

«Біз ұмытпаймыз...» облыстық бейнероликтер конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

I орын

Аққулы ауданының Потанин ЖОББМ

9 сынып оқушысы Жексен Әнел

Ақтоғай ауданының Қ.Ыдырысов атындағы ЖББМ

9 сынып оқушысы Камалиден Алибек

ІІ орын

Павлодар қаласының № 21 ЖОББМ

9 сынып оқушылары Картунов Богдан, Криволапов Данил

Май ауданының Көктөбе ЖОББМ

9 сынып оқушысы Абдраманова Асель

IІІ орын

Екібастұз қаласының № 18 ЖОББМ

11 сынып оқушысы Аманов Ербол

Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебінің

10 сынып оқушысы Уразалимова Сана

«Үміткер» номинациясы

Ақтоғай ауданының М. Қайырбаев атындағы ЖОМ

9 сынып оқушысы Боранбай Нурболат

Екібастұз қаласының № 13 ЖОББМ

9 сынып оқушысы Кутушева Алина

Павлодар қаласының № 13 ЖОББМ

9 сынып оқушысы Фатьянов Павел

Щарбақты ауданының №2 НЖББМ

9 сынып оқушылары Хорошун Вероника, Пицына Регина,

Слесаренко Милана

Read more

Сәрсенбі, 06 Мамыр 2020

«Біз ұмытпаймыз...» облыстық бейнероликтер конкурсы өз мәресіне жетті

   Ұлы Жеңіске 75 жыл (1941-1945)  аясында білім алушыларға Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс туралы тарихи естелікті сақтау, жастар мен өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және тарихи сауаттылықты арттыру, Ұлы Отан Соғысында ерлік көрсеткен Қазақстандықтардың істеріне деген құрмет,  ізгілік көрсету, оларды үлгі тұту мақсатында Облыс білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2020 жылғы 24 ақпан мен 30 сәуір аралығында «Біз ұмытпаймыз...» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсын өткізді. Конкурсқа Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары, Павлодар, Железин, Шарбақты, Май, Ақтоғай, Успен, Аққулы аудандарының және мамандандырылған мектеп оқушылары белсенді қатысты. Оқушылар қатал әскери уақыттың қиыншылығын өткерген, зұлым соғыста жеңіске жеткен бабаларымызға, ардагерлерімізге сыйластық пен мейрімділікті, өз жанұяларының тарихына және бабаларымыздың жеңісіне деген алғыстарын өздерінің жұмыстарында жеткізуге тырысты. Қазылар алқасына 49 әр түрлі және қызықты  жұмыстар арасынан жеңімпаздарды анықтау қиынға түсті. Бірақ өздерінің креативті идеяларымен және шығармашылық көзқарастарымен 10 бейнероликтердің авторлары ерекше көзге түсті:
   I дәрежелі диплом мен бағалы сыйлықтың иегерлері болып Ақтоғай ауданы Қ.Ыдырысов атындағы жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Алибек Камалиден және де Аққулы ауданының Потанин жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Әнел Жексен танылды.
   ІІ дәрежелі дипломға және де бағалы сыйлыққа Павлодар қаласының №21 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушылары Богдан Картунов мен Данил Криволапов және  Май ауданы Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Асель Абдраманова ие болды.
   IІІ дәрежелі дипломмен қоса бағалы сыйлыққа Екібастұз қаласы №18 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Ербол Аманов пен Павлодар қаласының №20 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Сана Уразалимова лайық деп атанды.
    Қазылар алқасының шешімімен 4 жұмыстың  авторлары Ақтоғай ауданының Махмет Қайырбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нурболат Боранбай; Шарбақты ауданы №2 негізгі жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушылары Вероника Хорошун, Регина Пицына, Милана Слесаренко; Екібастұз қаласының №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Алина Кутушева; Павлодар қаласы № 13 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Павел Фатьянов «Үміткер» номинациясына иеленіп, білім беру басқармасының грамоталарымен марапатталады.

