Орталықтың қызметі
Мемлекеттік мекеме Павлодар облысы әкімдігінің 2006 жылғы 15 маусымдағы « Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру департаментінің «Ақпараттық технологиялар орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы №181/7 қаулысымен құрылды.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаты
1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар базасында Павлодар облысының мемлекеттік білім беру ұйымдарында бірыңғай ақпараттық жүйені құру болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Павлодар облысының мемлекеттік білім беру ұйымдарына электрондық оқытуды тиімді еңгізуді және дамытуды қамтамасыз ететін білім беруді ақпараттандыруды дамыту болып табылады.
3. Мақсатқа қол жеткізу үшін Мемлекеттік мекеме қызметінің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) Ақпараттық жүйелерге техникалық қызмет көрсету және қолданыстағы компьютерлік техника паркін жаңарту, орталықтандырылған базаларға жойылған қатынасты қамтамасыз ету және басқаруды жетілдіру жолымен Павлодар облысы білім беру басқармасында және білім беру ұйымдарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын, деректерді, байланыс және коммуникацияларды берудің желілерін құру және сүйемелдеу;
2) Оқытудың озық ақпараттық технологияларын, мультимедиялық және коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру;
3) Компьютерлендіру және жаңа ақпараттық технологияларды еңгізу проблемалары бойынша ғылыми – зерттеу, әдістемелік, жобалау еңгізу, жөндеу, өндірістік жұмыстарын үйлестіру;
4) Білімді бақылауды тестілеу әдістерін еңгізу, оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологияларын қолдану проблемалары, оқушылар арасында дистанциялық олимпиадаларды, зияткерлік сайыстарды, конкурстарды, ғылыми – тәжірибелік және оқу – әдістемелік функцияларды жүзеге асыру.
Орталықтың бөлімдері:
1.Ақпараттық -әдістемелік бөлімі
2.Желілік және бағдарламалық жасақтау бөлімі
3.Техникалық және сервистік қызмет көрсету бөлімі
4.Электрондық оқыту жүйесі бөлімі