Желтоқсан 2018
Жұма, 21 Желтоқсан 2018
«The Best Mobile App – 2018» облыстық мобильді қосымшалар конкурсының жеңімпаздары
- Article Details
- Published on 21.12.2018 10:03
- Last update 21.12.2018 10:04
- Written by pavel
- Category Құрмет тақтасы
I орын
Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің оқушысы Давид Полищук
II орын
Павлодар қаласының №19 ЖОББМ оқушысы Мейірхат Тұрсынхан
III орын
Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Мирас Мнайдаров
«Үздік дизайн» номинациясы
«Зерде» мамандандырылған мектебінің оқушылары Ғалым Қабдулқақ, Алишер Саубенов
Облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатының оқушысы Бауыржан Амангелды
«Жас программист» номинациясы
Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары Ислам Жұмабек, Альберт Вильгельм
Железин ауданының №2 ЖОББМ оқушысы Адиль
Read more«The Best Mobile App – 2018» облыстық мобильді қосымшалар конкурсы
- Article Details
- Published on 21.12.2018 09:18
- Last update 21.12.2018 09:21
- Written by pavel
- Category Жаңалықтар
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу саласында инновациялық технологиялардың рөлін арттыру, мобильді платформалардың қосымшаларын бағдарламалау және дизайн саласында оқушылардың білімі мен қабілеттілік деңгейін арттыру мақсатында Павлодар облысы білім беру басқармасы мен облыстық ақпараттық технологиялар орталығы «The Best Mobile App – 2018» облыстық мобильді қосымшалар конкурсын ұйымдастырды.
2018 жылғы 1 қараша мен 7 желтоқсан аралығында жалпы білім беру және мамандандырылған мектеп оқушыларынан 13 өтінім қабылданды.
2018 жылғы 21 желтоқсан күні Ақпараттық технологиялар орталығында жас әзірлеушілер өз жобаларын қорғап, мобильді қосымшаларын таныстырды.
Қазылар алқасы конкурс талаптарына сәйкес жұмыстарды қарастырып, 3 жоба авторын жеңімпаз деп танып, 4 жоба авторы білім беру басқармасының грамоталарымен марапатталды, ал жетекшілеріне алғыс хаттар берілді:
I дәрежелі диплом иегері: Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің оқушысы Давид Полищук (жетекшісі Бакыт Абельдиновна Ахметова).
II дәрежелі диплом иегері: Павлодар қаласының №19 ЖОББМ оқушысы Мейірхат Тұрсынхан (жетекшісі Алмас Сансызбаевич Серикбаев).
III дәрежелі диплом иегері: Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Мирас Мнайдаров (жетекшілері Мирамгуль Сергужаевна Мнайдарова, Нургуль Куандыковна Абаильденова, Айдос Куанышбеков).
«Үздік дизайн» номинациясымен «Зерде» мамандандырылған мектебінің оқушылары Ғалым Қабдулқақ, Алишер Саубенов (жетекшісі Гульнар Магатовна Жумадилова) және облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатының оқушысы Бауыржан Амангелды (жетекшісі Каирбек Жумакаирович Касымов) белгіленді.
«Жас программист» номинациясымен Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары Ислам Жұмабек, Альберт Вильгельм (жетекшілері Гульмира Какимовна Игликова, Алмас Куанышбеков, Оркен Абылкасымовна Жакиенова) және Железин ауданының №2 ЖОББМ оқушысы Адиль Ханенко (жетекшісі Кунсулу Сеитовна Чужаева) марапатталды.
Бейсенбі, 13 Желтоқсан 2018
«Болашаққа бағдар» облыстық бейнероликтер конкурсы жеңімпаздарын марапаттау
- Article Details
- Published on 13.12.2018 03:32
- Last update 13.12.2018 03:34
- Written by rauana
- Category Жаңалықтар
2018 жылғы 12 желтоқсан күні Ақпараттық технологиялар орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Болашаққа бағдар» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Конкурс жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталды.
Жол сілтеп қараңғыда жанған шамдай,
Адаспас білім берген таңнан талмай,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Өсірген тал-шыбығын бағбандардай.
Мұғалім ардақты ат ұмытылмас,
Өзіме бала күннен үні сырлас.
Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан,
Арманның асқарына ұмтылған жас – дей келе, конкурс жеңімпаздарына қолдау көрсетіп, алға жетелеген ұстаздары да назарсыз қалмады. Орталық атынан қатысушылар жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.
Бойларында от бар екенің байқадық
Бойларында шоқ бар екенің байқадық
Жеңімпаздың саны жылдап көбейіп,
Дарындылар өсе берсін жайқалып
Талай шәкірт тәрбиелеген сендердей
Ұстаздардың аты затына сай халық! – деп, барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, биік белестерден көріне берулеріңізге тілектеспіз.
Конкурстың үздік жұмыстарын орталықтың YouTube каналынан қарай аласыздар: https://www.youtube.com/playlist?list=PLRhaX8j6Xnh1IoTwXBL0PPWUdxhyRDbkM
Дүйсенбі, 10 Желтоқсан 2018
«Болашаққа бағдар» облыстық бейнероликтер конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері
- Article Details
- Published on 10.12.2018 08:12
- Last update 10.12.2018 09:16
- Written by rauana
- Category Құрмет тақтасы
I орын
Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Адина Зарипова
Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Аяла Қайырбек
ІІ орын
Павлодар қаласының №34 ЖОББМ 10 сынып оқушысы
Салават Хисматулин
Павлодар қаласының №2 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Диас Казангапов
IІІ орын
Шарбақты ауданының Орловка ЖОББМ 10 сынып оқушысы
Владимир Черакшев
Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің 2 курс студенті Валентина Скворцова
«Жас режиссер» номинациясы
Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінің 1 курс студенті Айдана Нажмиден
Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінің 1 курс студенті Тимур Рахманов
Железин ауданының №2 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Татьяна Неклюдова
Ақсу қ. дарынды балаларға арналған гимназиясының 9 сынып оқушысы Амина Берденбекқызы
Жұма, 07 Желтоқсан 2018
«Болашаққа бағдар» облыстық бейнероликтер конкурсы өз мәресіне жетті
- Article Details
- Published on 07.12.2018 11:48
- Last update 10.12.2018 04:30
- Written by rauana
- Category Жаңалықтар
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және білім алушылардың Қазақстанның келешек экономикасы мен еңбек нарығына қажетті және сұранысқа ие болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауы үшін мамандықтарды зерделеудегі шығармашылық ыңғайын белсендендіру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық-мәнді кәсіптік бағдар қызметіне тарту мақсатында Облыс білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2017 жылғы 1 қараша мен 7 желтоқсан аралығында «Болашаққа бағдар» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсын өткізді. Конкурсқа Павлодар, Ақсу қалалары, Ақтоғай, Баянауыл, Май, Железин, Шарбақты аудандарының жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері белсенді қатысты. Оқушылар мен студенттер болашақ мамандықты таңдау барысында зор жауапкершілікпен қарайтындығын өз бейнероликтерінде көрсетуге тырысты. Қазылар алқасына 30 әр түрлі және қызықты жұмыстар арасында жеңімпаздарды анықтау қиынға түсті. Бірақ өздерінің креативті идеяларымен және шығармашылық көзқарастарымен 10 бейнероликтердің авторлары ерекше көзге түсті:
I дәрежелі диплом иегерлері дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушылары Адина Зарипова және Аяла Қайырбек атанды.
ІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының №34 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Салават Хисматулин және Павлодар қаласының №2 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Диас Казангапов марапатталды.
IІІ дәрежелі диплом иегерлері Шарбақты ауданының Орловка ЖОББМ 10 сынып оқушысы Владимир Черакшев және Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің 2 курс студенті Валентина Скворцова атанды.
Сонымен қатар «Жас режиссер» номинациясы бойынша білім беру басқармасының грамотасымен келесі қатысушылар белгіленді: Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінің 1 курс студенттері Айдана Нажмиден және Тимур Рахманов, Железин ауданының №2 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Татьяна Неклюдова және Ақсу қ. дарынды балаларға арналған гимназиясының 9 сынып оқушысы Амина Берденбекқызы.
Мамандық таңдау – келешектегі өмірімізді айқындайтын өте маңызды және жауапты қадам. Әр конкурс қатысушысына өзіне лайықты мамандықты таңдауға тілектеспіз.