 

photo 2020 05 06 14 24 11

Read more

Сейсенбі, 28 Сәуір 2020

Құрметті әріптестер!!!

     Сіздерге,  «Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар интернет-фестиваліне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі 2020 жылдың 30 мамырына дейін ұзартылатыны туралы хабарды жеткізуге  қуаныштымыз, оларды қарау және жариялау мерзімдері туралы қосымша хабарланатын болады.
Өтінімді конкурстық жұмыспен бірге электрондық түрде (https://forms.gle/dLSuqxqf5hYTx5MK8) немесе электрондық поштаға  metod_cit@mail.ru бере алатындарыңызды  ескертеміз.

Read more

Дүйсенбі, 27 Сәуір 2020

Тәжірибе алмасу

 Оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану саласында облыс мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибелерін тарату мақсатында Ақпараттық технологиялар орталығымен ай сайын YouTube каналында вебинарлар ұйымдастырылады.
24 сәуір күні Баянауыл ауданы Майқайың № 1 ЖОМ тарих мұғалімі Баян Рахымжановна Шокина мен Ақсу қаласының №4 ОМ география мұғалімі Гүлназ Абикеновна Гросс өз тәжірибелерімен бөлісті.
Баян Рахымжановна тарих сабағында электронды оқулықтарды, интерактивті тақта құралдарын және тағы да басқа құралдарды тиімді пайдалануға болатынын айтты. Ал Гүлназ Алибековна  QR-кодтарын қалай құру және оларды география сабағында қалай қолдану керектігін көрсетті.
Вебинарды https://www.youtube.com/watch?v=2SMXY_EqsD4 сілтемесі арқылы өтіп көре аласыздар.

 

 

123

Read more

Дүйсенбі, 20 Сәуір 2020

«ONLINE мектеп» бойынша онлайн тренингі

  

 Павлодар облысы білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы BilimMediaGroup компаниясымен бірлесе отырып ағымдағы жылдың 16-20 сәуірі аралығында «ONLINE мектеп» ресурсын қолдану бойынша онлайн тренингтер өткізді. Онлайн тренингте 800-ден астам мұғалімдер «ONLINE мектеп» ресурсының негізгі мүмкіндіктерімен танысты. Яғни:
*мұғалім белгілі бір тақырып бойынша өзінің тапсырмаларын беру мүмкіндігі (Word, Excel, PDF және т.б. файлдарды жүктеу арқылы);
*әр оқушының тапсырманы орындауын тексеру мүмкіндігі;
*оқушының видеотүсіндіруді көруді бастауын, жаттығуларды және тапсырмаларды орындауын бақылау мүмкіндігі;
*оқушының оқу үлгерімін бақылау – оқушы барлық жаттығулар мен тапсырмаларын қанша мүмкіндіктен кейін орындай алғанын;
*чат – оқушымен (мұғаліммен) жеке чат, белгілі бір пән бойынша ортақ чат.
«ONLINE мектеп» ресурсымен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз https://bilimland.kz/ru

 

photo 2020 04 20 17 00 25

Read more

Сәрсенбі, 26 Ақпан 2020

Ұлы Жеңіске 75 жыл (1941-1945) аясында «Біз ұмытпаймыз...» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсына қатысуға шақырамыз

   photo 2020 02 26 14 08 38

 

 

   

    2020 жылғы 24 ақпан мен 30 сәуір аралығында «Біз ұмытпаймыз...» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсы өткізіледі.
    Ұйымдастырушылары: Павлодар облысының білім беру басқармасы, облыс білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы.
     Конкурс мақсаты: білім алушыларға Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс туралы тарихи естелікті сақтау, жастар мен өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және тарихи сауаттылықты арттыру. Ұлы Отан Соғысында ерлік көрсеткен Қазақстандықтардың істеріне деген құрмет,  ізгілік көрсету, оларды үлгі тұту.
Конкурс ереже жарияланған сәттен бастап қашықтықтан өткізіледі және конкурстың қорытындысы шығарылғанға дейін бір апта бұрын аяқталады.
    Әдістемелік және техникалық талаптарға сәйкес рәсімделген өтінімдер мен конкурстық жұмыстар 2020 жылғы 24 ақпан мен 24 сәуір аралығында ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына қабылданады: konkurscit@bk.ru (өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2020 жылы 24 сәуір сағат 18.00-де тоқтатылады).                  
     Конкурстың қорытындысы  2020 жылғы  30 сәуір күні білім беру басқармасының (http://edupvl.kz)  және ОАТО (http://pvlcit.kz) сайттарында  жарияланады.  

 

Конкурс ережесі>>>

Read more

Сәрсенбі, 19 Ақпан 2020

Биология сабағында электронды білім беру ресурстарын қолдану

    Бүгінгі күні мұғалімге қолжетімді ақпараттық технологиялар құралдарының үлкен жиынтығы бар. Осындай оқыту құралдарын сабақта пайдалану туралы Железин ауданы Михайлов ЖОББМ биология және химия мұғалімі Лариса Николаевна Гайдар айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.
   Лариса Николаевна онлайн режимінде, облыс мұғалімдерінің назарына биология сабақтарында қолдануға болатын LearningApps түрлі интерактивті тапсырмалар, интерактивті электрондық  плакаттар, виртуалды зертханалар, 3D-модельдер және тағы басқа ең тиімді сандық және электрондық  ресурстарды ұсынды.
     Қазіргі заманғы оқу процесіне  өзін-өзі дамыту, тұлғаның белсенділігі негізінде құрылған оқытудың жаңа әдістері мен заманауи ақпараттық технологиялар енгізілуде; бұл технологиялар алынған білімді іс жүзінде қолдануға бағытталған; технологияларды қолдану басты құзыреттілікті барынша тиімді дамытуға мүмкіндік береді; технологиялар ынтымақтастықта жұмыс істеуге үйретеді; оқушы тұлғасының шығармашылық әлеуетін ашуға, дамытуға, іске асыруға мүмкіндік береді.
     Вебинардың жазбасын келесі сілтеме бойынша көре аласыз https://www.youtube.com/watch?v=oZD0tnXca3g

 

802202020

 

 

Read more

Ағылшын тілі сабағында АКТ қолдану

      Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қалай тиімді пайдалануға болады? Бұл сұраққа бүгін онлайн режимде ағылшын тілі мұғалімдері Қуан Нұржайна мен Илона Руслановна Бральгина жауап берді. Олар оқытуда жиі қолданылатын АКТ түрлерімен және оқушылардың ынталану деңгейін арттыру үшін оларды қолдану мүмкіндіктерін қарастырып, таныстырды.
   Қазіргі уақытта ағылшын тілінде еркін сөйлесе білу өте өзекті болып отыр, алайда мұғалім білім алушылардың жеткілікті дәрежеде ынталары жоқтығы сияқты мәселемен кездеседі.
   АКТ–ын қолдану оқушылардың ынта дәрежесінің жеткіліксіздігі мәселесін оңтайлы және қолжетімді шешеді.
   Педагогтар сабақ жоспарын жоспарлау және тіл үйренуді жетілдіру кезінде мұғалімдерге көмек көрсету үшін түрлі, сондай-ақ тиімді интернет-ресурстар тізімін ұсынды.
   Вебинардың жазбасын сілтеме арқылы өтіп көре аласыз https://www.youtube.com/watch?v=OTM7fuDDJ2s

 

19020202

 

 

 

Read more

Дүйсенбі, 10 Ақпан 2020

Облыстық «YOUNG PROGRAMMER» бағдарламалау бойынша олимпиада Сіздерді күтуде!

 

   Егер Сіздер Scratch  ортасында және Free Pascal, С++, Python тілдерінде бағдарламалай алсаңыздар, сонымен қатар робот жинау және SketchUp модельдеу дағдыларығыз болса, онда біздің Олимпиада Сіздерге арналған!

   Білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы жалпы білім беру мен мамандандырылған мектептердің 5-9 сынып оқушыларын 2020 жылғы 1 сәуір күні өтетін облыстық «YOUNG PROGRAMMER» бағдарламалау бойынша олимпиадаға қатысуға шақырады.

Сіздерді 4 бағыт бойынша қызықты тапсырмалар күтеді:
-5-7 сынып оқушылары арасында Scratch ортасында бағдарламалау;
- 8-9 сынып оқушылары арасында Free Pascal, С++, Python тілдерінде бағдарламалау;
-5-9 сынып оқушылары арасында LEGO MINDSTORMS робототехникасы;
-7-9 сынып оқушылары арасында SketchUp 3D-модельдеу.
Мектептің әр командасынан әр бағытта тек бір оқушы ғана қатысады, командада төрт оқушы.

Өтінімдер 2020 жылғы 10 ақпан мен 13 наурыз аралығында қабылданады. Өтінімді беруге үлгеріңіздер, орын саны шектеулі!

    Олимпиадаға қатысу үшін командаға өтінімді келесі сілтеме бойынша беру қажет https://forms.gle/Pehi3gqH7DUQwxAd7

 Қосымша ақпаратты келесі сілтеме http://pvlcit.kz/kz/a-b-yzmet-t-rleri/konkurstar  немесе 8-718-2-55-20-44 телефоны бойынша алуға болады.

 

Olimpiada rus

Read more

Жұма, 07 Ақпан 2020

SMART панельдің мүмкіндіктері

    Бүгінгі таңда қоғамды ақпараттандыру үдерісі белсенді дамуда. Сондықтан оқушының өміріне заманауи технологиялардың жетістіктерін енгізу қажеттігі күмән тудырмайды.
Сонымен қатар, АКТ-ны пайдалану оқыту үдерісін кез келген жастағы оқушы үшін интерактивті, динамикалық және қызықты етуге мүмкіндік береді.
Сабақта көптеген міндеттер мен тәжірибелік сәттерді іске асыруға мүмкіндік беретін АКТ құралдарының бірі интерактивті SMART панелі.
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің мұғалімі Елена Сергеевна Слепнева геометрия сабағында SMART панельді қолдану мүмкіндіктері туралы өз тәжірибесімен онлайн режимінде облыс мұғалімдерімен бөлісті.
Ол геометрия сабақтарында тиімді қолдануға болатын SMART панелінің бірқатар мүмкіндіктерін көрсетті, Geogebra, Whiteboard сияқты қосымшалармен таныстырды.
SMART панелі - сабақты қызықты және тартымды етуге мүмкіндік беретін құрылғы. Ол интуитивті деңгейде қимылмен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, саусақпен жанасуды танып, сонымен қатар мұғалім мен оқушының, оқушы мен оқушының арасындағы өзара қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасай отырып, бірнеше оқушыға бір уақытта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жоғары ажыратымдылығы бар және мультитач қолдайтын ск-эран.  
Осы тақырыптағы вебинарды сілтеме арқылы өтіп көре аласыз https://www.youtube.com/watch?v=gx1avhm6BCw

 

photo 2020 02 07 17 05 54

Read more

Жұма, 31 Қаңтар 2020

«Оқу – тәрбие үрдісін цифрландыру мектеп жұмысының нәтижелілігінің шарты ретінде»

    2020 жылдың 31 қаңтарында экологиялық бағыттағы №36 ЖОМ-да өткен мектептік педагогикалық кеңесте «Павлодар облысының білім беру жүйесін цифрландыру» тақырыбында электрондық оқыту жүйесі бөлімінің меңгерушісі Темиржан Тулеулыевич Султаналинов шақырылған қонақ ретінде баяндама жасады.
Баяндамада білім мен ғылымды цифрландыруды дамытудың үш бағыты көрсетілді, атап айтқанда, орта білім беру жүйесінде ақпараттандыруды дамыту, білім және ғылымды басқару процесін автоматтандыру, ІТ мамандарын даярлау. Аталған бағыттар бойынша облыстың, қаланың және осы ұйымның салыстырмалы деректері көрсетілді.
     Диалог барысында білім беру жүйесін цифрландыру бойынша, атап айтқанда ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ), электрондық журнал (Күнделік), 1 сыныпқа балаларды қабылдау (Сакура) және «бұлтты» бухгалтерия, контингенттің қозғалысын тоқтата тұру, электронды кітаптарды open.kz сайтынан жүктеу мүмкіндіктері, bilimland.kz -те барлық пәндердің мазмұны, сонымен қатар «Виртуалды шындық» бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету және курстардан өту туралы сұрақтарға жауаптар берілді.

 

photo_2020-01-31_17-31-11.jpg

Read more

Сейсенбі, 28 Қаңтар 2020

Жыл сайынғы интернет-фестиваль креативті педагогтарды біріктіреді

  

  Құрметті облыс педагогтары! Ақпараттық технологиялар орталығы
27 сәуір мен 22 мамыр аралығында өтетін
"Үздік интерактивті сабақ" интернет-фестиваліне  қатысуға шақырады.

    Ақпараттық технологиялар орталығы жыл сайын педагогикалық идеялардың интернет-фестивалін өткізеді және http://pvlcit.kz өз сайтында фестиваль алаңын ұйымдастырады.
    03.02-12.04 аралығында облыс педагогтары фестивалге қатысу үшін өтініш бере алады.
    Осы  жылы интернет-фестивалдің өткізілуіне кейбір өзгерістер енгізілді - өтінішті электронды форматта беруге болады және де  мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары үшін жеке бағыт ұйымдастырылған.
    Фестиваль білім беру жүйесінің заманауи талаптарына жауап беретін оқу үдерісін ұйымдастырудың озық педагогикалық тәжірибесін ұсынады.
     Интернет-фестивальдің барлық қатысушылары қатысушы сертификатын, ал үздік педагогтар – дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

 

photo 2020 01 28 10 08 20

 

photo 2020 01 28 15 31 49photo 2020 01 28 15 41 06

 

 

Read more

contacts blue_logocontacts blue_logologo moodle

1ea2afa36617949433c4a80a10f2440d

938EE369885C4C1B7E84E6C321AA197DBAFC8C33771B9D1EE1pimgpsh fullsize distr

nobd

 

reception
Виртуалды қабылдау
сұрақ - жауап

АНОНС

Prev Next

«The Best Mobile App – 2020» облыстық мобильді қосымшалар конкурсына қатысуға шақырамыз!

18-11-2020

  Құрметті қатысушылар! Егер де, Сіз, заман талабына сай өмір сүріп, мобильді қосымшаларды тұтынушылар қатарынан болсаңыз, бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу саласындағы өз...

Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсына қатысуға шақырамыз!

05-11-2020

  Құрметті қатысушылар! Егер Сіз, өз еліңіздің патриоты болсаңыз, Тәуелсіздік күніне орай жерлестеріңізді құттықтап, ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерліктерін паш еткіңіз келсе,...

Құрметті әріптестер!!!

28-04-2020

     Сіздерге,  «Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар интернет-фестиваліне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі 2020 жылдың 30 мамырына дейін ұзартылатыны туралы...

Пайдалы сілтемелер

wp

75b44b0e9c2e5d305fa323c6c51d3476 MВидеотека

 

123456789321

Фотогалерея

pvl2

 

Официальный сайт Президента Республики Казахстан

 

galim Акимат павлодарской области  pr Назарбаев   центр pvl Официальный сайт акимата города Павлодара  akimat

Акимат павлодарской области 

 

 

                       
gerb Министерство образования и науки Республики Казахстан egov Электронное правительство Республики Казахстан  edu Управление образования Павлодарской области  gglobal                      Вируальный проект  nish Интелектуальная школа Назарбаев  logo orleu